- •Липидті алмасу көрсеткіштері
- •Артериялық қысымды бақылау көрсеткіші
- •Диетаға байланысты кеңестер
- •1 Грамм көмірсуды сіңіру есебінен 4 ккал толығады, қажетті көмірсуды есептеу тәулігіне және оларға сәйкес хе бойынша жасалады
- •Физикалық белсенділік бойынша ұсыныстар
- •Науқастарды оқыту
- •Ары қарай жүргізу
- •Гипергликемиялық кома
- •Гипогликемиялық кома.
Ары қарай жүргізу
Тамырлық асқынулар болмаған жағдайда стандартты тексеруді мына кесте бойынша жүргізеді
Көрсеткіш |
Тексерілу жиілігі |
Гликемияны өзіндік қадағалау ( күніне 3-4рет)
|
Күнделікті!
|
Гликозирленген гемоглобин |
3 айда 1 рет |
Биохимиялық қан анализі (белок, холестерин, үшглицеридтер, билирубин, АЛТ, АСТ, мочевина, креатинин, Na, К, Са ) |
Жылына 1 рет |
Жалпы қан анализі |
Жылына 1 рет
|
Жалпы зәр анализі |
Жылына 1 рет |
Микроальбуминурия |
Жылына 1 рет |
АҚ бақылау |
Дәрігерге әр барған сайын |
ЭКГ |
Жылына 1 рет |
Аяқты қарау |
Дәрігерге әр барған сайын |
Офтальмологтың қарауы (кең қарашықпен тура офтальмоскопия) |
Жылына 1 рет ( көрсеткіш болғанда- жиі)
|
Невропатолог кеңесі |
Көрсеткіш бойынша |
Кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы |
Жылына 1 рет |
Қант диабетінің 2 ші типі
Қант диабетенің 2-типі – инсулинрезистентіліктің өзіндік ерекшеліктері мен инсулин жетіспеушілігінің қатынасы немесе инсулин секрециясының дефектісінің өзіндік ерекшеліктерінің инсулинорезистентілігімен және инсулинорезистенттілігінсіз болатын қант диабетінің формасы.
Код МКБ – 10
Е11. Инсулин тәуелсіз қант диабеті.
Профилактика
Дене салмағының артуы мен глюкозаға толеранттылығының бұзылуы бар адамдарға маңызды. Оларға дене салмағын төмендету және физикалық жүктемені жоғарылату қажет. Скрининг зерттеуде гипергликемия анықталған адамдарға гликемияны аш қарынға немесе ГТТ жүргізу арқылы анықтайды.
Емдеу
2-типті қант диабеті негізгі емдеу принциптері
Рациональды тамақтану мен физикалық жүктемені арттыру көмегімен өмір салтын модификациялау.
Қант төмендетуші фармакотерапия.
Науқастарды үйрету.
Гликемияны өзіндік бақылауы.
Асқынулар мен қосымша ауруларды ерте емдеу (АҚҚ, қандағы липидтерді және т.б. адекватты бақылау).
Госпитализацияға көрсеткіш
Инсулинотерапияға ауысуын талап ететін көмірсу алмасуының айқын декомпенсациясы.
Ауыр кетоацидоз немесе кома (кетоацидотикалық, гиперосмолярлы, гипогликемиялық).
Тамырлық асқынулардың прогрессі.
Науқастың қант диабеті мектебінде оқуы – күндізгі стационарға госпитализациялау.
Рационалды тамақтану
Науқастың қосымша қандай да бір қант мөлшерін төмендететін заттарды (немесе инсулин) қолдануына/қолданбауына қарамастан, дұрыс тамақтану құрылымысыз қант диабеті 2-типін эффективті емдеу мүмкін емес. Қант диабеті 2-типімен ауыратын науқастың тамақтануы оның дене массасының оптимизациясы (төмендеуіне) мен постпрондиальды гипергликемияның алдын алуға (яғни тамақтанғаннан кейін) бағытталуы керек.
Дəрі-дəрмексіз ем: диета стол №9.
Егер науқаста дене салмағы артық болса, гикпокалориялық диета тағайындалады (1200 – 1500 ккал/тəу) жəне физикалық белсенділік режимі кеңейтіледі, қалыпты дене салмағында – изокалориялы диета.
Физикалық жүктемелердің қолайлы əсер етуін шарттайтын факторлар:
- жұмыс істейтін бұлшықеттердің инсулинсіз глюкозаны жартылай сіңіруі;
- эритроциттердің инсулинді байланыстыруының артуы;
- гликемия деңгейінің төмендеуі;
- инсулинге қажеттіліктің азаюы;
- жұмыс істейтін бұлшықеттерде май қышқылдары мен кетондық денелердің ыдырауы; көмірсуларға толеранттылықтың артуы.
Медикаментозды емдеу
Қант диабет 2-типінің бірінші сатысы
Өмір салтын өзгертумен қатар бір уақытта метформин тағайындау.
