- •Білім көздері бойынша (сөздік, көрнекілік, тәжірибелік):
- •2. Білім алу кезеңдері бойынша (жаңа мәліметтерді оқу, бекіту, нақтылау және жүйелеу, тексеру және білім есебі);
- •3. Танымның логикалық жолдары бойынша (индукция, дедукция, талдау, синтез, аралыс):
- •4 Оқушының танымдық әрекетінің сипаты бойынша келесідей бөлінеді:
- •5. Педагогтың немесе оқушының иелік әрекеті бойынша келесідей:
- •Бақылау сұрақтары
- •8Дәріс. Оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін арттыратын әдістер
- •9 Дәріс. Оқытудың инновациялық интерактивті әдістері
- •10 Дәріс. Оқу мотивтері. Оқушыларды оқуға ынталандыру.
- •Бақылау сұрақтары
9 Дәріс. Оқытудың инновациялық интерактивті әдістері
Инновациялық оқыту дегеніміз-қазіргі кезеңде әлеуметтік,мәдени ортадағы білім беру әрекетінің нәтижесі.
Инновациялық (озық) білім беру деп - тұлғаның бағдарлы қөзқарасты, білімдегі дәлдікті, шығармашылық бастауды, сонымен бірге жаңа технологиялық мағлұматтарды игеруін айтады.
Инновациялық әдістер мен оқытудың ақпараттық технологияларының мақсаттары мен міндеттері:
1 Сабақтарды жаңаша ұйымдастыру.
2. Мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау.
3. Теориялық, ғылыми-педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып,оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру.
4. Оқушының ойлау қабілеттерін арттырып, ақпараттық технологиялар негізінде ізденушілігін дамыту.
5. Шынайы дерек көздерінен мәліметтерді жинақтау арқылы ізгілікке, елжандылыққа, саналылыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
6. Баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай қолдану.
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:
Балаға ізгілік тұрғысынан қарау;
Оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
Баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;
Баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;
Баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;
Оқу үрдісін оқушының сезінуі т.б.
Қазіргі бастауыш сынып оқулықтары «Дамыта оқыту технологиясы» негізінде жасалған. Бұл технология баланың жасырын, тіпті тым тереңде жатқан қабілеттерінің көрінуіне, өздігінен шығармашылық жұмыспен айналысуына мүмкіндік жасайды. Бүгінгі күннің талабына сай инновациялық әдістер мен ақпараттық компьютерлік технологияларды қолдану, оқу үрдісінде түрлі деңгейлік тапсырмалар жүйесін әзірлеу, оқыту бағдарламалары, оқушы мен мұғалімге арналған зертханалық-практикалық және мәдени практикалық жұмыстар жеке тұлғаның сапасын қалыптастыруға септігін тигізетіні белгілі.Осыған орай сабақ беру үрдісінде инновациялық әдістер оқытудың интерактивті оқыту моделі болып табылады.
Инновациялық әдістер-оқытудың интерактивті оқыту модулі
Интерактивтіиәдістер:
-анкета;
-кесте;
- проблемалық шығарма әдістері;
- презентациялар;
- пікірталастар;
- кейсстадийлер;
- топпен жұмыс;
- миға шабуыл;
- сын тұрғысынан ойлау;
- викториналар;
- мини зерттеулер;
- іскерлік ойындар;
- рөлдік ойындар;
- блиц-сұрақтар.
Оқытудың интерактивті модулінің негізгі өлшемдері:
Емін-еркін пікір таласқа түсу мүмкіндігі.
Белгілі бір материалды еркін түрде баяндау.
Топтық тапсырмалардың қолданылуы.
Жазбаша жұмыстарды орындау.
Ұжымдық іс-әрекеттерді дамыту.
Оқушылар бастамалары.
Елбасымыздың алдыңғы бір жолдауында «Білім беру сапасының басты міндеті-2020 жылға дейін білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың қызмет көрсету аясын кеңейту» деген болатын. Бұл мұғалімдер қауымын жаңаша іскерлікпен оқып үйренудің жаңа технологиясын ендіру міндеттерін шешуге жетелейді. Тәжірибеге сүйенсек, күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылар мен теледидарды,компьютерді, мультимедиялық проекторларды пайдалану үлкен нәтижелер беруде.
Бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері әр түрлі. Сол себепті оқушыларының білім сапасын көтеру-әр ұстаздың міндеті. «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан ойлауды дамыту » технологиясын басшылыққа ала отырып, әр оқушының өз деңгейінде дамуына мүмкіндік жасау бағытында жұмыстанып келемін.
«Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан ойлауды дамыту»
технологиясы-мұғалім мен оқушының құзіреттілігін арттыруда болатын бірден бір тиімді әдіс.
Сыни тұрғысынан ойлауды үйретудегі шартты белгілер:
-сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек:
-оқушыларға ойланып-толғануға,ойын ашық айтуға рұқсат беру;
-әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;
-үйрену барысында оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;
-кейбір оқушылар түсіп қалған жағдайларды әжуаға айналдырмау;
-оқушылардың бір-бірінің жауабынасынының дәлелді,дәйекті болуын талап ету;
-сын тұрғысынан ойлауды бағалау т.б.
Оқушыларға қойылатын талаптар:
-бар ынтасымен оқуға берілу;
-сенімділікпен жұмыс жасау;
-пікірлерді тыңдау,құрметтеу;
-өз пікірін ашық білдіру.
Жаңа технологияны оқыту-тәрбие үрдісінде қолдана отырып, біз неге үйрете аламыз?
1.Өз бетімен ойлауға.
2.Жаңа шешімдер табуға.
3.Ұжымдық өмір сүруге.
4.Шыдамды болуға.
5.Өзгелердің көзқарас пікірлерін тыңдай білуге.
6.Өзінің жеке болашағын жасақтауға.
7.Өз бетімен білім алуға.
Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану нәтижелері
- өз бетімен жұмыс істей отырып, шеберлігін арттыра біледі;
- өз беттерімен ізденулеріне, шығармашылықпен жұмыс істеулеріне бағыт беріледі;
- ойлау қабілеті дамиды;
- нәтижелерін керек жағдайда түзетеді және одан қорытынды жасай алады;
- қорытындыны басқа нәтижелермен салыстырады;
- әр түрлі жағдайда өз шешімін таңдай біледі, мұғалімге жалтақтамайды;
- өзін-өзі бағалай білуге үйренеді;
- жаңа технологияны пайдаланып, интерактивтік тақтада жұмыс жасай біледі.
Оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын,қиялын,сезімдерін,яғни жан-жақты,шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасай білетін,бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту үшін инновациялық әдістер мен оқытудың ақпараттық технологияларын пайдаланудың маңызы өте зор.
