Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
28 Кб
Скачать
☆

Энергетика инфрақұрылымымен қамтамасыз ету Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

Әр түрлі меншік нысандарындағы өнеркәсіптік және өңірлік бағыттағы ұлттық маңызы бар 59 электр станциясы электр энергиясын өндіруді жүзеге асырады, олардың жалпы орнатылған қуаты - 18 992,7 МВт, қолда бар қуаты - 14 558,0 МВт, электр станцияларының 80 %-ы көмірмен жұмыс істейді. 2009 жылдың қорытындылары бойынша елдің электр станцияларында электр энергиясын өндіру 78,4 млрд. кВтс құрады, тұтыну 77,9 млрд. кВтс құрады. Электр энергетикасы саласы активтерінің тозу деңгейі жоғары, оның ішінде: генерациялайтын жабдық - 70 %; электр желілері - 65%. Электр станцияларының электр генерациялайтын жабдықтарының одан әрі тозуына, 2009 жылдың мамырынан салаға инвестициялардың болмауына байланысты электр энергетикасында тариф белгілеудің жаңа тетігі енгізілуде, онымен энергия өндіретін ұйымдар үшін электр энергиясына арналған шекті, есептік және жеке тарифтерді енгізу және тиісінше электр өндіретін ұйымдардың энергия жинақтайтын қуаттарды қайта құру, жаңғырту, кеңейту және жаңадан салу жөніндегі инвестициялық міндеттемелерін орындауы көзделген. 2009 - 2015 жылдар кезеңінде жылдар бойынша бөле отырып энергия өндіретін ұйымдардың 13 тобы бойынша электр энергиясына арналған шекті тарифтері бекітілді, олар саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етуді ескере отырып, жыл сайын түзетілуі тиіс. Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен энергия өндіретін ұйымдар арасында 84,2 млрд. теңгеден астам көлемде 2010 жылға арналған шекті тарифтер шеңберінде инвестициялардың жалпы сомасына инвестициялық міндеттемелерді орындау туралы 36 келісімге қол қойылды. Жаңа электр станцияларын салу сияқты ірі ауқымды инвестициялар іске асырылған жағдайда инвесторлар есептік тариф немесе жеке тариф бойынша жұмыс істей алады. Жаңа тариф белгілеу тетігін енгізу саланың инвестициялық тартымдылығын көтеруге, салаға инвестициялар тарту үшін жағдайлар жасауға және энергия өндіретін ұйымдардың инвестициялар қайтарымдылығын қамтамасыз ету жөніндегі мүмкіндіктерін есептеуге мүмкіндік береді. Негізгі міндет Экономиканы электр энергиясымен қамтамасыз ету және елдің энергетикалық тәуелсіздігіне қол жеткізу.

Қорытынды

Бүгінде Қазақстан ғана емес, бүкіл дүниежүзі табиғи менералды ресурстарды мейлінше үнемдеп пайдалануға қатты көңіл бөліп отыр. Еліміздің қазіргі қарқынды экономикалық дамуы, күнделікті тұрмыста энергия тұтынудың жаппай өсуі, сонымен қатар, тұтынушылар тарапынан ысырапшылдықтың орын алуы – соңғы кезде энергияны үнемдеу мәселесін мемлекеттік деңгейге қоюға алып келді. Электр және жылу энергиясын, ауыз суды тұтынудың өсімінен туындаған мәселені тек мемлекет шешуі керек деп қарауға болмайды. Оның үстіне энергия өндіретін кәсіпорындарды жаңадан салу қомақты материалдық шығындармен қатар уақыт шығынын да қажет ететінін ескеруіміз қажет.

Міне сондықтан да, әрбір азамат, барлық мемлекеттік және коммерциялық құрылымдар энергияны үнемдеудегі жауапкершілікті түсініп, оған өз үлестерін қосуы тиіс, бұл еліміздің экономикасын тиімді дамытуға және азаматтардың тұрмысын жақсартуға әсерін тигізеді. Өйткені, электр, жылу және су құбырлары желісін тұтынушылардың өздері пайдаланады. Қазіргі уақытта дүние жүзінің барлық өнеркәсібі дамыған елдерінде энергияны үнемдеу мәселелері жоғары қарқынмен шешілу үстінде. Соңғы ширек ғасырдың ішінде энергия үнемдейтін мақсатты саясатты іске асыру есебінен осы Евпорпалық дамыған елдерде жалпы ішкі өнімнің энергияны пайдалану көрсеткішін 30 пайызға дейін азайтуға қол жеткізілді. Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында электр қуатын үнемдеуге ерекше назар аударатын кездің келгенін айтып өтті. Энергияның тапшылығы экономикалық өсімді тежейтін факторлардың бірі болуы ықтимал.

Қазақстан Республикасы Үкіметі мемлекеттік бағдарламалар қабылдап, энергия үнемдеуші технологияларды енгізу, электр энергиясының сараланған тарифтерін енгізу, энергия таратушылардың тұтыну және есепке алу жүйесін дамыту бағытында заңнамалық актілер қабылданды. Әрине, мемлекет еліміздің энергиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Отандық өнеркәсіптің қалыпты жұмыс жасауын, еліміздің индустриялық-инновациялық дамуын қамтамасыз ету мақсатында шаралар алатыны, жаңа электр қуатын өндіретін станциялар салуға басымдылық беретіні сөзсіз. Дегенмен бұның барлығы, қомақты қаражатты, жылу, атом электр станцияларын салу экологиялық жағдайға әсер ететіні белгілі. Қолда барды үнемдеп пайдалану, ысырапшылдыққа жол бермеу бүгінгі күннің талабы.