- •Сезім және оның түрлері.
- •Беткей сезім дегеніміз не және оның зақымдану симптомдары.
- •Меншікті сезім және оның зақымдану симптомдары.
- •Ауырсыну және температура сезімінің өткізбе жолдарын сызыңыз.
- •Жұлын деңгейіндегі меншікті сезімнің орналасуы.
- •Стереогностық сезім («стерео» — кеңістік, «гно-зис» — тану) — заттарды көлемдік белгілеріне, яғни сСезімталдықтың күрделі түрлерін зерттеу.
- •16. Пирамида жүйесінің орталық және шеткері перифериялық нейроны.
- •19. Орталық және шеткілік салдарының белгілері.
- •17. Tractus cortıco-spınalıs сызыңыз
- •18.Tractus cortıco-nuclearıs сызыңыз.
- •1,Үш тармақты нерв: Зақымдану симптоматикасы- Зельдер аймақтары бойынша.
- •3,Бет нерві: анатомиясы-ядролары, негізгі қызметі
- •4,Бет нервісінің тармақтары, иннервациялайтын бұлшықеттері, қызметі
- •40Бет нерві (VII)
- •1. Мийяр-Гублер (алмасушы) айқасушы синдромы.
- •46Кезбе нерв (X)
- •2. Сырқатқа жаңылтпаш иемесе қиын сөздерді айтқызу арқылы оның дыбыс шығарып сөйлеу мүмкіндігін анықтайды.
- •49Қосымша нерв (XI)
- •50 Қосымша нервтін зақымдануы
50 Қосымша нервтін зақымдануы
Қосымша нерв немесе оның ядросы бір жағынан зақымданса, басты немесе мойынды сау жағына қарай қимылдату бұру қиындайды. Зақымданған жағындағы жауырыны төмен түсіп, иығы салбырап қалады.
Қосымша нервтің орталық невроны тітіркенсе, бас зақымданған жаққа бұрылып дірілдейді, мойыны қисаяды, басы изеңдейді. Ми нервтерінің сопақша мидағы қимылдатқыш ядролары екі жағынан бірдей зақымданса булъбар синдромы пайда болады. Таңдай, көмей және жұтқыншақ бұлшық еттері қимылдамай қалады, маңқаланып сөйлейді (назолалия), дыбысы ақырындайды (гипо-фония), немесе үні шықпай қалады (афония), жұтынуы қиындайды (дисфагия), жұтыну рефлексі төмендейді немесе жоғалады, тілдің бұлшық еттері семіп қалады (атрофия) және олардың талшықтары жыбырлап дірілдейді.
Сопақша ми нервтерінің орталық қимылдатқыш неврондары зақымданса жалған бульбар (псевдобульбар) синдромы пайда болады. Мұндай жағдайда бульбар синдромдары қайталанады. Оданерекшелігі — тілдің еті солмайды, талшықтары жыбырлап дірілдемейді, сырқат өздігінен қиналып күлгендей немесе жылағандай болады. Ауыз маңайын немесе мұрын қырын тітіркендірсе калыпты жағдайда кездеспейтін оральдық автоматизм рефлекстері білінеді. Сопақша мидың қақпақшасы зақымданғанда тіл-жұтқыншақ және кезбе нервтер ядролары, үшкіл нервтің төменгі жолының ядросы және жұлын-көру төмпешігі шоғыры қоса зақымдануы мүмкін.
Мұндай жағдайда Валенберг-Захарченко айқасу синдромы пайда болады. Зақымданған жақта жұмсақ таңдай салбырайды, дауыс жалғамасы қимылдамайды, кішкентай тіл сау жағына қисаяды, гипофония, назолалия және дисфагия білінеді, жүтқын-шақ рефлекс жойылады, бетте ауырсыну және температура сезімділігі бәсендейді, ал қарама-қарсы жағында гемигипалгезия және геми-термогапестезия білінеді.
Сопақша мидың артқы төменгі бөлімі зақымданғанда оған қо-сымша қимыл және сезімділік өткізгіштері, сонымен қоса мишық-тың төменгі аяқшасы да зақымдануы мүмкін. Мүндай жағдайда Бабинский—Нажотт айқасу синдромы кездеседі.
Зақымданған жағында мишық қызметі бұзылады (гемиатаксия, гемиасинергия, латеропульсия), қарама-қарсы жағында сіреспе гемиплегия көрініс береді.
Сопақша мидың төменгі бөлігінің түкпіріндегі құрылымдар зақымданғанда тіл-жұтқыншақ, кезбе және қосымша нерв талшық-тары да зақымданады.
Сол себепті зақымданған жағында жұмсақ жұтқыншақ салбырап қалады, дауыс жалғамасы қозғалмайды, төс-бұғана-емізіктік және трапеция тәрізді бұлшық еттер семіп сал болып қалады, ал қарама-қарсы жағында сіреспе гемиплегия байқалып, Шмидт синдромын кұрастырады.
Сопақша мидың ортаңғы бөлігіндегі екі жақтық ядро тұсы тіл-жұтқыншақ және кезбе нерв ядролары мен пирамида жолының талшықтары қоса зақымданса Авеллис синдромы пайда болады да зақымданған жағында жұмсақ таңдай мен дауыс жалғамасы қозғалмайды, ал қарама-қарсы жағында сіреспе гемипарез немесе гемиплегия байқалады.
Сопақша мидың астыңғы ұшы бөлігі тіласты нерві пирамида жолымен қатар зақымданғанда Джексон синдромы пайда болады да зақымданған жағында тілдің жартысы семіп қозғалмай қалады, ал қарама-қарсы жағында гемипарез немесе гемиплегия белгілері болады.
