Энергия үнемдеу
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті 1994 жылы энергия үнемдеудің Үлттық бағдарламасын жасау туралы шешім қабылдады. Бүл бағдарлама жан-жақгы болады және Республика экономикасының әрбір секторын қамтиды.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің тілегі бойынша Халықаралық даму бойынша АҚШ Агенттігі (ЮСАИД), оның ТМД-ның энергетикалық инфрақүрьшымъш дамыту бойынша бөлімі, айтылған бағдарламаны жасауға көмектесуге келісім берді.
Бағдарлама жасағанда негізгі мәселелер екі басты категорияға бөлінеді:
энергия үнемдеу облысындағы экономикалық және заң шығару- шылық шаралармен байланысты мәселелер;
энергия үнемдеуді жүзеге асырудың техникалық шаралары бойынша.
Энергия үнемдеудің маңыздылығы және мүмкіншілігі
Республика үшін энергия үнемдеудің маңызды болу себебі: бірнеше пайда алуға жағдай тудырады:
Энергия мен қаржы үнемдеу, энергияға сүраныс деңгейін төмендету;
Қоршаған орта жағдайын жақсарту;
Энергия үнемдейтін жаңа тәсілдемелерді енгізу мүмкіндігін жоғарлату;
Қосымша валюталық қаржы алу немесе оларды үнемдеу;
Тәсілдемелік (технологиялық), өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық кешендерінің бәсекелік қабілетін жоғарлату;
Жаңа жүмыс орындарын жасау және жүмысшылардың кәсіби дағдыларын (навыки) жоғарлату;
Инфляция деңгейін төмендету;
Энергия тұтыну көлемі үлкен кәсіпорындарда өндіріс шығындарын қысқарту және пайдалылық деңгейін өсіру;
Энергия бағаларын өсіруге қарсылықты түрақтандыру немесе энергия жеткізуді қысқарту.
Казақстан шикізат қорына мүнай, табиғи газ, көмір, мыс және басқа түсті металдар кіреді. Бүл қорлар үлкен және бүрынғы Кеңес Одағының басқа республикаларына дәстүрлі экспортталды. Металлургия, энергетика және отын өнеркәсібі республика өнеркәсібінің ең маңызды секторлары.
Бүрынғы Одақ кезінде республикадағы кейбір кәсіпорындар еш нәрсемен санаспай бүкіл дүние жүзіне жететіндей өнім шығарды. Енді ондайларды алдымен ықшамдап, сосын тәсілдемелерін қолға алу керек. Осы тұрғьдан барлық кәсіпорындарды қарастыруымыз қажет. Болашақга бүл екі сызықгың орнын алмастыруымыз керек. Айтылған мәселені шешу тек энергетиктердің ғана міндеті емес, бүл бүкіл республика экономиясының жан-жақгы қарастырып шешетін ең басты мәселесі деп ойлаймыз. Республика халық шаруашъшығының алдына қойьшған басты мақсатқа жету үшін елдің барлық өнеркәсіп салалары өздерінің тиімдіілігін жоғарьлату жолында жаппай қызмет атқаруы тиіс. Бұлай болмайынша энергия жетіспеушілігінен ешқашан кұгыла алмаймыз.
Біраз уақыттан кейін энергия үнемдеудің Үлттық бағдарламасы толық орындалса Қазақстанда энергия тұтыну деңгейі дамыған елдердегі деңгейге дейін төмендейді.
Қазақстан энергия үнемдейтін тәсілдемелерді пайдаланса және ішкі жалпы өнімді қүрылымдық өзгертсе дамыған елдермен салыстырғанда өнеркәсіптегі электр тұтынудағы үнемдеу 35%-ке дейін, ал ауыл шаруашылықта — 15%-ке дейін болады. Энергоқорларды үнемдеу өнеркәсіптің жеке салаларында бьшай болады:
республиканың металургиялық кешенінде — 25%-ке дейін;
химия — орман кешенінде — 24%-ке дейін;
машина жасау кешенінде — 12%-ке дейін.
Проценттер көрсетілген кешендердің энергия тұтынуынан алынған. Энергия үнемдеу жобаларын жүзеге асыру экономикалық түрғыдан тиімді болу үшін: үнемделген энергия бірлігінің шығындар қүны тағайндалған тарифтен аз болу керек.
Энергия үнемдеу дегеніміз материалдық өндірісте және әлеуметтік сферада энергия тұтынуды ғылыми негізде төмендетуге бағытталған мақсатты жобалардың кешенін іске асыру процесі. Энергия үнемдеу үлттық табыстың энергия сіңіргіштігін кішірейтуге қолданылады.
Қазақстандағы жеке өнеркәсіп кәсіпорындары бойынша алынған мәліметтерге негізделе отырып энергия үнемдеудің қысқа және орта мерзімді жобаларын жүзеге асыру Қазақстанда түтынылатын энергияның 15%-тен 25%-ке дейін мөлшері үнемделеді деуге болады. Энергия үнемдеудің үзақ мерзімді жобаларын іске асыру үшін алдыңғы қатардағы, жаңа тәсілдемелерді енгізу керек және Үкімет бағдарламалары мен энергия бағасының өсуі оң әсерін тигізгенше белгілі уакъіт та қажет.
