- •Жоспар:
- •2. Қаржылардың қалыптасуы мен дамуы
- •3. Нарықтық экономика жағдайында қаржылардың атқаратын ролі
- •4. Қаржылардың нысандарының сипаттамасы
- •5. Қаржылардың функциялары
- •6. Қаржының басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы
- •7. Қаржылық қатынастар объектісі ретіндегі қаржы ресурстары мен қорлары
- •Жоспар:
- •Бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер:
- •2. Қаржы саясатының типтері
- •3.Қаржы саясатының міндеттері мен қағидалары
- •4. Қаржы механизмінің мәні мен мазмұны
- •Бақылау сұрақтары
- •Сөж тапсырмасы
- •Әдебиеттер тізімі
- •Қазақстан Республикасында қаржыларды басқару және ұйымдастыру
- •Қаржыларды басқарудың автоматтандырылған жүйесі
- •1. Қаржыларды басқару түсінігі
- •2. Қаржыларды басқарудың автоматтандырылған жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Қаржылық жоспарлаудың әдістері мен қағидалары
- •Қаржылық жоспарлау жүйесі
- •5.Қаржылық жоспарлауды жетілдірудің негізгі бағыттары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Сөж тапсырмасы
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мемлекеттің қаржылық қызметі және оны заңдылықты жүзеге асырудың әдістері
- •3. Қаржылық заңдылық жүйесіндегі қаржылық-құқықтық актілер
- •Бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Лекция 6. Тақырып: Қаржылық бақылау Жоспар
- •Қаржылық бақылаудың жіктелуі
- •Бақылау сұрақтары
- •Сөж тапсырмасы
- •Әдебиеттер тізімі
- •Лекция 7. Тақырып: Шаруашылық субъектлердің қаржысы Жоспар
- •2. Коммерциялық негізде қызмет жасайтын кәсіпорындардың қаржысы
- •3.Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржылары.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Сөж тапсырмасы
- •Әдебиеттер тізімі:
- •2. Мемлекеттік кірістердің жіктелуі ( сыныпталуы)
- •3.Мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік –экономикалық мәні
- •Мемлекеттік шығындардың құрамы мен жіктелуі
- •Бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі
- •1. Жалпы мемлекеттік салықтар
- •Жергілікті салықтар
- •Салықтардың функциялары
- •3. Қазақстан Республикасының салық қызметі
- •Бақылау сұрақтары
- •Сөж тапсырмасы
- •Әдебиеттер тізімі
- •Лекция 10. Тақырып: Мемлекеттік бюджет Жоспар
- •Лекцияның мазмұны
- •2. Бюджеттік саясаттың негізгі міндеттері
- •3.Бюджет жүйесін қалыптастыру қағидалары
- •4. Бюджет жүйесінің құрамы мен құрылымы
- •Бюджет тапшылығы және оны жабу әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •Сөж тапсырмасы
- •Әдебиеттер тізімі
- •Лекция 11. Бюджеттен тыс қорлар Жоспар
- •Бюджеттен тыс қорлардың мәні
- •Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларының қолданылу ерекшеліктері.
- •Қазақстан республикасының ұлттық қоры.
- •2. Қр бюджеттен тыс қорлардың қолданылу ерекшеліктері.
- •Қр Ұлттық қоры
- •Бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мемлекеттік несиенің түрлері, нысандары және әдістері
- •Мемлекеттік қарыз және оны реттеудің негізгі әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •Сөж тапсырмасы
- •Әдебиеттер тізімі
- •Лекция 13. Тақырып: Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік негіздері Жоспар
- •Сақтандырудың экономикалық мәні және қызметі
- •Сақтандырудың жіктелуі
- •1. Сақтандырудың экономикалық мәні және қызметі
- •2. Сақтандырудың жіктелуі
- •3.Қр сақтандыру ісінің ұйымдастырылуы
- •Бақылау сұрақтары
- •Сөж тапсырмалары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Бақылау сұрақтары
- •Қолданылған әдебиеттер
- •2. Инфляцияның қаржымен байланысы
- •3. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты
- •Бақылау сұрақтары
- •Сөж тапсырмасы
- •Әдебиеттер тізімі:
Қаржылық бақылаудың жіктелуі
Қаржылық бақылаудың жіктелуі субъектлердегі айырмашылықтарға, бақылау іс- қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүргізудің тәсілдеріне негізделген. Осы белгілеріне қарай, қаржылық бақылау үш бағыт бойынша: түрлері, нысандары оны жүзеге асырудың әдістері бойынша жүзеге асырылады.
