- •Сезім және оның түрлері.
- •Беткей сезім дегеніміз не және оның зақымдану симптомдары.
- •Меншікті сезім және оның зақымдану симптомдары.
- •Ауырсыну және температура сезімінің өткізбе жолдарын сызыңыз.
- •Жұлын деңгейіндегі меншікті сезімнің орналасуы.
- •Стереогностық сезім («стерео» — кеңістік, «гно-зис» — тану) — заттарды көлемдік белгілеріне, яғни сСезімталдықтың күрделі түрлерін зерттеу.
- •16. Пирамида жүйесінің орталық және шеткері перифериялық нейроны.
- •19. Орталық және шеткілік салдарының белгілері.
- •17. Tractus cortıco-spınalıs сызыңыз
- •18.Tractus cortıco-nuclearıs сызыңыз.
- •1,Үш тармақты нерв: Зақымдану симптоматикасы- Зельдер аймақтары бойынша.
- •3,Бет нерві: анатомиясы-ядролары, негізгі қызметі
- •4,Бет нервісінің тармақтары, иннервациялайтын бұлшықеттері, қызметі
- •40Бет нерві (VII)
- •1. Мийяр-Гублер (алмасушы) айқасушы синдромы.
- •46Кезбе нерв (X)
- •2. Сырқатқа жаңылтпаш иемесе қиын сөздерді айтқызу арқылы оның дыбыс шығарып сөйлеу мүмкіндігін анықтайды.
- •49Қосымша нерв (XI)
- •50 Қосымша нервтін зақымдануы
Ауырсыну және температура сезімінің өткізбе жолдарын сызыңыз.
Жұлын деңгейіндегі меншікті сезімнің орналасуы.
Ми қыртысына сезімталдық импульстерін жеткізетін жолдар үш невроннан тұрады. Жалпы сезімталдықтың барлық түріне қатысты бірінші невронның клеткалары жұлын түйіні мен V, VI және X бассүйек ми нервтерінің астындағы түйіндеріне орна-ласқан. Түйіндердегі нерв клеткалары бір бұтақты псевдоуниполярлы болады да клетка денесіне жақындағанда екіге бөлінеді. Клетканың сыртқы тармағы (дендрит) сыртқы (шеткі) нерв жүйесі-нің құрамында рецепторларға келеді, ал орталық тармағы (аксон) артқы түбіршек арқылы жұлынға барады. Жұлында түрлі сезімділіктер жоғары қарай әр түрлі жолдармен өтеді (көтеріледі). Ауырсыну, температуралық және жартылай жанасу сезімталдық талшықтары жұлынның артқы мүйізіне кіреді де қабылданған им-пульс екінші невронға ауысады.
Екінші неврондардың клеткалары жұлынның артқы мүйізінде жатады да олардың аксондары сұр зат тұтастығының алдыңғы жағында әр сегменттің тұсында жұлынның қарсы жақ бүйірінен жұлын –көру төмпешігі жолын құрастырады. Бұдан әрі бұл жол жоғары қарай көтеріліп, ми бағанасы арқылы көру төмпешігіне жетеді де оның артқы ішіне қарай орналасқаи ядросында аяқталады.
