Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Antaev-Zh-T-Ekonomikalyk-teoriynyn-aspektileri.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

2. Экономиканың зерттеу әдістері

ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМЫН ТАНУ ӘДІСТЕРІ

Экстраполяция

Болашаққа бағытталған айқын үрдістер негізінде жасалған экономикалық өркендеу болжамы

Индукция

Көптеген фактілерді зерттеу негізінде жалпылай нәтижелер (қорытынды) шығару

Дедукция

Жалпы ережелер негізінде жеке-дара нәтижелерге жету

Гипотеза (болжам)

Алдын ала тексерілмеген қағида

1.1.3-сызба. Экономика ғылымын тану әдістері.

Басқа ғылымдар сияқты, экономикалык теория зерттеу барысында түрлі әдістер мен құралдарды қолданады. 1.1.3-сызбада көрсетілген.

Әдіс -таным тәсілі. Әдістер жалпы және жеке (өзіндік) болады. Жалпы әдістерге - абстракция әдісі, талдау, синтез, индукция, дедукция, жорамал, эксперимент, жүйелі талдау, т. б.; жеке (өзіндік) әдістерге - экономикалық-математикалық модельдеу, экстраполяция, баланстық, функционалдық, т.с.с. әдістер жатады. Экономистің негізгі құралы теория мен байқау болып табылады.

ҒЫЛЫМИ АБСТРАКЦИЯ ӘДІСТЕРІ

1.1.4-сызба. Ғылыми абстракцияның әдістері.

Экономикалық теория шектеулі ресурстар әлеміндегі адам қажеттіліктерін қанағаттандыру әдістерін зерттейді.

Қажеттілік мәдениет дамуы мен жеке тұлға деңгейіне сәйкес ерекше нысанды қабылдаған саналы мұқтаждық ретінде анықталады. Экономикалық әдебиеттерде (Маслоу) адамдардың қажеттілігін 5 деңгейге бөліп қарастырған.

1.Физиологиялық қажеттіліктер.Олар адам организмінің тамаққа, суға, жылуға, ұйқыға деген қажеттіліктері.

2.Өзіне физиологиялық және психологиялық факторларды кіргізетін қауіпсіздіктегі қажеттілік. Адам денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтап қалу үшін жарақаттанудан қашық болуға тырысады. Адам қауіпсіздікте және жинағының сақталуында психологиялық қажеттілікті сезеді. Қажеттіліктің осы түрі адамдарды өрттен сақтану келісімдерін жасауға немесе өзінің ақшасын банкте сақтауға итермелейді.

3.Әлеуметтік топқа жату қажеттілігі. Адам басқалардың жағынан достық қатынасты қажетсінеді және белгілі әлеуметтік топқа жатуға тырысады.

4.Сыйластық қажеттілігі өзіне өзіндік құндылық сезімінде,сыйласу және топтың басқа мүшелерінің жағынан қадірін арту қажеттілігін енгізеді.Көптеген басқарушылардың іс-әрекеттерінің себебі болып дәл осы қажеттілікті қанағаттандыруға тырысу табылады.

5.Өзін таныту қажеттілігі-өзінің мүмкіндіктерін толық көрсету,ол адамның оған деген басқалардың көзқарастарына қарамай өзімен - өзі болуға ұмтылу.

1.1.5-сызба. Маслоудың қажеттіліктер пирамидасы.