Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аржы РЕФЕРАТ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
191 Кб
Скачать
☆
    1. Айналым капиталын қаржыландыру көзі

Айналым қаражатының ауыспалы айналымы процесінде олар қалыптастырылған көздер, әдетте, ажыратылмайды. Алайда айналым қаражатын қалыптастыру жүйесі айналымды баяулатып немесе оны жеделдете отырып оның жылдамдығын ықпал етеді. Артық айналым қаражаты кәсіпорын капиталының бөлігі әрекетсіз және кіріс әкелмейтінін білдіреді. Сонымен бірге айналым капиталының жетіспеуі кәсіпорын қаражытының шаруашылық айналымының жылдамдығын баяулатып, өндірістік процестің жылдамдығын тежейді.

Айналым қаражатын қалыптастыру көзі жөніндегі мәселені екінші маңызды жағынан алып қарастырайы. Нарық жағдаяты үнемі өзгереді, сондықтан кәсіпорынның айналым қаражатына сұраныс та тұрақсыз болады. Іс жүзінде осы қажеттілікті тек меншік көздің есебінен өтеу мүмкін емес. Кәсіпорынның меншікті қаражат есебінен жұмыс істеуі тартымды екені назарға алынбайды. Ал көп жағдайда тәжірибе меншікті қаражатты пайдаланғаннан гөрі қарыз қаражатты пайдалану тиімді екенін растайды.

Сондықтан қарыз қаражат тартудың тиімділігін қамтамасыз ету айналым қаражатын қалыптастыру процесін басқарудағы негізгі міндет болып табылады.

Айналым қаражатын қалыптастыру көзінің құрылымы:

  • меншікті көзді;

  • қарыз көзін;

  • қосымша тартылған көзді қамтиды (5-кесте).

Әдетте, кәсіпорынның айналым қаражатына барынша аз қажеттілігі келесі меншікті көдің: пайданың, жарғылық капиталдың, резервтегі капиталдың, жинақтау және мақсатты қаржыландыру қорының есебінен жабылады. Алайда бірқатар объективті себептерден (инфляция, өндіріс мөлшерінің ұлғаюы, клиенттердің шоттарын төлеуді кешіктіру және т.б.) кәсіпорынға уақытша қосымша айналым қаражаты ұажет болады. Бұл жағдайда шаруашылық қызметті қаржымен қамтамасыз ету үшін қарыз көзі: банк және комерциялық кредит, қарыз, инвестициялық салық кредиті, кәсіпорын қызметкерлерінің инвестициялық жарнасы, облигациялық қарыз тартылады.

Айналым қаражат көзінің құрамы мен құрылымы

Айналым қаражат көзі

Меншікті

Қарыз

Қосымша тартылған

  1. Жарғылық капитал

  2. Үстеме капитал

  3. Резервтегі капитал

  4. Бөлінбеген таза кіріс

  5. Жинақтау қоры

  6. Мақсатты қаржыландыру, сондай-ақ бюджеттен және бюджеттен тыс қордан түсетін түсім

  1. Банкінің ұзақ мерзімді кредиті

  2. Ұзақ мерзімді қарыз

  3. Банкінің қысқа мерзімді кредиті

  4. Қысқа мерзімді қарыздар

  5. Коммерциялық кредит

  6. Инвестициялық салық кредиті

  7. Қызметкерлердің инвестициялық жарнасы

  1. Кредиторлық берешек:

  • жеткізушілер мен мердігерлерге

  • еңбекақы төлеу бойынша

  • бюджетпен

  • өзге кредиторлармен

  1. Тұтыну қоры

  2. Алдағы шығыс пен төлемнің резерві

  3. Күмәнді борыш бойынша резерв

  4. Қысқа мерзімді өзге міндеттеме

  5. Қайырымдылық және өзге түсім

Банк кредиті инвестициялық (ұзақ мерзімді) кредит немесе қысқа мерзімді несие нысанында беріледі. Банк кредиті негізі және ағымдағы кктивті сатып алумен байланысты шығынды қаржыландыру, сондай-ақ кәсіпорынның маусым кезіндегі қажеттілігін, таурлық-материалдық запасты уақытша ұлғайту, дебиторлық берешекті, салық төлемдерін, күрделі шығынды қаржыландыру үшін қажет.