Терең сезімталдықтың және жартылай жанасу сезімталдығы талшықтары жұлынға кірісімен оның артқы мүйізіне соқпай, артқы:: діңгекке қарай бағытталады. Жұлынның артқы діңгегінде аталғанталшықтар Голль және Бурдах будаларын (шоғырларын) құрастырады. Голль шоғыры дененің төменгі бөлігі мен аяқтағы, ал Бурдах шоғыры дененің жоғарғы бөлігіндегі импульстарды алып жүреді. Голль және Бурдах шоғырлары өз жағымен жоғары көтеріліп сопақша мида өздері аттас ядроларда тоғысады. Мұнда екінші невронның клеткалары бар. Екінші неврондардың аксондары төменгі олива деңгейінде айқасып, медиалдық тұзақ түрінде байланады да үстірт сезімталдық жолымен тоғысады және көру төмпешігінің артқы ішіндегі ядрода аяқталады. Медиалдық тұзақта терең сезімталдық өткізгіштері ортасына (ішіне) қарай, ал үстірт сезімділік өткізгіштері сыртьша қарай орналасады. Медиалдық тұзақтың өне бойында гипоталамус құры-лымдарына, торлы формацияға және бас-ми нервтерінің ядрола-рына бағытталған қосымшалар шығады. Көру төмпешігі сезімталдықтың барлық түрлеріне тән коллектор болғандықтан, секреция және ми қан тамырлары жүйелерімен көптеген байланыстары арқасында шартты рефлекстердің іске қосылуында алатын орны ерекше. Көру төмпешігінің артқы ішіндегі ядрода жалпы сезімталдықтың барлық түрлерінің үшінші неврондарының клеткалары бар. Олардьщ аксондары көру төмпешігі — ми қыртысы шоғырына айналады. Бұл шоғыр ішкі капсуланын артқы бөлігінен өтіп, сәулелі шеңбер тәрізденіп (согопа гасііаіа) ми қыртысының самай бөлігіне, көбіне артқы орталық ирелеңіне (1, 2, 3, 5, 7 полялар) бағыт алады. Осы тұста ми қыртысының екінші және төртінші қабаттарына (сыртқы және ішкі бүртікті қабаттар) орналасқан ми қыртысы клеткаларында барлық сезімділік жолдары аяқталады. Сезімталдық жолдарының әрқайсысы бір реттен айқаса өтетіндіктен олар дененің оң немесе сол жағын ми жарты шарларының қарама-қарсы жартысымен байланыстырады. Дененің жарты бөлігі мидың артқы орталық ирелеңіне төңкеріліл қабылданады.
6. Ауырсыну
Жергілікті – ауырсыну тітіркенгіші орналасқан аймақта кездеседі
Проекциалық – ауырсыну тітіркендіргіш аймағына сай емес
Иррадиациалық – ауырсыну патологиялық процесс орналасқан бір нерв тармағынан басталып басқа нерв тармағына беріледі
Шағылысқан – ішкі ағзалар ауруларында кездеседі
Перифериялық нерв жүйесі аурулары кезіндегі ауырсыну көбіне активті қимыл-қозғалыс кезінде байқалады-бұл нерв бағандарының созылуы кезінде болады, оны тартылу симптомы деп атайды, олардың түрлері Парестезия — денеде өздігімен бірнәрсе өрмелегендей, ұйу сезімінің пайда болуы .
Анестезия – Сезімталдықтың жоқтығы.
Гипестезия – Сезімталдықтың төмендеуі.
Гиперестезия – берілетін тітіркенгіш өте қатты сезіледі.
Дизестезия – сезімтал стимулдарды бұрмаланған түрде қабылдау: укол суық сезімі тәрізді қабылданады
Аллохейрия – ауырсыну тітіркендіргіш орналасқан жерде емес оған қарама-қарсы симметриялық аймақта орналасады .
Полиэстезия –бір тітіркенудің көп болып сезінуі.
7.Зақымданған жұлын түбірлері мен нерв бағандарын созғылау ауырсынудың пайда болуына немесе оның күшеюіне ықпал жасайды. Осыған байланысты ауырсыну белгілерін анықтау үшін созу әдістері пайдаланылады
Ласег симптомы. Шалқасынан жатқан сырқаттың созылып жатқан аяғын өкшесінен ұстап жоғары көтерген кезде белі мен аяғы шоңданай нерві бойымен сыздап ауырады және аяқты созатын бұлшық еттер ширығып қатаяды (бірінші фаза). Осы белгіні айқындай түсу үшін сырқаттың құрсақ маңайын ауырсыну білінген сәтте қолмен сипап байқағанда осы тұстағы бұлшық еттердің ширатыла қатайғаны сезіледі. Мұны Венгеров симптомы деп атайды. Аяқты қылтасынан қайта игенде шонданай нерві босап, қайта өз қалпына келгендіктен ауырсыну сезілмейді (екінші фаза).
Нери симптомы. Шалқасынан жатқан сырқаттың басын дәрігер колымен иіп қозғаса бел-сегізкөз тұсы сырқырап ауырады.
