Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
с.а..docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
72 Кб
Скачать
☆

Науқастарды оқыту

ҚД ауруларын оқыту емдеу үдерісінің бірлестірілген компоненті болып табылады. Ол терапевтік мақсатқа жетуде маңызды орын алатын білім мен дағдылармен қамтамасыз етуі тиіс. ҚД ауруларын оқыту шаралары ауру айқындалған уақыттан бүкіл емдеу кезінде жүргізілу керек.

Оқытудың мақсаты мен тапсырмалары науқастың жағдайына сәйкес нақтыланған болуы керек. Оқыту үшін 1-типті ҚД науқасы мен/немесе оның отбасына бағытталып, арнайы құрылымданған бағдарламалар қолданылады (помпалы инсулинотерапияны қоса алғанда).Оқыту жекелей, сонымен қатар топтық құрамда өткізілуі мүмкін. Топтағы аурулар саны – 5-7. Топтық оқыту бөлек орынды, тыныштықты және жарықты талап етеді.

Диабет мектебі емханалар, стационарлар мен кеңес беру-диагностикалық орталықтарына аймақтар әдісі бойынша құрылады. Әрбір эндокринологиялық бөлімде 1 мектеп құрылады.

Ауруларды оқыту арнайы дайындалған медицина қызметкерлерімен эндокринологпен (диабетолог), медбикемен өткізіледі.

Инсулинотерапия. Бұл инсулиннің абсолютті жеткіліксіздік жағдайында қант диабетінің I типінің емінің жалғыз әдісі. Ресейде тек гендік-инженерлік инсулин және адам инсулинінің аналогы қолданылады.

Инсулин дәрігерлері мен оның туындыларының фармакокинетикасы

Инсулин

Препарат

Әсерінің басталу уақыты

Әсер ету шыңы

Әсер ету ұзақтығы

Ультрақысқа әсерлі

ЛизПро (Хумалог) Аспарт (Новорапид)

15 мин

0,5–2 сағ

3–4 сағ

Қысқа әсерлі

Актрапид HM Хумулин R Инсуман Рапид

30 мин

1–3 сағ

6–8 сағ

Әсер ету ұзақтығы орташа

Протафан HM

1,5 сағ

4–12 сағ

24 сағ

Хумулин NPH

1 сағ

2–8 сағ

18–20 сағ

Инсуман Базал

1 сағ

3–4 сағ

11 – 20 сағ

Ұзақ әсерлі

Гларгин (Лантус)

1 сағ

24 сағ

Детемир (Левемир)

3–4 сағ

24 сағ

1. Ультрақысқа әсерлі (лизпро, аспарт).

2. Қысқа әсерлі (адамның қарапайым инсулині).

3. Әсер етуі орташа (бейтарап Хагедорн протаминіндегі инсулиндер).

4. Ұзақ әсерлі (гларгин, детемир).

5. Әсер ету ұзақтығы әртүрлі инсулин қоспалары (Новомикс-30, Хумулин-М3, Хумалог-Микс-25).

Инсулинді енгізудегі тиімді құралдар

  • Инсулинді шприцтер, 100ЕД/мл - 100 ЕД/мл

  • Инсулинді қалам-шприцтер - Қадам сайын 1 немесе 0,5 ЕД/мл

  • Қолдануға дайын (алдын-ала инсулинмен толтырылған немесе ауыстырмалы инсулинді катридждермен)

  • Инсулинді помпалар (инсулиннің өзімен алып жүретін дозаторлары) Үнемі глюкозаның деңгейін мониторинглеу функциясы бар инсулиннің теріасты инфузиясының құралыИнсулин помпалары инсулинді егудің ең бір заманауи құралы болып табылады

Инсулин мөлшері

• Әр науқаста инсулинге қажеттілік және әртүрлі әрекет ету ұзақтығы жекелеген.

• Алғашқы 1-2 жылда инсулинге қажеттілік орта есеппен дене массасының 0,5-06 ЕД/кг көлемінде болады;

• Диабет басталғаннан 5 жылдан соң науқастардың көбінде инсулинге қажеттілік 1ЕД/кг дейін көтеріледі, ал жыныстық жетілу кезеңінде ол 1,2–1,5 ЕД/кг дейін жетуі мүмкін.

