Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Antaev-Zh-T-Ekonomikalyk-teoriynyn-aspektileri.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

3.Салық және оның мәні, қағидалары

Нарықты экономиканы реттеудің ең тиімді нысаны салықтар болып табылады. Салық – заңмен белгіленген тәртіп пен шарттарға сәйкес жеке және заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін міндетті төлемдері. Салық салу табысты реттеу мен мемлекеттің қаржыларын толықтыру тәсілі. Мемлекетте түсетін салықтардың және басқа да төлемдердің жиынтығы және олардың құрылуының формалары мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесі деп аталады.

Салық жүйесінің элементтері:

  1. Салық субъектісі – заң бойынша салық төлеу міндетті адам. Бірақ, салықтың ауыртпашылығы бағалар механизмі арқылы басқа тұлғаға жіктелуі мүмкін, сондықтан арнайы салық төлеу қызметін атқарушы тұлға белгіленеді.

  2. Салық объектісі – салықтың есебі неге жүргізіледі (жалақы, пайда, құнды қағаздар, жылжымайтын мүлік).

  3. Салықтың көзі – салық неден төленеді.

  4. Салық ставкасы – салық салыну бірлігіне келетін салықтың көлемі.

  5. Салық жеңілдіктері.

Салық қызметтері:

  • Фискальды (тіркелген) немесе жұмылдыру қызметі. Салық түсімі арқылы алынатын қаражаттар мемлекеттің саяси-шаруашылық қызметін атқарудың қаржы негізі болып табылады.

  • Бөлу қызметі. Салық механизм арқылы мемлекеттік бюджетке жалпы ұлттық өнімнің көп бөлігі жұмылдыруда болады. Салық арқылы мемлекет әскери, әлеуметтік бағдармаларды қаржыландырады. Салық мемлекетке қаржыны әртүрлі топтардың арасында территория, облыс, аудандар бойынша барынша біркелкі бөлуге мүмкіндік береді.

  • Реттеуші қызметі, мемлекет салықтың көмегімен тұтыну және қорлану арасындағы пропорцияны реттейді. Салықтар дағдарыстық құбылыстарды жоюға, нарық конъюнктурасына әсер етуге, экономиканы тұрақтандыруға пайдаланады.

  • Ынталандыру қызметі, мемлекет өндіріс пен техникалық прогресті дамыту үшін әртүрлі ынталандыру шараларын жүзеге асырады.

  • Бақылап-есептеу қызметі, мұнда кәсіпорын мен тұрғындар топтарының, қаржы қоры көлемінің табысын есептеуді жүзеге асырады.

Салық жүйесінің принциптері:

  1. Салық барлық игіліктерге пропорциональды түрде қоғам мүддесіне сай болуы.

  2. Салық табыс мөлшері мен әл - ауқаттылық деңгейіне тәуелді болуы.

  3. Жеке тұлға төлейтін салық міндетті түрде айқын болуы керек. Салық төлеу мерзімі, төлем тәсілі, сомасы - барлығы анық, ашық болуы.

  4. Белгілі бір мерзімде салықтың түрлері мен мөлшермесі тұрақты болуы.

  5. Табысты жасырғаны үшін салық төлеуші әкімшілік және қаржылық жауапкершілік міндеттемесін білуі қажет.

Салық салу жүйесінде формасы және өндіріп алу көздеріне байланысты салықтың бірнеше түрлері бар.

Салық сипаты тұрғысынан:

  • Тікелей салықтар. Олар мемлекет тарапынан тікелей кәсіпорындар тұрғындар табысынан алынады. Тікелей салықтар төлем қабілеттілігіне тікелей пропорционалды болады. Осы салықтың түрлеріне – пайдадан, табыстан, жылжымайтын мүліктен, құнды қағаздар операциясынан, жалақыдан т.б. алынған салықтар жатады.

  • Жанама салықтар – мемлекет тікелей емес, баға арқылы айналдыра отырып алады. Бұл белгілі тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар. Жанама салықтар бағаға үстеме жасалып алынады. Оған – акциздер, кеден баж салығы, қосымша құнға салынған салық жатады.

Бюджет деңгейіне байланысты салықтар бөлінеді:

  • Жалпы мемлекеттік салықтар. Олар мемлееттік бюджетті реттеудің қайнар көзі саналады. Жалпы - мемлекеттік салыққа жататындар: заңды және жеке тұлғалардың айлығынан (табысынан) салық; қосымша құн салығы; акциздер; құнды қағаздар операциясынан салық; арнайы төлемдер мен жер байлығын пайдаланғандар салығы.

  • Жергілікті салықтар жергілікті бюджет табысының негізгі көзі болып табылады. Жергілікті салық пен алымға жататындар: заңды және жеке тұлғалар мүлкінің салығы; көлік, құрал-жабдық салығы; кәсіпкерлікпен айналысатын заңды және жеке тұлғаларды тіркеудегі алым; қызметтің кейбір түрімен айналысуға құқылы адамдардан алым; аукцион сатылымынан алым.

Салық өсімі (салық салу бірлігіне деген мөлшер, %) арқылы салықтар бөлінеді:

  • Тұрақты салық табыстар көлемінің мөлшеріне байланысты емес, салым бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді.

  • Регрессивтік салық, яғни табыс өскен сайын салық мөлшерлемесі төмендейді. Регрессивтік салық үлкен табыстары барларға пайдалы.

  • Пропорциональды салық. Табыс өзгерсе де салық өсімінің мөлшері тұрақты болып қалады (қосымша құн салығы - 16%).

  • Прогрессивтік салық. Мұның мағынасы – табыстың өсуіне қарай салық өсімінің мөлшері өседі. Мысалы, Қазақстандағы жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы. Прогрессивтік салық үлкен табыстары барларға тиімсіз.

Табысқа салынатын жоғары салық кәсіпкердің белсенділігінің төмендеуіне, басқа да жағымсыз факторларға әкеледі. Осы проблемаларды американ экономисі Артур Лаффер 80-шы жылдардың басында зерттеп келесі қорытындыға келді: табыс салығы өсімінің жоғары болуы қай бір елде болмасын оның өндірісінің тоқырауына, инфляция деңгейінің тереңдеуіне және халық байлығының төмендеуіне әкеледі. А.Лаффер салықтардың бюджетке түсуі және оның мөлшері арасындағы тәуелділікті зерттеген. Графиктегі мұндай көріністі «Лаффер қисығы» деп атайды.

Лаффер қисығы салық мөлшерімен келіп түсетін салық көлемінің арасындағы байланысты көрсететін қисығы. Корпорациялардың табыстарына салық мөлшерінің тым көп өсуі олардың капиталдық салымдар жасауға ынтасын жоққа шығарады, экономикалық өсуді төмендетеді. Соның нәтижесінде мемлекет бюджетінің түсімі азаяды. Осы қисық көмегімен келіп түсетін салық көлемдерінің сомасының ең жоғары деңгейде болатын салықтың мөлшерің анықтауға болады. Артур Лаффер ойы бойынша, табыс салығы 50% асқанда фирмалар мен адамдардың іскерлік белсенділікгі төмендейді.

3.4.1-сызба. Лаффер қисығы.

Егерде салық өсімі О –ден 100% -ке көтерілсе, онда салық болмайды. Салық түсімі максималды деңгейге 50% (М-нүктесінде) көтеріліп, онан соң 0-ге дейін төмендейді. Салық түсімі LN шартты нүктесінде тепе-тең, бірақ L-нүктесіндегі өсімнің төмен дейгейін құптауға болады, ал N-нүктесіндегі түсім жайсыз жағдайдың көрінісі.