Қысқа мерзімді несиені үкіметтік мекеме, қаржы компаниясы, коммерциялық банк, факторингтік компания беруі мүмкін.

Инвестициялық кредитті үкіметтік мекеме, сақтандыру компаниясы, коммерциялық банк, андеррайтер, жеке инвестор беруі мүмкін.

Айналым қаражатын қаржыландыру көзіне банк кредиті сияқты басқа кәсіпорын мен ұйымның қарыз, вексель, таурлық кредит пен аванстық төлем түрінде ресімделген коммерциялық кредит те жатады.

Инвестициялық салық кредитін кәсіпорынға мемлекеттік билік органы кәсіпорынның салық төлемінің уақытын уақытша ұзарту түрінде береді. Кәсіпорын инвестициялық салық кредитін алу үшін өзі тіркелген жердегі салық органымен кредит келісімін жасасады.

Қызметкердің инвестициялық жарнасы (үлесі) – қызметкердің экономикалық субъектінің дамуына белгіленген пайызбен сатылатын ақшалай жарнасы. Тараптың мүддесі шартпен немесе инвестициялық салым туралы ережемен ресімделеді.

Кәсіпорынның айналым қаражатына қажеттілігі айналысқа борыштық бағалы қағаз немесе облигация шығару есебінен де жабылуы мүмкін. Облигация ұстаушы мен құжатты айналысқа шығарушы тұлғаның арасындағы қатынастарды растайды. Қарыз мерзімі бойыша облигация мерзімдегі (1-3 жыл), орташа мерзімдіге (3-7 жыл), ұзақ мерзімдіге (7-10 жыл) жіктеледі. Басқа бағалы қағазбен салыстырғанда кәсіпорын облигациясының, әдеттеә сенімділігі төмен төмен болса да ол жоғары кіріс әкелетін жоғары бағалы ұағаз болып табылады.

Облигация мерзімді, қайтарымды, сондай-ақ белгіленген, құбылмалы немесе біркелкі ұлғаятын купондық ставкасы бар арқылы, сондай-ақ нөлдік купонды (пайызсыз облигация) болады. Пайызсыз облигация бойынша кіріс құнды қағазды өтеу бағасы бойынша өтегенде бір рет төленеді.

Корпорацияның айналым капиталына қажеттілігін анықтау

Айналым қаражатын нормалау деген:

  1. Таурлық-материалдық құндылықтың жекелеген түрі бойынша барлық айналым қаражаты запасының, әдетте, күнмен есептелген нормасын әзірлеу және белгілеу;

  2. Жалпы меншікті айналым қаражатының және оның әрбір элементінің ақшаға шағылған нормативін әзірлеу. Айналым қаражаты запасының нормасы бірқатар жыл бойы жылдық нормативті есептеу үшін қолданылады. Ол өндіріс, жабдықтау және өткізу жағдайы айтарлықтай өзгерген жағдайда, жылдық қаржылық жоспар жасағанда материалдық құндылықтың жекеленген түрі бойынша нақтыланады.

Әрбір кәсіпорынның меншікті айналым қаражатын нормативі мына

негізгі көрсеткішпен анықталады:

  1. Өндіріс және өнім сату көлемімен;

  2. Өндіріске, өнім сақтауға және сатуға жұмсалған шығынмен;

  3. Таурлық-материалдық құндылықтың жекелеген түрі бойынша айналым қаражаты запасының (айналым қаражатының нормасымен) және күнде белгіленген шығынның нормасымен.

