Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
концепция назконтайЙЙЙЙЙЙЙЙ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
39 Кб
Скачать
☆

III. Қорытынды.

Жаратылыстану – бұл біртұтас бүтіндік ретінде қаралатын Табиғат туралы ғылымдардың жиынтығы. Бір қарағанда бұл екі анықтама әр түрлі. Шынында да, олардың біріншісінде Табиғат туралы бір ғана ғылым жайында айтылады, ал екіншісінде, жаратылыстану туралы Табиғатты зерттейтін көптеген ғылымдар ретінде айтылған. Шын мәнінде бұл екі анықтаманың арасында үлкен айырмашылық жоқ, өйткені, «ғылымдар жиынтығы» деген ұғым жекелеген ғылымдардың жиыны емес, керісінше, бірімен бірі өзара тығыз байланыстағы, бірін – бірі толықтырып отыратын жаратылыстық ғылымдардың біріңғай кешенін білдіреді. Бұл бір ғылым. Жаратылыстанудың ғылым ретіндегі арнайы жаратылыстық ғылымдардан айырмашылығы – ол табиғат құбылыстарын бірнеше ғылымдардың позициясынан, неғұрлым жалпыға ортақ заңдылықтар мен тенденцияларды «іздеп таба отырып» зерттейді, Табиғатқа жоғарыдан қарап зерттеген тәрізді болады. Орта мектепте жекелеген жаратылыстық пәндерді оқығанда сіздер, мүмкін, әрбір пәннің – химия, физика немесе географияның өз ерекшеліктері бар екендігін байқаған шығарсыздар. Жаратылыстану өз ауқымына енетін ғылымдардың ерекшелігін мойындай тұра, Табиғатты біртұтас бүтін ретінде зерттеуді өзінің басты мақсаты етіп қояды. Жаратылыстануды оқып үйрену не үшін қажет? Табиғаттың нақты біртұтастығын, Табиғаттағы сан алуан заттар мен құбылыстардың жасалу негізін және одан туындайтын микроәлемдер мен макроәлемдерді: Жер мен Ғарышты, физикалық және химиялық құбылыстарды өзара, өмір тіршілігімен, санамен байланыстырып тұрған негізгі заңдарды дәл ұғынып түсіну үшін керек. Жекелеген жаратылыстық ғылымдардың зерттеу нәтижелері арқылы Табиғаттың біртұтастығын танып білу мүмкін емес. Шындығында сіз адамның жекелеген мүшелерінің қызметін жақсы білесіз делік бірақ сіз осы мүшелердің жұмыс жасау заңдылықтарын үнемі біле бермейтін шығарсыз. Сондықтан орта мектеп дәрежесінде пәндерді – физиканы химия мен биологияны – жекелеп оқып үйрену Табиғатты біртұтастық тұрғысынан танып білудің алғашқы сатысы ғана бола алады басқаша айтқанда оның заңдарын жалпы жаратылыстық – ғылыми тұрғыдан танудың екінші сатысына шығуымыз керек. Осыдан келіп жаратылыстанудың қос міндеттен тұратын мақсаттары шығады.

Биология Биохимия Биофизика Физическая химия Химия Физика Химическая физика Геохимия Геофизика Геология Бүгінгі күні, мысалы, барлық химияны физикалық деп атауға болады. Бұл химиялық құбылыстарды таза химиялық тәсілдермен түсіндіру мүмкін болмағандықтан туындайды, сондықтан осы жерде физиканың көмегі керек болады. Физика мен химияның бұлай бірігуі жоғарыда айтылғандай, әр түрлі ғылымдарға бөлуді білмейтін Табиғаттың біртұтастығының нақты көрінісі. Мұндай бірігу тенденциялары немесе жаратылыстық – ғылыми білімдердің кірігуі ертеректе пайда бола бастады. 1747-1752 жылдардың өзінде М.В.Ломоносов (1711-1765)химиялық құбылыстарды түсіндіру үшін физиканың әдістерін қолдану қажеттілігін дәлелдеді. Ол жаңа ғылымға физикалық химия деген ат ойлап қойды. Жаратылыстық ғылымдарға физика, химия және биологиядан басқа да, мысалы, кешенді сипаттары бар геология мен география да жатады. Геология біздің ғаламшарымыздың құрамы мен құрылысын бұлардың миллиардтаған жылдар ішіндегі эволюциялық дамуына зерттейді. Оның негізгі бөлімдері – минералогия, петрография, вулканология, тектоника және басқалары – бұлар кристаллографиядан, кристаллофизикадан, геофизикадан, геохимия мен биогеохимиядан шығады. Сондай – ақ, география да өзінің физикалық география, топырақ географиясы сияқты негізгі бөлімдерінде әр түрлі деңгейде көрініс беретін физикалық, химиялық және биологиялық ғылымдардың сан алуан тарамдарын байланыстырып тұрған орасан зор тор түрінде елестетуге болады. Жаратылыстанудың негізгі принципі бойынша Табиғат туралы білімдердің эмпирикалық (тәжірибелік) тексеріс арқылы дәлелдену мүмкіншіліктері болуы керек. Бұл деген сөз әрбір білім эмпирикалық тексерістен міндетті түрде өтуі керек деген ұғым емес, бірақ әрбір теорияның қабылдануында тәжірибе нәтижелері негізгі аргумент болып табылады.

Осы жерде бір жағынан, жаратылыстық пен техникалық ғылымдардың, екінші жағынан, фундаментальдік және қолданбалы ғылымдардың айырмашылықтарын ескеру қажет. Жаратылыстанудың техникалық ғылымдардан айырмашылығы оның Әлемді өзгертуге емес, оны танып білуге арналғанында жатыр, ал математикадан өзгешелігі – оның әр түрлі математикалық белгілер жүйесін зерттеуінде. Фундаментальдық ғылымдар – физика, химия, астрономия – бұлар Әлемнің базисті (негізгі) құрылысын зерттейді, ал қолданбалы ғылымдар – фундаменттік ғылымдардың нәтижелерін күнделікті өмірдегі әртүрлі тнып – мен әлеуметтік – тәжірибелік мақсаттарды шешуге қолданады. Осы тұрғыдан қарастырғанда барлық техникалық ғылымдарды қолданбалы ғылымдар кіргізуге болмайды. Мысалы, металдар физикасы және жартылай өткізгіштер физикасы теориялық қолданбалы пәндерге жатады, ал жартылай өткізгіштер технологиясы – практикалық қолданбалы ғылымға жатады.