Энергия үнемдеу саясатын жузеге асыру жөніндегі Үкімет рөлі
1970 жылдары дағдарыс кезеңінде өнеркәсіптік дамыған ОЭСР-ға мүше елдердің Үкіметтері энергия үнемдеу туралы зандар, қалыптықгар (нормативтер) қабьшдау арқылы көп шаралар жүзеге асырды. Дамып келе жатқан елдердің көбінде энергия үнемдеу бойынша қалыптықгар енгізіле бастады. Сонымен, бүкіл дүние жүзі бойынша барлық елдердің үкіметтері энергоқорлардың маңызын түсіну және энергия тұтынушьшарды үйрету, өнеркәсіптік тұтынушылар үшін барлық энергия түрлерін жүмсау бойынша бекітілген шек қою қажет деп санайды. Одан басқа үкімет шешетін мәселелер:
Зауыт, фабрикалардың бас қайратшыларын (энергетиктерін) тағайындау, олардың басты міндеті энергияны үнемді жүмсауды кдмтамасыз ету;
Негізгі онімдерді шығаруға қажет меншікті (удельный) энергия шығысын бекіту, оларды тұтынушьшар жасайды және тоқсан (ай) сайын үкімет орындары алдында орындалу барысы туралы есеп береді;
Мемэнергобақылау (Госэнергонадзор) орындары ірі энергия тұтынушылардың энергоқорларды пайдалануын техника-экономикалық сараптап (экспертиза) істелген жұмыстарды және олардың нәтижелерін тиісті құжаттарда (акт) көрсетулері керек;
Өнеркәсіп салалары, ауыл шаруашылығы, түрмыс тұтынушылар секторлары бойынша жасалған энергия үнемдеу жоспарларын бекіту.
Тунисте, мысалы, жьлына 2000 т.ш.о және одан көп тұтынатын өнеркәсіптік кәсіпорындар үш жылда бір рет техника-экономикалық экспертиза жүргізулері керек. Оңтүстік Кореяда жьшына 500 т.ш.о-нан көп түтынатын компаниялар энергия тұтыну және оны үнемдеу туралы есептікті (отчет) жыл сайын берулері керек. Бүл елде энергия үнемдеу жөніндегі кәсіпорындардың бас энергетиктерінің өкілеттіктері бекітілген. Энергия үнемдеу бойынша осындай қалыптықгардың түрлері Португалия, Италия, Жапония және басқа елдерде қолданьшады.
Энергия өндіретін кәсіпорындар үшін босатылған энергияға тағайындалған меншікті отын шығысы, ал тасымалдаушы және таратушы кәсіпорындар үшін электр тораптарындағы тәсілдемелік шығындар шамалары бойынша үкімет қалыптықгары бар.
Егер заңдар мен энергия үнемдеу қалыптықтары орындалмаса әкімшілік жаза қолданылып айып төлетіледі, оларды Үкімет энергия үнемдеу бағдарламасын жүзеге асыруға пайдаланады.
Кейбір елдерде үкімет соңғы 10 жылда энергия үнемдеудің үлгіқалыпын (стандарт) жасауға көп күш жүмсады. Үлгіқалыптар өнеркәсіп жабдықгары мен кәсіпорындар, коммерциялық және түрғын гимараттар, тұрмыстық аспаптар үшін жасалды.
Қортынды
Электр қуатын үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру – мемлекеттік үдемелі индустриялық - инновациялық даму бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Электр қуатын үнемдеу XXI ғасырдың ең маңызды міндеттерінің бірі. Еліміздің экономикалық қатынастарда дамыған елдердің қатарындағы орны және азаматтардың тұрмыс деңгейі осы мәселені шешудің нәтижесіне байланысты.Қазақстанда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру шаруашылықтың барлық салаларында қазіргі уақытта энергетикалық, экологиялық және экономикалық проблемалар кешенін шешетін басым міндеттр болып табылады. Осы міндетті шешпей елдің дамуын ұстау мүмкін емес. Мемлекет басшысы энергия үнемдеу саласында жалпы ішкі өнімді үнемдеуді 2015 жылға қарай 10%-ға, 2020 жылға қарай 25%-ға төмендету бойынша міндетті алға қойды. Энергия үнемдеу саясатын жүргізу үшін негіз қолданыстағы нормативтік база болып табылады. ҚР Президенті 2012 жылғы 13 қаңтарда «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» және Кейбір заңнамалық актілерге энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңдарына қол қойды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы №1404 қаулымен «ҚР энергия тиімділігін арттырудың 2012-2015 жылдарға арналған кешенді жоспары» бекітілді. Бұл өз кезегінде Заңдар, НҚА және нормативтер арқылы ынталандыру шаралар кешені. Өнеркәсіп барлық электр энергияның 70% жоғары тұтынатындығын атап өту қажет. Кешенді жоспар шеңберінде олардың 50/50 (50% қаржыландыру – бұл кәсіпорынның меншікті қаражаты, қалған 50% - бұл мемлекеттік бюджет) энергия аудиті жүргізілді. Энергия аудиті қорытындылары бойынша электр энергетиканы қоса алғанда, өнеркәсіптің энергияны қажетсінуін төмендету үшін жүйелік шаралар өңделді. Энергия ресурстардың көп өндірілмеген шығындарды біз тұрғын үй және бюджеттік секторда көреміз, осыған байланысты өткен жылдан бастап осы сектордағы бюджеттік қаражатқа «Қазақстандық ТКШ жаңғырту және дамытуорталығы» АҚ энергия аудитін жүргізді. Өсіп келе жатқан экономикада электр қуатын ұтымды пайдалану және үнемдеу бүгінгі күннің аса маңызды мәселелерінің бірі. Осы мәселені шешу үшін электр қуатын үнемдеу бойынша салалық Бағдарлама жасалынған. Осы бағдарламаға сәйкес елде өнеркәсіптік өндіріс пен тұрғын ұй-коммуналдық шаруашылықтың электр сыйымдылығы жылдам төмендетілуі керек. Яғни, электр үнемдегіш технологияларды қолдану және мөлшерден тыс жоғалуларды қысқарта отырып электр қуатын ұтымды пайдалану керек.
