Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кескін арай.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
408 Кб
Скачать
☆

1.1. Көлемдік және геометриялық пішінді заттарды бейнелеу

Түрлі пішіндердің құрылыстық өзгешеліктерін оқып білу және олардың қөлемдерін айқындау үшін суретте жай геометриялық денелерді қолдану дұрыс болады. Мұндай заттарға куб, призма, пирамида, цилиндір, шар, конус, т.б. жатады. Көлем – геометриялық денелердің кеңістіктен алатын бөлігін сипаттайтын шама. Көлем геометриялық денелерге байланысты негізгі шамалардың бірі болып табылады. Қарапайым жағдайда Көлем дене ішіне сиятын бірлік  кубтардың санымен өлшенеді. Ежелгі Шығыста] (Вавилон, Мысырда) денелердің Көлемін есептеуде түрлі математикалық ережелер қолданылды (мысалы, толық және қиық пирамидалар, цилиндрлер, т.б.). Суретті геометриялық денелерден бастау сурет салушығп көп көмек көрсетеді. Ол заттарды бір - бірімен салыстыру заңдылықтарын, перспективалық өзгерістерді, денелердің пропорциялық қатынастарын, құрылымдық ерекшеліктерінтез игере бастайды. Суретке кірісу алдында композициялық мәселелерді шешу қажет. Сурет бейнені қағаз бетіне орналастырудан басталады. Кубтық тұрған жайы тұрақты, төменгі қыры көлденең жазықтыққа таянып тұр, ал қабырғаларытік жайда орналасқан. Сондықтан кубтың суреті табанынан басталады. Затты бейнелегенде оның түрін суретші тұтас қабылдап, қағаз бетіне айнытпай ұқсатып түсіруіне тырысады. Натюрморт (фр. nature morte – өлі табиғат) – бейнелеу өнері жанрының бірі; қоршаған ортадағы бір құрылымға топтастырылған түрлі тұрмыстық заттар мен жеміс-жидектерді, өсімдіктер, тағамдарды бейнелеу. Бейнелеу өнерінің басқа түрлеріне қарағанда натюрморт суретшіден өзі кескіндейтін нәрсені табиғи қалпында, дәл де нәзік жеткізуді талап етеді. Натюрмортың алғашқы белгілері Ежелгі Шығыс, Рим, Грекия өнерінде көрініс тапқан.Натюрморт жанр ретінде 16 ғасырдың аяғы мен 17 ғасырдың басында Голландияда пайда болды. Натюрморттың жан-жақты дамуына ұлттық кескіндеме мектептері ұйытқы болды (17 ғасырда). 19 ғасырда өмір сүрген атақты суретшілер Ф.Гойя, Э.Делакруа, Г.Курбе,Э.Мане, т.б. Натюрморттың өркендеуіне ат салысты. Натюрморт жанрының шыншыл да дәлдікпен өзіндік әсерге ие болуы постимпрессионизм шеберлерінің кезеңіне (В.ВанГог, П.Сезанн,т.б.)сәйкес келеді . Кейіннен  фомизм  (А.Матисс),  кубизм (П.Пикассо,т.б.) ағымдарындағы суретшілермен қатар  Мексика  (Д.Сикейрос), Италия(Р.Гуттузо) шеберлерінің еңбектерінен де натюрморт көрініс тапты.Кеңестік дәуірде натюрморт жанрында П.П. Кончаловский,  И.И. Машков,  М.Сарьян ерекше танымал болды. Қазақ суретшілері:  Ә.Жүсіпов  (“Шыны аяқ”, 1960), А.Ғалымбаева (“Дәмді шай”, 1966),  С.Айтбаев (“Кітаптар”, 1966), Т.Тоғызбаев (“Қарбыз бейнеленген натюрморт”,1974), К.Дүйсенбаев (“Табиғаткөрінісі”, 1978),  Е.Кәрібеков  (“Натюрморт”,1986),  Б.Ақанаева “Күміс натюрморт” (2003),  А.Жансейітова “Натюрморт” (2003), т.б. натюрморт жанрының шеберлері атанды.[1]  Натюрморт-француз сөзі, өлі табиғат деген ұғымды білдіреді. Адамды қоршаған ортаны бейнелейтін суретті натюрморт дейді. Натюрморт негізінде ХVII ғасырда Голландияда кеңінен дамыды, ол кездерде мыс заттардан құралған натюрморттық композициялар болды. Натюрморт екі топқа күрделі және қарапайым болып бөлінеді. Қарапайым натюрмортқа бір немесе үш заттан қойылған қойылымды жатқызады, ал күрделі натюрмортқа бес заттан жоғары қойылған композицияны жатқызады. Натюрморт кездейсоқ таңдалған заттардан құралмайды. Олар бір-біріне ұқсайтын, туыс заттар болуы қажет.

