- •Мазмұны
- •1.1. Көлемдік және геометриялық пішінді заттарды бейнелеу
- •1.2. Натюрмортың суретін салу түрелі
- •1.3.Көлемдік және геометриялық заттарды бейнелеу
- •1.4.Кескіндеме
- •2.1. Өсімдік суретін салу түрлері
- •2.2. Әр түрлі фондағы натюрмортты қағаз бетіне тиімді орналастыру
- •V.Қосымшалар
- •III .Қортынды
- •IV.Пайдаланылған әдебиеттер
1.3.Көлемдік және геометриялық заттарды бейнелеу
Суреті
салынатын геометриялық денелердің
конструкциялық құрылымына назар аудару
керек. Зат көлемін дұрыс бейнелеу үшін
оның тасаланып көрінбей тұрған
жерлерін де бейнелеу керек. Сөйтіп
көмекші сызықтар арқылы заттардың дәл
бейнесін анықтап бейнелейміз. Заттар
бейнесінің дұрыстығын тексерген соң
көмекші сызықтарды кетіріп тастаймыз.
Егер геометриялық денелерді жазықтық
бетіне тек сызықтармен бейнелеп қойсақ,
онда ол денелер сымнан жасап қойған
тәрізді болады. Осы денелер бейнесіне
жарық, көлеңке реңін түсіріп бояу арқылы
ол денелердің кеңістіктегі шынайы
пішінін, көлемін, қандай материалдан
жасалғанын жазықтық бетінде көрсетуге
болады. Бейнеленетін обьектілердің
жарық түсіріп тұрған жағы жарық деп, ал
екінші қарама-қарсы жағы көлеңке деп
аталады. Суретті штрихтау ісі көлеңкеден
басталады. Штрихтардың басқа сызықтардан
(сызба сызықтарынан) айырмашылығы-мұның
кеңістік сипаттары көбірек. Мәселен,
сызықтар деп өзіндік дербес мәні бар
ұзын сызықтарды айтсақ, ал штрих-қысқа
сызық, әрі ол басқа штрихтармен бірлестікте
ғана белгілі бір мәнге ие болады.
Штрихтарды оңға, солға немесе төмен
(өзіне қарай) сызуға болады, ал қарындаштың
ұшын жоғары қарай (өзінен әрі қарай)
жүргізуге болмайды.
Б. ө-ндегі түрлі бағыттар негізінде
“Стиль” және “Баухауз” тобы, Н.Габоның
скульптуралық композициясы, О. Цадкин
шығармалары, В. Е. Ташлин конструкциясы,
америкалық абстракты экспроссионизм
мектебі (Дж. Поллок, М. Тоби), ағылшын
мүсіншісі Г. Мура, неміс хеппингін
қалыптастырушы Г. Юккер, жапон абстракцияшы
И. Ногуги, т.б. танымал болды. Заттарға
түскен жарық пен көлеңкенің алып жатқан
орындарын анықтап, олардың шекараларын
белгілейміз. Суреттің өңін айқындағанда
заттың ең жарық, ең қараңғы жерін анықтап
алу керек. Яғни реңдік қатынасты дұрыс
айқындауға үйрену керек. Затты штрихтауды
меншікті көлеңкеден бастаған жөн.
Мешікті көлеңке дегеніміз – заттың
сәуле түспеген бетінде пайда болған
көлеңке. Жарық деп – табиғи сәуле мен
жасанды жарық түскен бетті айтамыз.
Жылт дегеніміз – жарықтың аса мол
мөлшерде түскен жері. Мұны шыны немесе
жылтыр темір ыдыстарда айқын байқауға
болады. Түспе көлеңке дегеніміз – нақты
бейнеленген заттан жазықтықтың бетіне
түскен көлеңке. Жартылай көлеңке
дегеніміз – меншікті көлеңке мен
жарықтың арасында пайда болған көлеңке.
Рефлекс дегеніміз – заттың меншікті
көлеңкесінің шет жағында, артқы жазықтық
арасында пайда болған көмескі жарық
тәріздес құбылыс. Заттардың жарық
көлеңкесін штрихтау арқылы олардың
пішінін, көлемін шығарамыз. Жарық
заттарға сол жағынан түскендіктен,
негізгі ең қою көлеңке заттардың оң
жағында орналасқан, ал жарықтың тікелей
түсіп ең жарықтанған жылт бөлігі
заттардың сол жағында орналасқан.
Штрихтың қоюлығы мен жиілігі, бағыты
нәрсенің нендей материалдан істелгендігі
мен оның бетінің өзіне тән ерекшелігін
көрсететіндей болуы керек.
1.3.1-сурет Шыны ыдыстан құралған күрделі натюрморт.
Мұғалім
балаларға сызықтар әлеміне саяхат
жасауды ұсынады. Ол үшін бізге сиқырлы
конверт көмектеседі. Сиқырлы конвертті
ашып сызықтар түрлерімен таныстырады:
бірінші түзу сызық. Конвертті ашқан
сайын, сызықтар толқынды (ирек) секілді,
содан кейін сынық сызықтарға айналады.
Сызықтар әлемінде суреттеу құралдары
бар – ол штрих. Штрих
дегеніміз —
көптеген, біріктес сызықтардың жиынтығы.
Оның ұзын-қысқалығы заттың көлемдік
бітіміне байланысты. Және ол заттың
пішіндік құрылысына сай беріледі.
Заттардың суретін салу үшін штрихтың
көптеген түрлері қолданылады. Бұл
бейнелеген заттарды толықтай анықтау
кезеңі деп аталады. Геометриялық
денелердің түсі ашық болғандықтан,
штрихтау барысында сурет салу
ережелеріне сүйене отырып, кейбір елеулі
артық кеткен жарық пен қараңғы дақтарды
бәсеңдетеміз. Штрихты нәрсе көлеміне
байланысты доға және көлбеу түсіру
арқылы, заттың бейнелік көлемін әрі
айқындай түсуге болады. Жұмыстың соңында
натюрморттың композициялық бірлігін,
жарық пен көлеңкенің жарасымдылығын
қадағалап, мұқият тексеріп көрген жөн.
1.3.2- сурет Гуашь техникасымен орындалған құмыра бейнесінде
