Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Модуль 1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
417 Кб
Скачать
☆

4 Оқушының танымдық әрекетінің сипаты бойынша келесідей бөлінеді:

-түсіндірмелі-көрнекі;

-репродуктивті – әрекет әдісін студенттермен бірге қайталау;

-мәселелік баяндама – мәселе қойылады және оны шешу жолдары да баяндалады;

-эвристикалық – жекелей-ізденушілік – мәселе кішігірім мәселелерге бөлінеді және студенттер әртүрлі шешім жолдарын табады;

-зерттеушілік.

5. Педагогтың немесе оқушының иелік әрекеті бойынша келесідей:

Оқудың заманауи түсінігі бойынша оқыту үрдісі оқушыны белгілі бір білімге, икемге, қабілетке итермелеу мақсатында оқытушы мен оқушының арасындағы қарым-қатынас ретінде қаралады. Оқудың бірінші күнінен бастап қазірге дейін оқытушы мен оқушының арасындағы қарым-қатынас нығая түсіп, кең әрі ауқымды әдіс тәсілдер пайдалануда. Түсініктірек болу үшін оларды төменде көрсетілген сұлбада сипаттаймыз.

Оқыту әдістерін келесідей үш негізделген топқа бөлуге болады:

1. Бейтарап әдістер;

2. Белсенді әдістер;

3. Интерактивті әдістер.

Интерактивтік әдістер

Интерактивтік әдістерге қатысушылар орындайтын интерактивтік жаттығулар мен тапсырмалар жатады. Интерактивті жаттығулар мен тапсырмалардың қарапайым тапсырмаларға қарағанда айырмашылығы олар бұрын өткен тақырыптарды терең ете түсумен қатар жаңа тақырыпты да оқуға бағытталған. Қазіргі заман педагогикасы интерактивті әдістерге бай болып келеді, олардың арасына келесілерді анықтап көрсетуге болады:

- шығармашылық тапсырма;

- кіші топтардағы жұмыс;

- үйретуші ойындар (рөлдік ойындар, имитация, қызметтік ойындар және білім беру ойындары);

- қоғамдық қорларды қолдану (мамандарды шақыру, экскурсия);

- әлеуметтік жобалар және аудиториядан тыс оқыту әдістері (әлеуметтік жобалар, жарыстар, радио және газеттер, фильмдер, қойылымдар, көрмелер, көріністер, әндер және ертегілер);

- жаттығу;

- жаттығу, үйрену және жаңа материалды тереңдете түсу (интерактивті дәрістер, видео- және аудио материалдармен жұмыс жасау, «оқушы мұғалімнің рөлінде», «әркім әрбасқа адамды үйретеді», мозаика, сұрақтарды қолдану, Сократтық сұхбат);

- қиын және дискуссиялық мәселелер мен сұрақтарды талқылау («позицияда болу (ой пікір шкаласы)», жобалық техникалар, «жеке–екеу–бірге», «позицияны ауыстыру», «Әткеншек», «теледидарлық шоу ретінде пікір алмасу» стилі, дебаттар, симфозиум);

- мәселелерді шешу («Шешім ағашы», «Ми шабуылы», «шырмауларды (казустер) талдауы», «келіссөздер және медиация», «Саты және сыдырмалар»).

Оқыту әдістерін таңдау тәуелді:

- білім берудің жалпы мақсатына;

- нақты бір пәндерде сабақ берудегі әдістер ерекшелігіне;

- нақты тақырыптың мақсаты, міндеті мен мазмұнына;

- белгілі бір сабақты немес тақырыпты өткізу уақытына;

- білім алушының жас ерекшеліктері және дайындық деңгейіне;

- материалдық қамтамасыз етілуіне;

- мұғалімнің мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне.

Бақылау сұрақтары

  1. Оқыту әдісі дегеніміз не?

  2. Әдіс құрылымынан қандай құрамдық бөліктерді бөліп көрсетуге болады?Әдістерді жіктеудің мәнін ашып көрсет

  3. Оқыту функциялары қандай функцияларды орындайды?

  4. Әңгіме әдісінің мазмұнын ашып көрсет.

  5. Танымдық іс-әрекеттің типіне қарай оқыту әдістерін классификацияла.

  6. 5.Ауызша баяндау әдістері дегеніміз не, және оған қандай әдістер кіреді?

  7. 6.Оқытудың көрнекілік әдістері дегеніміз не, және оған қандай әдістер кіреді?

  8. Оқытудың практикалық әдістері дегеніміз не, және оған қандай әдістер кіреді?

  9. 8.Оқытудың бағдарламаланған /программаланған/ әдістері дегенді қалай түсінесің?