- •1 Қысқа мерзімді активтердің теориялық негіздері
- •Кесте 1- «iNvest City»жшс-ның
- •Кесте 18 - «iNvest City» жшс-нің табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау
- •Осы істелген болама мынаған тағыда есеп пен аудитті қосу керек мен талдауын қостым
- •3.3 Қысқа мерзімді активтердің есебі мен аудитін (талдауын) жетілдіру жолдары
- •Бұл толық емес мынаған есепті және аудитті қосу керек 2.2 2.3 пен 3.1 оны Толкынмен Асель жиберсе қосамыз жалпы осылай жазсақ болама
Осы істелген болама мынаған тағыда есеп пен аудитті қосу керек мен талдауын қостым
3.3 Қысқа мерзімді активтердің есебі мен аудитін (талдауын) жетілдіру жолдары
Ұйымдағы қорлар материалдық ресурстардың құрамдас бөлігі бола отырып, сұраным мен ұсыныстың сәйкестігін, тауар ассортиментін қамтамасыз етуі керек. Ал өз алдында тауарлар ассортиментін қалыптастыратын қорлардың құралуы, сақталуы мен оларды басқаруына байланысты.Қорлар айналым процессін үзіліссіз қамтамасыз ету үшін қажет.
Қорлар топтамасын сатып алуды оңтайландыру (үйлесімділеу). Шикізаттар мен материалдарды, жартылай фабрикаттарды және тауарларды көп топтамасын сатып алу үлкен немесе көп қорларға және оларды сақтауға кеткен шығындарға әкеледі. Аз мөлшерде сатып алудың жалпы құны өсуі мүмкін, себебі ұйым қаражаттарын тапсырысты орналастыруға, сатып алынған тауарларды қабылдауға,шикізаттың әрбір топтамасын сатып алумен байланысты шоттардың жүруіне және басқа да әрекеттерге жұмсайды. Сондықтан партия көлемін және сатып алатын партия санын жоспарлау қажет, және мұнда қызмет көрсету барысында қорларды сатып алуға, сақтауға кеткен шығындар аз болуы керек.
Мысалы, ұйым келесі жылы 20000 кг шикізаттың белгілі бір түрін сатып алып қолдануы тиіс. Сатып алушы шикізатының франко – қойма бағасы 1 кг 10 теңгеден тұрады. Қорлардың өндірістік орташа жылдық құнында қаттап тастау бойынша шығындар – 20 % - ды, ал қызмет көрсетуде сатып алуға кеткен шығындар әр партия бойынша 1250 теңгені құрайды. Осы мәліметтер бойынша төменде кесте келтірілген, онда қаттап тастау және қызмет көрсету бойынша жыл сайынғы сатып алынатын партиялар санының және партияның әр түрлі мөлшеріне сәйкес көрсеткіштер келтірілген (Кесте – 10).
Кесте 10 – Сатып алынатын партиялардың оңтайлы көлемін анықтау
Көрсеткіштер |
Жылда сатып аланатын партиялар саны |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Партиялар көлемі, кг. |
10000 |
6667 |
5000 |
4000 |
Орташа жылдық қор, кг. |
5000 |
3333 |
2500 |
2000 |
Қордың орташа жылдық құны, тг. |
50000 |
33333 |
25000 |
20000 |
Сақтау шығындары, жылына тг. |
10000 |
6667 |
5000 |
4000 |
Сатып алуда қызмет көрсету шығындары, жылына тг. |
2500 |
3750 |
5000 |
6250 |
Қорлармен байланысты Шығындардың барлығы, жылына тг. |
12500 |
10417 |
10000 |
10250 |
Ескерту – [29, 106 б.] әдебиет көзі негізінде жасалған |
||||
Кестеден көріп отырғанымыздай, ұйымда қаттап тастау және қызмет көрсету бойынша жыл сайынғы сатып алынатын партиялар саны азайды. Оған партиялар көлемінің, орташа жылдық қордың, қордың орташа жылдық құнының, сақтау шығындарының азаюы әсер етті.