Айналым қаражатының жекелеген элементінің нормативін есептейтін жалпы формула:

мұнда: - элемент бойынша меншікті айналым қаражатының нормативі;

- осы элемент бойынша айналым қаражатының нормасы;

- осы элемент бойынша кезеңдегі айналым (шығын, шығарылым);

– кезеңнің күнмен есептелген ұзақтығы (демек )

Өндірістің тиісті бабы бойынша тоқсан ішіндегі шығынының сомасын цифранға 90-ға бөлсе өндірістік запастың жекелеген элементінің біркүндік шығыны шығады.

Айналым құрал-жабдығын шикізат, негізгі материалмен сатып алынатын жартылай фабрикат (бұдан әрі – материал); аяқталмаған өндіріс, даяр өнім сияқты үш ең маңызды элементін нормалауды негізгі қағидаларын қарастырайық.

Материалды нормалау. Материалға арналған меншікті айналым қаражатының нормативті біркүндік шығын күнінің және айналым қаражатының күнмен есептеленетін нормасының көбейтіндісі ретінде анықталады. Материалға арналған айналым қаражатының күнде есептелген орташа нормасы жалпы материалдың жекелеген түрі бойынша айналым қаражаты запасының нормасынан орташа өлшенген ретінде есептеледі.

Айналым қаражатының күнмен есептелетін нормасына:

а) материал шот төлеуден бастап келгенге дейін жолда болуы;

ә) қабылдау, түсіру, сұрыптау, қоймаға орналастыру және зертханада талдау;

б) өндіріске дайындау (мысалы, табиғи кептіру және т.б.);

в) ағымдағы қойма запасы түрінде болуы;

г) кепілді (сақтандыру) запас түрінде болатын уақыт кіреді:

Уақыт осы кәсіпорынның нақты жағдайы ескеріліп салалық нұсқаулықтарға сәйкес есептеледі.

Материалдың жекелеген түрі үшін айналым қаражатының күнмен есептелетін нормасы мына нысан бойынша есептеледі:

Мысал:

Материалдың

атауы

Шоттың белгіленген мерзімде төлеуден бастап сатып алушыға дейін жолы

Қабылдау, түсіру, сұрыптау, қоймаға орналастыру

Өндіріске дайындау

Ағымдағы қойма запасы

Ағымдағы запастың кепілді запасы (50%)

Айналым қаражаты нормасының барлығы

А

3,2

1

3

20

10

37,2

Б

1

1

-

7

-

9

В

4

2

2

30

15

53

Тиісті тоқсанда А материалдың жоспарлы шығыны – 10 млн теңгені, Б материалы бойынша – 2 млн теңгені, В материалы бойынша – 6 млн құрады. Сонда жалпы барлық материал бойынша айналым қаражатының ортша өлшенген нормасы төмендегіні құрайды:

Материалдың біркүндік шығыны мынаған тең болады:

Меншікті айналым қаражатының нормативі жоғарыда келтірілген формула бойынша анықталады:

200 мың теңге 39 күн = 7,8 млн теңге.

Аяқталмаған өндірісті нормалау. Аяқталмаған өндірістің меншікті айналым қаражатының нормативін есептеу үшін тауарлық өнім өндірісінің айналым қаражатының нормасын анықтау қажет. Айналым қаражатының нормасы өндірістік кезеңнің ұзақтығы мен шығынның үдеу коэффициенті негізге алынып анықталады.

Өндірістік кезеңнің ұзақтығына:

а) тікелей өндіріс процесі (технологиялық запас);

ә) өңделетін бұйым жұмыс орнында жатуы (көлік запасы);

б) жабдықтың және т.б. жұмы серпінінің әртүрлі болуына байланысты өңделетін бұйымның жекелеген операция мен жекелеген цехтың арасында (айналым запасы) болу;

в) бұйымның жаппай өндірісте кідіріс жағдайына запас (сақтандыру запасы) түрінде болу уақыты кіреді.

Өндірістік кезеңнің ұзақтығын есептеу үшін келесі дерек болсын делік.

