- •Философия және саясаттану факультеті Педагогика және білім беру менеджмент кафедрасы
- •Жоспар:
- •Жаратылыстану ұғымының мазмұны
- •Қазіргі жаратылыстанудың құрамдас бөліктері
- •2. Қазіргі жаратылыстану дамуының тенденциялары
- •3.Жаратылысты – ғылыми және гуманитарлы мәдениет
- •4. Математика – дәл жаратылыстанудың әмбебап тілі
- •5. Әлемнің жаратылысы – ғылыми бейнесі
- •III. Қорытынды.
- •IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
4. Математика – дәл жаратылыстанудың әмбебап тілі
Итальяндық көрнекті физик жіне астроном, дәл жаратылыстануды жасаушылардың бірі Галилео Галилей (1564-1642) былай деген: « Кім де кім жаратылыстану ғылымдарының мәселелерінің математиканың көмегінсіз шешкісі келсе, ол өзінің алдында шешілмейтін міндет қояды. Өлшенетін затты өлшеу керек және өлшенбейтінді өлшеуге келтіру керек». Дәл жаратылыстануға қажетті математика қарапайым санау мен әр түрлі қарапайым өлшемдерден басталады (мысалы Евклидтың геометриясынан). Өз дамуына қарай дәл жаратылыстану бірте – бірте жоғары математиканың жетілген арсеналын қолданады. Математика қисындық түйін және Табиғатты танып – білу қралы ретінде – ежелгі гректердің туындысы. Математикамен олар біздің заманымызға дейін алты ғасыр бұрын шындап шұғылдана бастаған. Б.з.дейінгі VІ ғасырдан бастап гректерде Табиғаттың ұтымды құрылғаны жөнінде ұғым қалыптасты, ал барлық құбылыстар дәл «математикалық» жоспар бойынша өтеді деп есептеледі. Табиғат философиясының негізін салушылардың бірі Платон (б.з.д. 428-384) өзінің философиялық мектебінің маңдайшасына ұран ретінде мына сөздерді жазды: «геометрияны білмесең – кірме». Галилео Галилей өз шығармаларының бірінде оппоненттерінің бірінің келтірген түкке тұрмайтын дәлелдерін салмақтай отырып, оларға нағыз философияны, тек қана математика тілін білетін адамға түсінікті, Табиғаттың ашық кітабы ретінде қарсы қояды. Неміс философы Иммануил Кант (1724-1804) өзінің «Жаратылыстанудың метафизикалық бастауларында» былай дейді: «Табиғат туралы кез – келген жеке ілімді шын ғылымды онда математиканың қаншалықты барлығына (қолданылуына) қарап табуға болады». Осы жерде Карл Маркстың (1818-1883) мына сөздерін де келтіруге болады: « Математиканы қолдану сәтті болғанда ғана ғылым өз кемеліне жетеді». Салыстырмалылықтың жалпы теориясымен жұмыс жасау кезінде, одан кейін де А.Энштейн (1879-1955) математиканы, тіпті, оның ең жаңа күрделі бөлімдерін зерттеп қолдануда 40 өзінің білімдерін жетілдіріп отырды. Ұлы адамдардың барлық айтқандарынан (мұндай пікірлерді өте көп келтіруге болады) математиканы жаратылыстануға кіретін ғылымдарды тұтастырып біріктіретін және оған біртұтас ғылым ретінде қарауға мүмкіндік беретін «іргетас» деуге болады.
5. Әлемнің жаратылысы – ғылыми бейнесі
Қазіргі заманғы постиндустриалды қоғам қоғам технологиялардың прогрестерімен, инновациялық (инновация – жаңалық) экономикамен, өндіріс аймақтарының бүлінуімен әртүрлілігімен, творчестволық еңбек көлемінің көбеюімен сипатталады. Еңбек құралдары, өндірістік машиналар, тұрмыстық техника құралдары күнбе – күн өзгеруде. Өндірістің жаңаруының және пайда түсірудің негізгі факторында адамның ролі, оның интелектуальды және творчестволық мүмкіншіліктері күшейіп келеді. Информациялық кеңістікті игерудің күшеюіне байланысты өркениеттің (цивилизация) жаңа даму сатысы келе жатыр. Осы жағдайлар қоғам өміріндегі жаратылыстану ғылымының маңызын арттырады, қоғамның әрбір мүшесінен жоғары білімділікті талап етеді. Қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымының негізгі мақсаты – үлкен жаңалықтар мен зерттеулердің нәтижесінде Әлемнің жаратылысты – ғылыми бейнесін жасау. Әлемнің жаратылысты – ғылыми бейнесін (картинасын) тікелей жасайтын ғылымдар – астрономия, космология, космогония және физика. Астрономия – жұлдыздар туралы, олардың құрылысы мен қозғалысы туралы ғылым. Космология – белгілі космолог А.Л.Зельмановтың анықтамасы бойынша (1913-1987), өзіне астрономиялық байқамалармен қамтылатын Әлемнің бүкіл теорияларын жинақтайтын біртұтастық Бүкіләлемдік физикалық ғылым. Космогония ғылымы, космология сияқты бүкіл Әлемге назарын аудармай, тек қана тікелей берілген әлемді, космосты қарастырады, ең алдымен оның шыққан негізін зерттейді. Ал физиканы алсақ, ол астрономиямен, космологиямен сипатталатын бүкіл Әлем құрылысының, бүкіл жаратылыстанудың керекті теориялық негізін (фундаментін) жасайды. Қазіргі заманғы космологияда тікелей бізге берілген әлемге біз жалпы өзіміздің жер шарымызды және барлық космостағы аспан шырақтарын, оның ішіне Күнді және оның айналасындағы барлық планеталарын, Құс жолының барлық жұлдыздарын (оның біреуі біздің Күн), Метагалактиканың барлық галактикаларын (оның біреуі біздің галактикамыз – Құс жолы), сондай-ақ барлық планетааралық, жұлдыздараралық және галактикааралық ортаны жатқызамыз.