1.1. 1-сурет натюрморттың салыну кезеңдері

Натюрморт композициясы таңдап алынған заттар тобы табиғи әсер бергенде ған аәдем ішығады. Натюрморттың композициялық орталығы болуы шарт. Топтың ішінде мағыналық жағынан, көлемі, пішіні, түсі жағынан негіз бола алатындай зат болуы қажет. Қалған қосалқы заттар осы басты дүниеге бағынуы тиіс. Алдыңғы қатарға бет-бедері мен түсі жағынан өзге заттардан ерекшеленіп тұратын кішігірім затты қоюға болады, ал артқы планға көлемі жағынан үлкен заттарды қойған дұрыс. Жалпы натюрмортта түс үйлесімділігі де маңызды. Натюрмортта түстері біріңғай реңдік пен түске бағынуы тиіс.

1.1.1-сурет натюрморттың жарық көлеңкесін табу.

белгілері архитектура, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы мүмкін. Сондықтан шартты түрде оларды да Бейнелеу өнері қатарына жатқызады. Сондай-ақ, театр, кино, теледидардағы безендіруді, көркем дизайнды да Бейнелеу өнері ретінде таниды. Бұл өнердің де негізінде адам, табиғат және заттық әлемді тұтастықта, бірлікте қарастыру жатыр. Бейнелеу өнері дүниені байқау, бақылау, көру нәтижесінде оның көркем бейнесін жасайды. Әр ғасыр, дәуір, кезеңде пайда болған Бейнелеу өнерінің туындылары өзіндік бейнелеу жүйесі мен көркемдік үндесудің түрлі типтерін құрайды. Бұл өнер танымдық, құндылық және қарым-қатынастық қызметімен де ерекшеленеді. Уақыттық даму процесі басқа өнер түрлеріне (әдебиет, музыка, театр, кино) қарағанда Бейнелеу өнерінде шектеулі, ол негізінен кеңістіктік ауқымымен ерекшеленеді. Суретші өз көзімен көріп, түйсінген шындығын сол сәттегі қалпымен көрсетуге ұмтылады. Өмір құбылыстары типтік жағынан таңдап алынып, заманның тірлік-тынысы жан-жақты көркемдік қуатпен беріледі. Бейнелеу өнерінің көркемдеу құралдарына сурет, түрлі түс, пластика, жарық пен көлеңке, композиция, ырғақ жатады. Шығармалар заттық материалдан дайындалатындықтан оған пәндік, заттық болмыс тән. Бейнелеу өнерінің әр жанры қоршаған әлемнің бейнесін түрліше береді: кескіндеме түрлі түрлі-түсті бояуды, графика түрлі сызықтардың қиылысуын, көлеңке мен жарықтың астасуын, мүсін пластикалық үш өлшемді (биіктік, ендік және аумақтық) пайдаланады. Бейнелеу өнерінің барлық жанрындағы шығармалары мазмұнына қарай монументальді-сәндік және қондырмалы болып екіге бөлінеді. Қондырмалы шығармалар негізінен музейлер, галереялар немесе үй интерьерлерін безендіріп, сол жерлерде орналасады.  Кескіндеме өнерінің натюрморт жанры. Кескіндеме өнерінің портрет, пейзаж, натюрморт т.б. жанрлары бар. Бүгін біз натюрмотр жанрына тоқталамыз. Натюрморт (фр. nature morte – өлі табиғат) – бейнелеу өнері жанрының бірі; қоршаған ортадағы бір құрылымға топтастырылған түрлі тұрмыстық заттар мен жеміс-жидектерді, өсімдіктер, тағамдарды бейнелеу. Натюрморт – жансыз заттар мен әр түрлі бейнеленген көркем сурет құралымен орындалған көркем шығарма болып табылады. Натюрморт -қарапайым, күрделі болып екіге бөлінеді.Қарапайым натюрморт екі, үш заттан аспайтын, күделікті тұрмыста қолданылатын қарапайым заттардан, бұйымдардан тұрады. Ал, күрделі натюрморт көптеген заттардың жиынтығынан құралады. Натюрморт алғаш рет ХVІІ ғасырдың басында Голландияда пайда болады. Суретші қарабайыр тұрмыстың ең бір қарапайым көрнісін бейнелеген мен қаншалықты сұлулық , қаншалықты поэзия таба алады. Жай нәрсенің өзінен елең еткізер сұлулық баба білу суретшілердің төл мінезі болып табылады . Қазақ суретшілері арасында Айша Ғалымбаеваның ұлттық натбрмортын, мың құбылта бояулармен салған шығармаларын тамашалауға болады. Сондай-ақ қазіргі кездегі қазақ суретшісі Ботакөз ақанованың натюрморттарын атап айтуға болады. Монументальді кескіндеме ғимараттардың ішкі қабырғаларында, интерьерде және экстерьерде жазылады. Монументальді мүсін архит. кешендерде, қала көшелері мен алаңдарда, мекеме ғимараттарының қасбеті мен интерьерлерінде орналасады. Шығыс және батыс Бейнелеу өнеріне тарихи даму процесі барысында қалыптасқан портрет, пейзаж, натюрморт сияқты жанрлар ортақ.