Ультрақысқа әсерлі инсулиндер [лизпро (Хумалог), аспарт (Новорапид)] инсулин туындылары болып табылады. Бұл дәрілердің артықшылығы егуден кейін қант деңгейін төмендететін әсерінің жылдам (15 минуттан кейін) болуында, бұл егуді тамақтың алдында немесе бірден тамақтан кейін орындауға мүмкіндік береді және әсерінің қысқалығы (3 сағаттан аз) гипогликемияның даму қаупін төмендетеді. Қысқа мерзімді дәрілер (қарапайым инсулин, инсулин-реттеуші) 100 Б/мл концентрациядағы инсулині бар ерітінділер. Қарапайым инсулинді егу тамаққа дейін 30 минут ерте жасалынады, әсер ету ұзақтығы 4–6 сағатқа созылады. Ультрақысқа және қысқа әсерлі инсулиндер тері астына, бұлшықетке және көктамырға енгізіледі.

Әсер ету ұзақтығы орташа инсулиндердің ішінде жиі бейтарап Хагедорн протамині (НПХ) қосылған дәрілік заттар қолданылады. НПХ коваленттсіз инсулинді адсорбциялайтын, оның тері асты депосынан сіңірілуін тежейтін ақуыз болып табылады. НПХ инсулинінің әсер ету ұзақтығы шамамен 12 сағаттқа созылады; олар тек тері астына енгізіледі. НПХ инсулині суспензия түрінде болады, сондықтан қарапайым инсулинмен салыстырғанда флаконда ол лайланған секілді, ал ұзақ уақыт тұрған кезде тұнба түзеді, сондықтан егу алдында мұқият араластыру қажет. НПХ инсулинін басқа әсері ұзартылған дәрілік заттармен салыстырғанда кез-келген қатынаста қысқа әсерлі (қарапайым инсулин) инсулинмен араластыруға болады, бұл кезде қоспа компоненттерінің фармакокинетикасы өзгермейді, себебі НПХ қарапайым инсулиннің қосымша көлемімен байланыспайды (7.5 сурет). Протамин сонымен бірге инсулин туындыларының стандартты қоспаларын дайындауда да қолданылады (Новомикс-30, Хумалог-Микс-25).

Ұзақ әсер ететін инсулин дәрілері арасында қазіргі таңда белсенді түрде гларгин(Лантус) және детемир(Левемир) инсулиндерінің туындылары қолданылуда. Бұл дәрілердің НПХ инсулинінен ерекшелігі тері асты депосынан ағзаға біркелкі және ұзақ уақыт түсіп тұруын қамтамасыз етеді. Осыған орай, гларгин уақытқа тәуелсіз тек тәулігіне бір рет енгізіледі.

Гипогликемиялық жағдайларды емдеу

Жеңіл гипогликемия (басқаның көмегін қажет етпейді)

• 1 ХЕ тез сіңетін көмірқышқылдарды қабылдау: қант (5 г 3-5 бөлік, еріткен дұрыс), немесе бал немесе тосап (1 ас қасық), немесе 100 мл жеміс шырыны, немесе 100 мл қантты лимонад, немесе 4-5 үлкен глюкоза таблеткасы (3–4 г-нан), немесе 1 туб көмірқышқылды шырын (13 г-нан). Белгілер сақталса – тағамдарды қабылдауды 15 минут. кейін жалғастыру керек.

• Егер гипогликемия қысқа мерзімді әсер ететін инсулинмен шақырылса, әсіресе түнде, онда қосымша 1-2 ХЕ жай сіңетін көмірсуларды тұтыну керек (нан, ботқа және т.б.).

Ауыр гипогликемия (ес жоғалту кезінде басқа адамның көмегін қажет еткенде)

• Науқасты қырымен жатқызып, ауыз қуысын ас қалдықтарынан тазарту. Естен танып жатқан кезде ауыз қуысына тәтті ерітінділер құюға болмайды (асфикция қауіпі бар!)

• т/і 40 – 100 мл 40% мөлшерде декстроза ерітіндісін, толығымен ес жинағанша құю.

• Баламасы – 1 мг (кішкентай балаларға 0,5 мг) глюкагон п/к немесе т/і (науқас туыстарына да құйылады).

• Егер т/і 40 – 100 мл 40% мөлшерде декстроза ерітіндісін құйғанда да есін жинамаса, мидың ісініун білдіреді. Науқасты ауруханаға жатқызу қажеттілігі туындайды және т/і коллоидты ерітіндіні 10 мл/кг/тәул есебімен: маннитол, маннит, реополиглюкин, рефортанды енгізу қажет.

•Егер пероральды қантты төмендетуші препараттарды артық қолданған себебінен болса, т/і 5–10% декстроза ерітіндісін гликемияның қалыпқа түскенінше және препараттың денеге толық енгенінше жалғастыру керек.