Партиялар көлемі жыл басында 10000 кг.-ға, ал жыл аяғында 4000 кг.-ға азайды. Орташа жылдық қор жыл басында 5000 кг, ал жыл аяғында 2000 кг құрады. Қордың орташа жылдық құны жыл басында 50000 теңге болса, жыл аяғында 20000 теңгеге төмендеген. Керсінше, сатып алуда қызмет көрсету шығындары, жылдың басында жылына 2500 теңге болса, ол жыл аяғында 6250 теңгеге жоғарлаған. Бұл ұйымның жағдайына кері әсерін тигізеді. Жалпы ұйымның қорлармен байланысты шығындары, жылдың басында жылына 12500 теңге болса, ал жыл аяғында 10250 теңгеге азайған. Бұл ұйымның қорларға кеткен шығындарының азайғанын білдіреді,
Сатып алуды жоспарлауды есептеуде Вильсонның формуласын пайдалануға болады:
Р = (2 × М × о / с × r), (21)
Мұнда, Р – партиялардың оңтайлы мөлшері;
М – табиғи түрде сатып алынатын тауарлардың жылдық көлемі;
о – партияларды есептеуде қызмет көрсетудегі сатып алуға кеткен шығындар;
с – тауар бірліктері бойынша сатып алушының франко – қойма бағасы;
r – өндірістік қорлардың орташа – жылдық құнының үлесіндегі қаттап тастауға кеткен шығындар.
Мысал түрінде қарастыру: Р = (2 × 20000 × 1250 / 10 × 0,2) = 5000 кг.
Шығарылатын тауарлар серияларының оңтайлы мөлшері. Өнеркәсіптік кәсіпорында көбінесе әр түрлі тауарлардың өндірістік топтамасы жүргізіледі. Бұл өнімдер партиясының топтамаларының мөлшерін жоспарлауды қажет етеді. Егер тауарлардың кіші топтамаларын көп мөлшерде өндірсе, қаттап тастау бойынша шығындар минимумға әкеледі. Бірақ өндірісті дайындауға кеткен шығындар өте жоғары болады.
Мысал ретінде қарастырсақ, қорлардың дайын өнімдерін құруда жылдық шығындары және жыл бойынша өндірісті дайындауда әр түрлі топтамалардың саны келтірілген (Кесте – 11).
Кесте 11 – Топтамалардың оңтайлы мөлшерін анықтау
Көрсеткіштер |
Топтамалар саны |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Топтамалар көлемі, бірлік. |
9000 |
4500 |
3000 |
2250 |
Дайын өнімнің орташа жылдық құны, бірлік. |
3375 |
1688 |
1125 |
844 |
Қордың орташа жылдық құны, тг. |
47250 |
23632 |
15750 |
11816 |
Өнімдерді қаттап тастау шығындары, жылына тг. |
11813 |
5908 |
3938 |
2954 |
Өндірісті дайындауға кеткен шығындар, жылына тг. |
3000 |
6000 |
9000 |
12000 |
Шығындардың барлығы, жылына тг. |
14813 |
11908 |
12938 |
14954 |
Ескерту – [29, 222 б.] әдебиет көзі негізінде құрастырылған |
||||
Жоғарыдағы кестеге сәйкес, ұйым шығарылатын тауарлардың біреуінен мүмкін максималды өндіріс көлемі жылына 36 мың бірлік, айына 3 мың бірлік: өткізу көлемінің жоспары жылына 9 мың бірлік, айына 750 дана. Ауыспалы шығындар 14,00 тг; әр түрлі топтамалар бойынша өндірісті дайындау шығындары 3000 тг., дайын өнімді қаттап тастау шығындары – 25 % орташа жылдық қордың бағасынан.
Кестені есептеу нәтижелерінен топтамалардың оңтайлы саны жылына екіні құрайды, сондықтан дайын өнімді қаттап тастау шығындар сомасы және топтамалардың осындай сандарында өндірісті дайындау минималды болады.
Тауарлық қорлар – бұл өндірістен саудаға түскен уақытынан бастап айналым саласында жүретін тауарлар массасы, басқаша айтқанда өндірістен тұтынушыға ауыстырылатын процесстердегі тауарлар деуге болады. Тауарлық қорлар тек құндық мөлшерде ғана емес, сонымен қатар тұтыну құнында да көрсетіледі. Тұтыну құнында олар әрдайым жаңарып отырады, ал құндық көрстекіштерде олар айналым саласында қатысады. Барлық тауарлар тұтыну құнымен көрсетілгенде әртүрлі болады да, ал құндық көрсеткіштерде біркелкі болады.