Бақылауды жүзеге асыратын субъектілерге қарай бақылаулар келесі түрлерге бөлінеді:
-жалпы мемлекеттік (мемлекеттік, ведомствалық, ішкі шаруашылықтық, парламенттік);
-қоғамдық (профсоюздік, партиялық және массалық қозғалыстар және т.б. )
Жалпы мемлекеттік бақылау кез-келген объектіге қатысты оның ведомстволық және меншіктік нысанына байланыссыз жүргізілетін бақылау.Оны мемлекеттік билік пен басқару органдары жүзеге асырады. Жалпы мемлекеттік бақылаудың келесідей түрлерін атап көрсетуге болады: салықтық, бюджеттік, валюталық және кедендік бақылау.
Ведомстволық қаржылық бақылау жеке министрліктің, ведоствоның өкілдіктері шегінде олардың жүйесіне кіретін шаруашылық жүргізуші субъектлердің қаржы-шаруашылық қызметіне жүргізіледі. Оның негізгі міндетіне мыналар жатады: жоспарлы тапсырмалардың орындалуын, материалдық және қаржы ресурстарын тиімді, үнемді пайдаланылуын, меншіктің сақталымдығын, бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуін, бақылау –тексеріс жұмысының мән-жайын бақылау, заң бұзушылықтарды айқындау.
Ішкі шаруашылық бақылау кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметтеріне экономикалық және қаржылық ұйымдарға жүргізіледі. Мұндай бақылаудың объектісіне шаруашылық және қаржылық қызмет жатады. Қоғамдық бақылау түрлі қоғамдық ұйымдар жүзеге асыратын бақылау түрі. Бұл бақылаудың объектісі олардың алдында тұрған міндеттерге байланысты.
Тәуелсіз бақылау арнайы мамандандырылған органдар арқылы – аудиторлық ұйымдар мен фирмалар арқылы жүргізіледі.
Қаржылық бақылау жүргізілу уақытына сәйкес келесі түрлерге бөлінеді:
Алдын –ала бақылау
Кейінгі бақылау
Алдын –ала қаржылық бақылау қаржылық операциялар жүрзілер алдында жүзеге асырылады. Ол қаржылық болжау мен бағдарламаларды және барлық деңгейдегі бюджеттік жоспарларды құру үрдісіне негізделген нақты бағалау жүргізуге мүмкіндік береді.
Кейінгі қаржылық бақылау есептік кезең соңындағы қаржылық және бухгалтерлік тексеріс пен талдау негізінде жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі шаруашылық қызметтің нәтижелерін бағалау үшін және қаржылық стратегияның тиімді жүзеге асырылуын бағалау үшін қолданылады
Қаржылық бақылау жүргізілу әдістері бойынша келесілерге бөлінеді:
Тексеру
Зерттеу
Экономикалық талдау
Тексеріс
қадағалау
Тексеру қаржылық –шаруашылық қызмет бойынша құжаттар бойынша барлық бөлімшелердің қызметін тексеру.
Зерттеу – кәсіпорынның қызметінің негізгі, жеке тұстарын қамтиды. Осыған сәйкес орындалған жұмыстарды, материалдық шығындарды, отынды, энергияны есептеу жүргізіледі.
Қадағалау қаржылық қызметтің белгілі бір түрі үшін: сақтандырушылық, инвестициялық, банктік және т.б. қызметтер үшін лицензия алған бақылау органдар арқылы жүзеге асырылады. Ол бекітілген нормативтердің жүзеге асырылуын қадағалайды.