Метформинге қарсы көрсеткіш немесе көтере алмаушылық болса, емдеудің 1-ші сатысында сульфонилмочевина препараттарын тағайындайды, егерде диетотерапияда бақылаудың мақсатты көрсеткіштеріне жетпесе.
Айқын декомпенсация кезінде (сарысу глюкозасы ашқарынға >13,9 ммоль\л, немесе кездейсоқ нүктеде >16,7 ммоль\л, немесе НbА1с>10%) инсулинді бірден тағайындау қажет (компенсацияға жеткеннен кейін пероральды қант төмендету еміне ауысу мүмкін)
Қант диабет 2-типінің екінші сатысы
Эффективсіз монотерапияның максимальды дозасы кезінде, комбинирленген медикаментозды емге ауысады
Комбинирленген емді тағайындау критерилері болып 3 ай емделген нақты бір науқасқа құрастырылған НbА1с мақсатты дәрежесінен жоғары болуы.
Комбинирленген терапияны әр түрлі әсер ету механизмі бар қант деңгейін түсіретін препараттарды қолданумен жүргізеді.
Препараттар мөлшерін қысқа уақыт аралығынан кейін гликемияның қажетті деңгейіне жеткенге дейін жоғарылату қажет (қосымша жаңа қант деңгейін төмендететін препараттар тағайындау).
Комбинирленген терапия ретінде екінші этапта базальді инсулин тағайындалуы мүмкін.
Қант диабетін емдеуге арналған препараттар топтары
Сульфанилмачевина препараттары |
Инсулин секрециясын ынталандырады |
Глинидтер (меглиниды) |
Инсулин секрециясын ынталандырады |
Бигуанидтер |
Бауырмен глюкозаның өңдірілуін төмендету Бұлшық ет және май тінінің инсулинге резистенттілігін төмендетеді
|
Тиазолидиндионы (глитазоны) |
Бауырмен глюкозаның өңдірілуін төмендету Бұлшық ет және май тінінің инсулинге резистенттілігін төмендетеді
|
Глюкагон тәрізді пептид-1 рецепторлар агонистері |
Инсулиннің глюкоза тәуелді стимуляциясы және инсулин секрециясының 1 кезенің қалыпқа келтіру. Глюкагон секрециясының глюкоза тәуелді төмендеуі және бауырмен глюкозаның өңдірілуін төмендеуі Асқазан босатылуының баяулауы Ас қажеттілігінің төмендеуі
|
Α-глюкозидаза ингибиторы |
Ішектерде көмірсу сіңірілуінің баяулауы |
4-дипептидилпептидаза (глиптины) ингибиторы |
Инсулин секрециясының глюкоза тәуелді ынталануы Глюкагон секрециясының басылуы Бауырмен глюкозаның өңдірілуін төмендеуі
Асқазан босатылуының баяулауы
|
Сульфонилмочевина препараттары:
7. *Гликлазид 80 мг, табл.
8. *Гликвидон 30 мг, табл.
9. *Глибенкламид 3,5 мг, 5 мг, табл.
10. Глипизид 2,5 мг, табл.
11.*Глимепирид 1 мг, 2 мг, 3 мг, 4 мг, табл.
Меглитинидтер мен фенилаланин туындылары:
12.*Репаглинид 0,5 мг, 1 мг, 2 мг, табл.
13. Натеглинид 60 мг, 120 мг, табл.
Бигуанидтер:
14.*Метформин 500 мг, 850 мг, 1000 мг, табл.
Тиазолидиндиондар
15.*Пиоглитазон 15 мг, 30 мг, табл
16. Розиглитазон 30 мг, табл.
Глюкозидаза ингибиторлары:
17. Акарбоза 50 мг, 100 мг, табл.
Ангиотензингеауыстырушы ферменттер ингибиторлары:
18. Периндоприл 2 мг + индапамид 0,625мг.
19. Периндоприл 4 мг + индапамид 1,25.
2 типті ҚД терапиясының екінші кезеңі
Инсулинотерапияның қосылуы немесе интенсификациясы. Ол 3 ай емдеу барысында пероральды қант деңгейін төмендететін препараттардың максимальды дозаларымен керекті мөлшеріне жете алмаған жағдайда тағайындалады. (4 тарауды қараңыз).
Инсулинотерапия
2 типті ҚД кезінде инсулинотерапия көрсеткіштері:
Емдәм және басқа қант деңгейін төмендететін препараттардың және олардың комбинациясының максимальды мөлшерінің нәтижесіздігі ( > 7,0-7,5).
Басқа қант деңгейін төмендететін препараттарды көтере алмау немесе тағайындауына қарсы көрсеткіш болған кезде.
Кетаацидоз
Көмірсу алмасуының декомпенсациясымен көрінетін операциялар, жіті интеркуррентты немесе созылмалы аурулардың өршуі.
Жүктілік кезінде инсулин уақытша тағайындалады, кейін пероральды қант деңгейін төмендететін препараттарға оралу мүмкіншілігімен.