Тауарлық қорлардың мөлшері тауарайналымымен бірге сәйкес болуы керек. Үзіліссіз тауарайналымын қамтамасыз ету үшін барлық уақытта қажетті оптималды тауарлар қоры болуы керек. Өйткені олардың шамадан көп мөлшері ұйымның қаржылық жағдайын, ұдайы өндіріс процессін нашарлатып, тұтыну құны моралды және материалды ескіргендіктен жоғалуы мүмкін. Ал жетіспеушілігі тұрғандарды тауармен қамтамасыз етуге кері әсерін тигізіп, тауарлардың ұсынысы төлемқабілетті сұраныстан қалып қояды.
Сондықтан тауарлық қорларды тиімді пайдалануын сипаттайтын негізгі көрсеткіш – тауар айналымы немесе тауардың айналуы уақыты анықталады.
Тауардың айналуы уақытын келесі формуламен есептеуге болады:
Зд = Nз × Д , (24)
Nр
Мұндағы: Зд - тауар айналымы, күн;
Nз – нақты мерзімге сомамен көрсетілген тауарлық қорлар, теңге (немесе кезең ішіндегі орташа тауарлық қорлар);
Д – кезеңдер күні;
Nр – кезең ішінде тауар айналымы.
Тауар айналымының негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
жалпы көлемі, тауарлық тізіміне сәйкес қор жағдайын және олардың
оптималды мөлшерін бағалау;
тауарлық қорлар мен тауар айналымының динамикасын оқу;
тауарлық қорлар құрамы мен көлемін және тауар айналымына әсер
ететін факторларды және өзгерістерін қарастыру;
осы аумақтағы сауда ұйымдарының жұмыстарындағы кемшіліктерді
анықтау.
Тауарлық қорларды талдау оларды дұрыс жіктеуден басталады. Тауарларды жіктеу жеке тауарлар топтары бойынша көлемі мен құрлымын қарастырады. Тауарлық қорларды талдау саудамен айналысатын ұйымдарына олардың оптималды деңгейін анықтауға мүмкіндік береді
Корытынды мен кіріспені осылай жазсақ болама ?
ҚОРЫТЫНДЫ
Жалпы алғанда, қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметін жүзеге асыру үшін басты көрсеткіштердің бірі ақша қаражаттары, ал бұл дегеніміз қысқы мерзімді активетердің құрамындағы ең басты элементті құрайды. Қазіргі бәсекелестік талаптарға сай болу үшін өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүзеге асырылады десек қателеспейміз.
Біздің бұл тақырыпты таңдаған себебіміз, қаржы нарығының күрделенуіне байланысты ақша қаражаттарын басқарудың маңыздылығы арта түсуде. Қатаң бәсекелестік жағдайында өндірістік жаңалықтарды енгізу және шаруашылық процесін ары қарай дамыту үшін кәсіпорынның ағымдағы активтердің басты көрсеткіші ақша қаражаттары болуы тиіс. Ақша қаражаттары мен олардың эквиваленті дұрыс ашып көрсету және оларды жіктеу кәсіпорынның өтімділік деңгейін дәл бағалау үшін қажет.
Нарықтық қатынастардың дамуы түпкілікті қаржылық нәтижелеріне қол жеткізу үшін басқарушылық бағыттағы шешімдерге күш салмайынша мүмкін болмайтын кәсіпорын қызметін аудиттеу мен талдау ісіне жаңа міндеттер жүктейді. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы өз ішіндегі ресурстарды тьиімді пайдаланудың мүмкіндіктеріне де, сонымен қатар сыртқы жағдайларға да, оның ішіндегі маңыздылары болып табылатын нарық конъюктурасына, инвестиция мөлшеріне, инфляция деңгейі мен мемлекеттің экономикалық саясатына байланысты.
Дипломдық жұмысымызды «iNVEST City» ЖШС мәліметтері негізінде жаздық.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде «iNVEST City» ЖШС қызметіне жалпы сипаттама берілген. Бұл кәсіпорын жалпы құрылыс монтаждық жәнеде тұрғын үй құрылысымен және т.б. қызметтерді көрсетеді. Осы бөлімде кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргіздік. Талдаудың мәліметтеріне сүйенетін болсақ кәсіпорынның қаржылық қызметі 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда жоғарылаған.