Экономикалық талдау бұл объектінің шаруашылық, қаржылық қызметіне баға беру; қызметтің түрлі нәтижелерін анықтау және осының негізінде экономикалық жағдайды жақсартудың жолдары мен факторларын анықтау.
Тексеріс (ревизия) қаржылық бақылаудың кең тараған түріне жатады. Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне белгілі нақты және құжаттық бақылау әдістері мен тәсілдері арқылы бақылау жүргізу.
Субъектінің шаруашылық қызметін қамтуына байланысты тексерістің келесідей түрлерін атап көрсетуге болады:
Толық
Іріктемелі
Тақырыптық
Нақтылы
Толық тексеріс бақылау объектісінің шаруашылық қызметінің бүкіл қызметін тексеруді айтады.
Іріктемелі тексеріске субъектінің қаржылық-шаруашылық қызметінің бір бөлігі ғана тексерілуі жатады.
Тақырыптық тексеріс бір үлгідегі бірнеше кәсіпорындарда, мекемелерде, қаржы –шаруашылық қызметтің жеке мәселелеріне сәйкес жүргізіледі.
Нақтылы тексеріс тек құжаттарды ғана емес сонымен қатар кәсіпорынның қаражаттарын, материалдық, еңбектік құндылықтарына да бақылау жүргізеді. Қаржылық және шаруашылық операцияларды қамту деңгейіне байланысты тексерістің келесідей түрлерін бөліп көрсетуге болады:
Жалпылай
Іріктеулі
Кешенді
Жалпы тексеріс қарастырылып отырған кезеңде белгілі бір объектінің барлық операцияларын тексеруді айтады.
Іріктеулі тексеріс белгілі бір уақыт аралығында бастапқы құжаттардың белгілі бір таңдаулы бөлігін тексеруді айтады. Мысалы, бір кварталдағы бір айды тексеру.
Кешенді тексеріс қаржылық бақылау объектісінің нақты кезеңдегі бір қызметін жаппай әдіспен, ал кейбір бөлігін іріктеулі әдіспен тексеруді айтады. Тексерістің бұл түрі ірі шаруашылық операциялардың қызметін тексеруде және ірі құжат айналымы бар шаруашылықтар қызметінде қолданылады.
Аудиторлық бақылау
Аудиторлық бақылау– тәуелсіз аудиторлық фирма мен шаруашылық жүргізуші субъектілер иелерінің жасаған келісім –шарты негізінде қаржы-шаруашылық қызметінің жай –күйін тексеру.
Аудиттің экономикалық табиғаты бұл мемлекеттік емес шаруашылық органдар санының көбеюімен және тиісінше қаржы, бақылау, есеп санында қызметтің сан алуан түрлерінің өсуімен байланысты. Осыған сәйкес тәуелсіз фирмалар тексерісі арқылы объективті ақпараттар алу бүгінгі таңда кәсіпорын үшін маңызды болып табылады.Аудиторлық тексеріске деген қажеттілік акционерлік капитал, банк аясы, сенім қорлары сонымен қатар өтімділік, несиелік, валюталық және тағы басқа тәуекел түрлері жиі орын алатын шаруашылық субъектлердің аясында жиі туындайды.
Аудиттік тексеріс келесідей кезеңмен жүзеге асырылады:
1) жоспарлау (екі тараптың іс-қимылын ішкі жүйеге келтірумен);
2) аудитор объектісі туралы ақпарат алу және оны бағалау;
3) аудитор рәсімін жасау және бағдарламаны дайындау;
4) бақылау жүйелерін тексеру және оның тесттері;
5) аудит рәсімін жүргізу;
6) аудиторлық қорытындыны ұйымдастыру.
Аудиторлық қызметтің нәтижелері – аудитормен куәландырылған, құқықтық маңызы бар арнайы құжатттың сапасына байланысты болады. Бұл құжат –тексеріс актісі, анықтамасы деп аталып, шаруашылық субъектінің құжаттарының, бухгалтерлік есебінің заң мен талапқа сәйкестігі туралы тұжырымдар жинағы бейнеленеді. Аудиторларға тексеруге берілетін құжаттар мен мәліметтердің нақтылығына шаруашылық субъектісі жауап береді.