Бастапқы дерек

Бұймның немесе бұйым топтарының атауы

Бұйым жасалатын кезең (күндерде)

Өнімнің жалпы мөлшеріндегі жоспарлық өзінді к құн бойынша бұйымның өзіндік салмағы

А

30

0,40

Б

6

0,45

В

14

0,15

Өндірістік кезеңнің орташа ұзақтығы ( ) 30 0,40 + 6 0,45 + 14 0,15=12 + 2,7 +2,1= 16,8 күнді құрайды.

Аяқталмаған өндіріс бойынша айналым қаражатының нормасын анықтау үшін өндірістік кезеңнің ұзақтығы жөніндегі деректен басқа бұйымның даярлық дәрежесін білу қажет. Оны шығынды үдеу коэффициенті білдіреді. Өңдеу шығыны біркелкі жұмсалатын кәсіпорында шығынның үдеу коэффициенті мына формула бойынша анықталады:

мұнда: - шығынның үдеу коэффициенті;

α - өндіріс процесі басталған кездегі біруақыттағы шығын;

β – бұйым шығару аяқталғанға дейін шегілетін шығын.

Мысалы, жоспар ьойынша шығын 46 млн теңгені, оның ішінде біржолғы шығын – 24 млн теңгені, ал кейінгі шығын – 22 млн теңгені құраса, онда шығынның үдеу коэффициенті құрайды:

Егер шығын біркелкі қабаттаспаса, онда шығынның үдеу коэффициенті шығынның негізгі бұйым бойынша үдеу тізбегі кестесі бойынша анықталады. Қарастырылатын мысалда аяқталмаған өндіріс бойынша айналым қаражатының өндірістік кезеңнің күнмен есептелетін орташа ұзақтығының және шығынның үдеу коэффициентінің көбейтіндісі ретінде анықталатын нормасы 12,8 күнді (16,8 0,76) құрайды.

Аяқталмаған өндірістің айналым қаражатының нормативтік тауарлық өнім шығару жұмсалатын шығын сметасы бойынша біркүндік шығын кұнының және айналым қаражаты нормасының көбейтіндісі ретінде анықталады. Егер тоқсандық жоспар бойынша шығын сметасы 46 млн теңгені құраса, онда бір күндік шығын 511 мың теңге (46000 ) болады. Бұл жағдайда аяқталмаған өндіріс нормативі тең болады:

Сонда, аяқталмаған өндірістің айналым қаражаты төмендегі жалпы формуламен есептеледі:

мұнда: С – жалпы өнім өндірісіне жұмсалатын шығын;

Т – кезеңнің (тоқсанның, жарты жылдың және т.б.) ұзақтығы;

- өндірістік кезеңнің орташа ұзақтығы;

- аяқталмаған өндіріске жұмсалатын шығынның үдеу коэффициенті.

Өнеркәсіптің жекелеген саласында аяқталмаған өндірістің айналым шығыны нормативті өндіріс ерекшелігіне орай басқа әдіспен есептелуі мүмкін.

Даяр өнім нормативі. Даяр өнімнің айналым қаражатының нормасы тауарлық өнімнің қндірістік өзіндік құны бойынша бір күндік айналымының және айналым қаражаты нормасының көбейтіндісі ретінде анықталады. Айналым қаражатының нормасы бұйымның жекелеген түрі мен маркісін таңдауға, сондай-ақ тиелген өнімнің топтамасын жинақтауға, бұйымды орап салуға және жеткізуші кәсіпорынның қоймасына жіберілетін станцияға тасымалдауға қажетті уақытқа және бұйым тиелетін уақықа орай белгіленеді.

Егер жоспар бойынша тоқсанда 54 млн теңгенің тауарлық өнім шығару қажет, ал айналым қаражатының нормасы 7,7 күн болса, онда даяр өнімнің меншікті айналым қаражатының нормасы:

=

Айналым қаражатын тұтастай сипаттау үшін айналым қаражатының күнмен есептелетін жалпы нормасы есептеледі. Ол айналым қаражатының жалпы нормативін (жекелеген элемент бойынша норматив сосмасы) өндірістің шығын сметасы бойынша бір күндік шығынына бөлінген бөліндісіне тең болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]