Кескіндеменің жанрлары: тарихи кескіндеме, тұрмыстық кескіндеме, портрет, пейзаж, натюрморт, т.б. Орындалу сипатына қарай кескіндеме бірнеше жанрлық түрге бөлінеді: монументтік — сәндік кескіндеме (қабырғаға салынатын көркем сурет, плафондар, панно), қондырғылы кескіндеме(картина),сәндік суретті кескіндеме (миниатюра,  диорама,  панорама,фреска, секко, темпера, мозайка, витраж, т.б.). Кескіндеме өнерінде жанрмен үндес түрлі ағымдар (академизм, т.б.) қалыптасып, әр алуан стильдік жүйелер қалыптасты (барокко, рококко, т.б. стильдер). Мысалы, Қайта өркендеу дәуірінде (Мазаччо, Боттичели, Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рафаэль,т.б.), VI I— XIX ғасырларда(А.Дюрер, В.Веласкес,  П.П. Рубенс, Т.Жерико, О.Домье, И.П. Крамской, В.И. Суриков,Э.Дега, М.А. Врубель, т.б.) көптеген өнер өкілдері кескіндеме саласында түрлі ағым, стиль жүйелерін қалыптастырды. Бейнелеу өнері тарихы адамзат тарихымен қатар басталған. Көне дәуірден біздің заманымызға дейінгі жер бетінде болған небір өркениет пен мәдениеттің іздері осы өнер арқылы таңбаланып, бізге жеткен. Бейнелеу өнерінің даму жолы шартты түрде бірнеше кезеңге бөлінеді: алғашқы қауымдық өнер, ежелгі дәуір өнері, орта ғасыр өнері, қайта өркендеу дәуірі, жаңа дәуір өнері, қазіргі заманғы өнер. Жер шарының әр аймағындағы ежелгі адамдар тұрағынан Бейнелеу өнерінің алғашқы үлгілері табылған. [Альтамир (Испания), Ласко (Франция), Кимберли (Австралия) үңгірлері]. Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық өнердің ірі-ірі кешенді түрлері Тамғалыда, Ертіс аңғарында, Орталық Қазақстанда сақталған. Ежелгі дәуір өнерінің ірі орталығы — Алдыңғы Азиядағы Тигр мен Евфрат өзендерінің аралығы. Б.з.б. 3 — 1 мыңжылдықтарда мұнда шумерліктер мен аккадтықтар мәдениеті, кейінірек Бабыл, Миттани және Ассирия мемлекеттері мәдениеті өркендеді. Мүсін және кескіндеме туындыларымен көркемделген сарайлар мен ғибадатханалар маңызды рөл атқарады. Шумерліктер табынатын биік сатылы мұнара-зиккурат, “құдай үйі”, басқа да көптеген ескерткіштер дүниеге келді. Аккад патшалығы кезеңіндегі Бейнелеу өнерінің үздік үлгісі — 2 метрлік қызыл қыштан жасалған Нарамсин патшаның жеңіс тұғырындағы әскердің тауға көтеріліп бара жатқан сәті қозғалыс пен кеңістікте бейнеленген. Шумерлер мен аккадтықтар мәдениетін біріктірген Бабыл мәдениеті үлкен жетістіктерге жетті. Патша Хаммурапидің (б.з.б. 1792 — 50 ж.) заңдар жинағын оқып тұрған сәті ерекше көріністе бейнеленген. Патшаның құдаймен байланысы, патша билігінің жаратушының тікелей қолдауымен болып отырғанын символды түрде бейнелеп көрсеткен. Ассирия өнері барлық көнешығыстық мәдениеттердегідей дінмен өте тығыз байланыстылығына қарамастан мейлінше зайырлы сипатта болды. Ашшурбанипал патша (б.з.б. 668 — 26 ж.) тұсында кемелдікке жеткен рельефтер патшаның ерлік істерін, аңшылық салтанатының көріністерін бейнелеген суреттерден тұрады. Ашшурбанипалдың Ниневиядағы сарайындағы рельефтер көркемдік қуатымен, ықшамдылығымен, динамикалық ырғағымен, шиеленіскен драмалық мазмұнымен әлемдік Бейнелеу өнерінің үздік шығармалары қатарында саналады. Бабыл патшалығының өнері Вавилондағы Навуходоносор ІІ сарайларының зәулімдігі және сән-салтанатымен әйгілі. Онда атақты ассирия патшайымы Семирамида салдырған әйгілі “аспалы бақтар”, қабырғалары арыстандардың, жабайы бұқалардың, фантастикалық жануарлардың қаракөк фонға ашық ақ, сары түспен қашалған ғажайып суреттері бар әйгілі “Иштар қақпалары” болған. Бейнелеу өнері Ежелгі Мысырда да (б.з.б. 4-мыңжылдықтың соңы б.з.б. 341) қарқынды дамыды. Ол дінмен, құдай дәрежесінде дәріптелген перғауындарға табыну ғұрпымен өте тығыз байланысты болды.