- •Корпорацияның айналым капиталының экономикалық маңызы
- •Корпорация айналым капиталының теориялық аспектілері
- •Айналым капиталын қаржыландыру көзі
- •Айналым капиталын пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері және оның айналымдылығын жеделдету жолдары
- •Корпорацияның айналым капиталына әсер етуші факторлар
- •«БанкЦентрКредит» ақ айналым капиталын талдау
Корпорацияның айналым капиталына әсер етуші факторлар
Айналым қаражатын қалыптастыру және пайдалану механизмі өндіріс барысына, сондай-ақ ағымдағы өндірістік және қаржы жоспарын орындауға жан-жақты ықпал етеді.
Айналым қаражаты өндіріс көлемін және өнімді сатуды кеңейтуді, жаңа өткізу нарықтарын, яғни кәсіпорын капиталы айналатын саланы басып алуды жоспарлы түрде және барынша ұтымды, сондай-ақ үнемді, басқаша айтқанда, айналым қаражатының ең аз мөлшерімен қамтамасыз етуі тиіс.
Айналым қаражатын тиімді пайдалануды жоспарлау және ұйымдастыру үшін жауапты менеджерлердің ең негізгі міндеті болып табылады.
Айналым қаражаты оның екі саласындағы ауыспалы айналымға: өндіріс саласы мен айналыс аясына қатысады. Сондықтан айналым қаражаты өндірістік айналым қоры мен айналыс аясындағы қорға бөлінеді.
Айналым қаражаты өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан кәсіпорынның айналым қаражатына қажеттілігінің құрамы мен көлемі өндіріс қажеттілігіне ғана емес, айналыс қажеттілігіне де орай анықталады.
Кәсіпорынның айналым қаражатына қажеттілігі мына факторларға байланысты:
өндіріс пен сату мөлшеріне;
бизнестің түріне (кәсіпорын қызметінің сипатына);
қызмет (ауқымына);
өндірістік кезеңнің ұзақтығына;
кәсіпорын капиталының құрылымына;
кәсіпорынның есептік саясатына және есеп айырысу жүйесіне;
кәсіпорнның шаруашылық қызметін кредиттеу шарттары мен практикасына;
материалдық-техникалық жабдықтау деңгейіне;
тұтынылатын шикізаттың түрі мен құрылымына;
өндірістің жәе кәсіпорын өнімінің сату мөлшерінің өсу қарқынына;
менеджерлер мен бухгалтерлердің және т.б. шеберлігіне.
Кәсіпорынның айналым қаражатына қажеттілігін дәл есептеуді айналым қаражатының жоғарыда атап өтілген факторларға байланысты өндіріс саласында және айналыс аясында болатын уақытын есептеуден бастау қажет.
Айналым қаражатының өндірісте болатын уақыты өндірістің айналым қаражаты тікелей жұмыс істеу (немесе өңдеу) процесінде болатын уақыт; қндіріс процесінде жұмыс күшінің шығынын қажет етпейтін үзіліс уақытын; өндірістің айналым қаржаты запаста болатын уақытты қамтиды.
Айналым қаражаты айналыс аясында болатын уақыт айналым қаражатының сатылмаған өнім қалдығы, кәсіпорын кассасындағы, банкідегі және шаруашылық жүргізуші субъектілермен есеп айырысуда шоттардағы ақшалай қаражат түрінде болатын уақытты қамтиды.
Айналым қаражаты айналымынң жалпы уақыты (бір айналымының жылдамдығы немесе айналымның жылдамдығы) өндіріс саласында және айналыс аясында болатын уақыттан құралады. Ол айналым қаражатын тиімді пвйдалануға, кәсіпорын қаржысының жай-күйіне ықпал ететін аса маңызды сипаттама болып табылады.
Қорытынды
Кәсіпорынның айналым капиталы оның өз іскерлігін қаржыландыру мүмкіндігі болып табылады. Ол кәсіпорынның жалпы іскерлігінің дұрыс жүруі үшін қаржылық ресурстардың жеткіліктілігімен, оны қолданудың тиімділігімен, оны орналастырудың мақсаттылығымен, басқа жеке және заңды тұлғалармен қаржылық қатынастары, төлем қабілеттігі және қаржылық тұрақтылығымен сипатталады.
Кәсіпорынның айналым қаражаты тұрақты, тұрақты емес және дағдарысты жағдайда болады. Кәсіпорынның уақтылы төлемдерді төлеп тұруы, өз іскерлігін қаржыландыруы кең мағынада оның қаржылық жағдайының жақсы екенін көрсетеді. Кәсіпорынның айналым капиталының мөлшері оның өндірістік, коммерциялық және қаржылық іскерлігінің нәтижесіне байланысты. Егер өндірістік және қаржылық жоспарлар жақсы орындалып жатса, онда бұл кәсіпорынның айналым капиталына оң әсер етеді және керісінше, өнімді өндіру мен оны сату жоспарының орындалмауы оның өзіндік құнының өсуіне, пайданың түсімі мен сомасының азаюына, осының әсерінен кәсіпорынның айналым капиталы және төлем қабілеттігінің төмендеуіне әкеледі.
Тұрақты қаржылық жағдайы өз кезегінде өндірістік жоспардың орындалуына және өндірісті қажетті ресурстармен қамсыздандыруға оң әсер етеді. Сондықтан қаржылық жағдай шаруашылық іскерліктің негізгі бөлігі ретінде ақшалай қаражаттардың жоспарлы түсуімен шығындалуын қамсыздандыруға, есептік тәртіптің орындалуына,меншікті және тартылған қаражаттың рационалды арақатынасы мен оның тиімді қолдануына бағытталады.
Нарықтық экономиканың қатал жағдайына төтеп беру және кәсіпорынның банкротқа кетуіне жол бермеу үшін, қаржыны қалай басқаруды, капиталдың құрылу көзімен құрамының қандай болуы керектігін, яғни қанша бөлігін тартылған, ал қанша бөлігін меншікті қаражат алатынын жақсы білуқ қажет. Нарықтық экономиканың келесідей түсініктерін де білген жөн, оларға-іскерлік белсенділік, өтімділік, төлем қабілеттілік,кәсіпорынның несиелік қабілеттігі, рентабельділік шегі, қаржылық жағдайдың қоры,тәуекел дәрежесі, қаржылық тұтқа нәтижесі және тағы басқалармен оларды талдаудың әдістемесін білу керек.
