- •Реферат
- •Қазақстанда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелерін қолданыстағы мемлекеттік реттеу саясаты мен қолданыстағы ынталандыру тетіктерін талдау
- •Қазақстанда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру шаралары
- •Энергетика инфрақұрылымымен қамтамасыз ету Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
Қазақстанда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелерін қолданыстағы мемлекеттік реттеу саясаты мен қолданыстағы ынталандыру тетіктерін талдау
Қазақстан Үкіметі энергия тиімділігін арттыру бойынша үлкен мақсаттар қойып, қазіргі таңда тиісті іс-шараларды іске асыруда.
Жалпы, қолданыстағы энергия үнемдеу саясаты мынадай негізгі міндеттер бойынша жүргізілуде: 1)нормативтік құқықтық базаны құру; 2) өңірлік және салалық энергия үнемдеу жоспарларын бекіту; 3) Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу; 4) техникалық ретттігін енгізу; 5) мамандарды даярлау және энергия үнемдеуді насихаттау; 6) халықаралық ынтымақтастықты дамыту; 7) энергия үнемдеу саясатына бизнестің қатысуы.
Атап айтқанда, 2012 жылдың қаңтарында 2012 жылғы 26 шілдеде күшіне енген Қазақстан Республикасының «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» (бұдан әрі – Заң) және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарының қабылдануы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруды дамытуда маңызды кезең болып табылады. Заңның шеңберінде 22 нормативтік құқықтық акті қабылданды. Осылайша, толық энергия үнемдеу жүйесі пайда болды: 1) өнеркәсіп өнімдері мен қызметтерінің барлық түрлеріне энергия тұтыну нормативтері енгізілді. Барлық өнеркәсіп кәсіпорындары аталған нормативтерге сәйкес келуге міндетті; 2) көлік, электр қозғалтқыштардың барлық түрлеріне, сондай-ақ үйлер, ғимараттар, құрылыстар мен жобалау құжаттамаларына энергия үнемдеу бойынша міндетті талаптар енгізілді; 3) үйлердің, ғимараттардың, құрылыстардың энергия тиімділігі сыныбы және оларды анықтау және қайта қарау қағидалары енгізілді; 4) өнеркәсіп кәсіпорындары мен ғимараттарда энергоаудит жүргізу қағидалары қабылданды; 5) үшжақты негізде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті орган, облыс әкімдігі және энергетикалық ресурстардың ірі өнеркәсіптік тұтынушысы арасында жасалатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ерікті үлгілік келісім бекітілді. Жергілікті өкілді органдар аталған келісімді жасасқан субъектілер үшін қоршаған ортаға шығарындыларға төлем ақысын көтермеуге құқылы; 6) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері жөнінде жергілікті атқарушы органдардың қызметін бағалау тетігі енгізілді; 7) энергия аудитін және (немесе) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ энергия менеджменті жүйесін құру, енгізу және ұйымдастыру жөніндегі оқу орталықтары қызметінің қағидалары бекітілді. Заңның негізгі нормасы Мемлекеттік энергетикалық тізілімді (бұдан әрі – МЭТ) құру болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 ақпандағы № 86 қаулысына сәйкес МЭТ операторы анықталды. МЭТ субъектілері энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бір мың бес жүз және одан көп тоннаға барабар көлемінде энергетикалық ресурстар тұтынатын жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың субъектілері болып табылады. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, МЭТ субъектілері әрбір бес жылда кемінде бір рет міндетті энергия аудитінен өтеді, сондай-ақ энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бір мың бес жүз және одан көп тоннаға барабар көлемінде энергетикалық ресурстар тұтынатын жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар 2014 жылдан бастап энергоменеджмент бойынша халықаралық стандарт талаптарына сәйкес энергоменеджмент жүйесін құруға, енгізуге және жұмысын ұйымдастыруға міндетті.Осыған орай Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті СТ РК ISO 50001-2012 «Энергия менеджменті жүйесі. Қолдану бойынша басшылық пен талаптар» стандартын бекітті және ғимараттарда энергоаудит жүргізу әдістемесін әзірледі. Қазіргі таңда құрамына энергия аудитін және (немесе) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ энергия менеджменті жүйесін құру, енгізу және ұйымдастыру жөніндегі 6 оқу орталығы мен 13 ұйым кіретін қазақстандық энергоаудиторлар қауымдастығы құрылып, қызмет етуде.
Сонымен қатар 2015 жылға дейін ЖІӨ энергия сыйымдылығын 10 % төмендету үшін жағдай жасайтын жүйелі шаралар анықталған «2012 – 2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының энергия тиімділігін арттыру жөніндегі кешенді жоспар» (бұдан әрі – Кешенді жоспар) қабылданды.
Кешенді жоспар шеңберінде 16 өңірлік және 5 энергия үнемдеу салалық жоспарлары іске асырылуда. ТРМК жанында Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы стандарттау жөніндегі техникалық комитет құрылды.
Энергия үнемдеу саласында да халықаралық ынтымақтастық дамып келеді. ГФР, АҚШ, Жапония үкіметтерімен, Норвегия және Нидерланды Корольдіктерімен меморандумдар мен келісімдер іске асырылуда. ГФР Үкіметімен ынтымақтастыққа сәйкес Герман энергетикалық агенттігімен бірлесіп, энергия тиімділігі орталығы құрылды.
Энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іске асқан мемлекеттік іс-шаралардың жоғарыда көрсетілген нәтижелері энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жүйелі жұмысты одан әрі қарай жүргізу қажеттілігі мен орындылығын көрсетеді.Талдау нәтижелері энергия үнемдеуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының энергия ресурстарын тұтынудың негізгі болжамы 2015 жылға қарай энергия тұтыну 90 млн. тонна мұнай эквивалентін, 2020 жылға қарай 120 т.м.э. құрайтынын көрсетіп отыр. Қабылданған заңнамалық шаралардың сәтті іске асуын ескере отырып, 2015 жылға қарай ЖІӨ энергия сыйымдылығын 10 %-ға төмендету бойынша мақсатқа қол жеткізіледі (жоспарлы сценарий). Жыл сайын энергия тұтынуды 10 %-ға төмендету бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін экономиканың энергия тиімділігін арттыру нәтижесіне жылдам серпінмен қол жеткізу жөніндегі қосымша шараларды іске асыра отырып, энергия тұтынуды төмендетудің үдемелі сценарийіне көшу қажет.