Ласег симптомына қарама-қайшы немесе Бехтерев симптомы. Сырқаттың сау аяғын жазылған күйінде жоғары көтерсе, қарама-қарсы аяқта және бел-сегіз көз аймағында ауырсыну білінеді.
Штрюмпель-Мацкевич симптомы. Етпетінен жатқан сыр-каттың аяғын қылтасынан бүккен сәтте санның алдыңғы тұсынан ауырсыну білінеді.
Вассерман симптомы. Етпетінен жатқан сырқаттың аяғын мүмкіндігінше жазып байқағанда санның алдыңғы жағынан ауыр- сыну білінеді.
Сикар симптомы. Аяқтың ұшын шұғыл бүккенде шонданай нерві бойы ауырсыну білінеді.
Бонн симптомы. Аяқтың жамбас-сан және тізе буынын иілген бойы бүгу арқылы бел тұсында және шонданай нерві өтетін тұстарда ауырсыну білінеді.
Турын симптомы — аяқ ұшының үлкен бақайын шұғыл созған кезде балтыр бұлшық етінің ауырсынуы.
Брагард симптомы — жамбас-сан буыны бүгілген, тізе буы-нында созылған аяқтың ұшын жазғанда, яғни Ласег симптомын анықтау кезінде ауырсынудың күшеюі. Осыған ұқсас белгілерді мойын-кеуде радикулитына байланысты қолды қайыру арқылы аңғаруға болады.
Френц симптомы. Еңкейген басты қарама-қарсы жағына ұрса мойында, иықтың үстіңгі жағында және қолда ауырсыну күшейе түседі. Түшкіргенде, жөтелгенде және басты қарама-қарсы жағына бұрғанда ауырсыну күшейеді. Созылып тұрған қолды артқа қарай бұрып, шұғыл көтеріп қалғанда ауырсыну күшейеді. Бұл симптом аяқта тексерілетін Ласег симптомына үйлеседі.
8-9-10 Перифериялық невралды – нерв зақымдалған кезде кездеседі. Бұл кезде зақымдалған нерв инервациялайтын зонада сезімталдықтың бүкіл түрі бұзылады.
Перифериялық полиневралды – симметриялы түрде көптеген нервтер зақымдалған кезде-полиневриттер немесе полинейропатия кезінде кездеседі. Сезімталдықтың бүкіл түрі аяқ пен қолдың дисталды бөліктерінде бұзылады «перчатки» және «носки» түрінде.
Перифериялық түбірлік — дерматомаға сәйкес аймақта сезімталдықтың бүкіл түрінің бұзылуы (артқы түбірлер зақымдалған кезде).
Спиналды-сегментарлы – жұлынның артқы мүйізі немесе алдыңғы сұр спайка зақымдалған кезде пайда болады – бұл кезде сәйкес дерматомда ауырсыну мен температуралы сезімталдық жоғалып, тактилды және терең сезімталдық сақталады.
Спиналды-өткізгіш – жұлынның артқы және бүйір бағандары зақымдалған кезде дамиды (немесе екеуі бірдей зақымдалса). Бұл кезде қай өткізгіш жолы зақымдалуына байланысты сезімталдық түрі бұзылады. Сезімталдықтың бұзылуы зақымдалған жерден төмен орналасады.
Церебралды-өткізгіш– көбіне ішкі капсуланың артқы саны зақымдалғанда дамиды. Бұл кезде сезімталдықтың бүкіл түрі қарсы жақта зақымдалады – гемитип, гемианестезия.
Церебралды-қыртысты – төбе бөліктің орталықтан кейінгі иірімде. Егерде ошақ орталықтан кейінгі иірімнің жоғарғы бөлігінде орналаса, онда сезімталдықтың бүкіл түрі қарсы аяқта бұзылады, ал егерде сол иірімнің ортаңғы бөлігінде орналаса , онда сезімталдық қарсы жақ қолда бұзылады.
11-сұрақ
жауабы
12 сұрақ жауабы
13 сұрақ жауабы
14 сұрақ жауабы
Сезімталдықтың күрделі түрлеріне мына төмендегілер жатады: дискриминациялық сезімділік — теріде немесе кілегей қабықтарда екі жеке нүктені ажырата білу;
қос өлшемді кеңістіктік сезім терідегі суретті ажырата білу;