Екінші бөлімінде «iNVEST City» ЖШС ағымдағы активетерінің есебін жүргіздік. Яғни, нақтырақ тоқталсақ оның құрамындағы ақша қаражаттарының, дебиторлық қарыздар және тауарлы материалдық құндылықтардың есебіне тоқталдық, шоттар корреспонденцияларын құрдық. Ағымдағы активтердің негізгі көрсеткіші ақша қаражаттарының жалпы қозғалысы, яғни касса операциялары мен банктік ағымдағы шоттардағы оның орналасуы, тауарлы-материалдық құндылықтардың жіктелуі, оның өзіндік құнын есептеудің әдістері, дебиторлық қарыздар есебі туралы мәліметтер келтірілген. Кәсіпорынның ырғақты қызмет етуі үшін ақша қаражаты қозғалысының жылдамдығының ерекше маңызы бар. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының ойдағыдай болуының негізгі шартының бірі, оның ағымдағы міндеттемелерін жабуды қамтамасыз ететін ақша қаражаттарының құйылуы болып табылады. Демек, бұндай аса қажет ақша қаражаты қорының болмауы кәсіпорынның қаржылық қиыншылығы бар екендігін куәләндырылады
Ал, үшінші бөлімнің негізі ретінде жалпы аудиттің мазмұны, сипаты мен мақсаты және де ағымдағы активтердің аудитін жүргізудің әдістемесі алынып отыр. Нарықтың ағымына көшу жағдайында есептік, бақылаушы-талдамалы және аудиторлық қызметтердің мақсаттары едәуір басқаша сипатта қалыптасқан немесе қалыптасып келе жатқан шаруашылық жағдайды талдау, нақты шешімдерді қабылдау, оның орындалуын ұйымдастыру және бақылау. Мұндай қызмет өндірістік ресурстарды басқарудың қажетті құралы болып табылады, мұнда есептің ақпараттық-технологиялық аспектісі тек қосалқы, көмекші түрінде ғана болады.
Аудиторлық тексерулерді ұйымдастыру, жоспарлау, жүйелі зерделеу, мәні бойынша аудиторлық процедураларды орындау, пікір қалыптастыру және аудиттің нәтижелері бойынша қорытынды құжаттарды дайындау сияқты бірінен кейін бірі жалғасып кете беретін тізбекті кезеңдерден тұрады, мұнда есептің ақпаратты-технологиялық аспектісі тек қосалқы, көмекші түрінде ғана болады. Ал, іс жүзінде есептік-технологиялық қызмет табиғаты бойынша маманның жоғары кәсіби дайындығын тала етіп, ғылым мен өнерді ұштастырады, талдаудың нысанданбаған тәсілдерін қолдану ептілігін ұйғарады. Функционалды аудитті жоспарлау мен ұйымдастыруда әрбір нақты кәсіпорынның өндірістік, жабдықтаушылық және қаржылық-өткізушілік іс-қызметінің өзіне тән ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Тексерулердің көлемі, тақырыбы, бағдарламасы, әдістемесі мен техникасы өндірістің, жабдықтаудың, өткізудің, қаржының, есептің ішкі шаруашылық бақылаудың, нарықтың жағдайы, активтерді, міндеттеме мен капиталды басқарудың тиімділігіне ықпал ететін факторлардың шын мәнісіндегі жағдайына байланысты өзгеруі мен толықтырылуы ықтимал.
Қысқа мерзімді активтердің функционалды аудиті кәсіпорынның іс-қызметінде де, мемлекеттің экономикасын басқарудың жалпы жүйесінде де өте зор мәнге ие болып келе жатыр. Қысқа мерзімді активтер шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық әлеуетінің өзгеше құрамдасы екендігі белгілі, сондықтан әрбір кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен одан әрі экономикалық дамуы олардың есебінің дұрыстығына, тиімді қолдану мен кешенді бақылауына байланысты болады. Егер мемлекетте көп табысы бар шаруашылық субъектілердің саны жылдан жылға өсіп тұрса, бұдан олардың иелері де, қызметкерлері де, жалпы алғанда, тұтастай қоғам да тек ұтатыны баршаға белгілі. Міне, осыдан келе ең алдымен, кез келген кәсіпорын өз қаржылық есебін жүргізсе, әрі қарай тиімді қызмет атқару үшін «аудитке» жүгінбеуі мүмкін емес.
