- •Жоспар:
- •2. Қаржылардың қалыптасуы мен дамуы
- •3. Нарықтық экономика жағдайында қаржылардың атқаратын ролі
- •4. Қаржылардың нысандарының сипаттамасы
- •5. Қаржылардың функциялары
- •6. Қаржының басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы
- •7. Қаржылық қатынастар объектісі ретіндегі қаржы ресурстары мен қорлары
- •Жоспар:
- •Бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер:
- •2. Қаржы саясатының типтері
- •3.Қаржы саясатының міндеттері мен қағидалары
- •4. Қаржы механизмінің мәні мен мазмұны
- •Бақылау сұрақтары
- •Сөж тапсырмасы
- •Әдебиеттер тізімі
- •Қазақстан Республикасында қаржыларды басқару және ұйымдастыру
- •Қаржыларды басқарудың автоматтандырылған жүйесі
- •1. Қаржыларды басқару түсінігі
- •2. Қаржыларды басқарудың автоматтандырылған жүйесі
- •Бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Қаржылық жоспарлаудың әдістері мен қағидалары
- •Қаржылық жоспарлау жүйесі
- •5.Қаржылық жоспарлауды жетілдірудің негізгі бағыттары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Сөж тапсырмасы
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мемлекеттің қаржылық қызметі және оны заңдылықты жүзеге асырудың әдістері
- •3. Қаржылық заңдылық жүйесіндегі қаржылық-құқықтық актілер
- •Бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Лекция 6. Тақырып: Қаржылық бақылау Жоспар
- •Қаржылық бақылаудың жіктелуі
- •Бақылау сұрақтары
- •Сөж тапсырмасы
- •Әдебиеттер тізімі
- •Лекция 7. Тақырып: Шаруашылық субъектлердің қаржысы Жоспар
- •2. Коммерциялық негізде қызмет жасайтын кәсіпорындардың қаржысы
- •3.Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржылары.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Сөж тапсырмасы
- •Әдебиеттер тізімі:
- •2. Мемлекеттік кірістердің жіктелуі ( сыныпталуы)
- •3.Мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік –экономикалық мәні
- •Мемлекеттік шығындардың құрамы мен жіктелуі
- •Бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі
- •1. Жалпы мемлекеттік салықтар
- •Жергілікті салықтар
- •Салықтардың функциялары
- •3. Қазақстан Республикасының салық қызметі
- •Бақылау сұрақтары
- •Сөж тапсырмасы
- •Әдебиеттер тізімі
- •Лекция 10. Тақырып: Мемлекеттік бюджет Жоспар
- •Лекцияның мазмұны
- •2. Бюджеттік саясаттың негізгі міндеттері
- •3.Бюджет жүйесін қалыптастыру қағидалары
- •4. Бюджет жүйесінің құрамы мен құрылымы
- •Бюджет тапшылығы және оны жабу әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •Сөж тапсырмасы
- •Әдебиеттер тізімі
- •Лекция 11. Бюджеттен тыс қорлар Жоспар
- •Бюджеттен тыс қорлардың мәні
- •Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларының қолданылу ерекшеліктері.
- •Қазақстан республикасының ұлттық қоры.
- •2. Қр бюджеттен тыс қорлардың қолданылу ерекшеліктері.
- •Қр Ұлттық қоры
- •Бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мемлекеттік несиенің түрлері, нысандары және әдістері
- •Мемлекеттік қарыз және оны реттеудің негізгі әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •Сөж тапсырмасы
- •Әдебиеттер тізімі
- •Лекция 13. Тақырып: Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік негіздері Жоспар
- •Сақтандырудың экономикалық мәні және қызметі
- •Сақтандырудың жіктелуі
- •1. Сақтандырудың экономикалық мәні және қызметі
- •2. Сақтандырудың жіктелуі
- •3.Қр сақтандыру ісінің ұйымдастырылуы
- •Бақылау сұрақтары
- •Сөж тапсырмалары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Бақылау сұрақтары
- •Қолданылған әдебиеттер
- •2. Инфляцияның қаржымен байланысы
- •3. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты
- •Бақылау сұрақтары
- •Сөж тапсырмасы
- •Әдебиеттер тізімі:
2. Қаржылардың қалыптасуы мен дамуы
Орталық Европадағы алғашқы буржуазиялық төңкерістің нәтижесінде мемлекет басшысының қазынадан айыру үрдісі орын алды. Осының нәтижесінде жалпы мемлекеттік ақша қорлары – бюджет қалыптасты. Мемлекеттік бюджеттік қалыптасуы мен дамуы жүйелі сипатта орын алып, мемлекеттік кірістер мен шығыстардың жүйесі қалыптасты. Мемлекеттің кірістері заттай түрдегі еңбек өнімдерінен емес, ақшалай нысандағы салықтардан құрала бастады.
Қаржы бұл тарихи категорияны сипаттайды. Олар мемлекеттің қалыптасуынан бастап, қоғамда сыныптарға бөліну қалыптасқан уақыттан бері орын алып келеді. Капиталистік құрылымға дейін мемлекеттің қажеттілігінің басым бөлігі натуралды түрде жинақтар мен алымдардың әр түрін бекіту арқылы қанағаттандырылды. Тауар-ақша қатынастары жалпы қоғамдық сипатта болған капитализм жағдайында қаржы- ұлттық табысты бөлістіру, ақша қаражаттарының қорларын қалыптастыру мен бөлістірумен байланысты экономикалық қатынастарды сипаттайды. Қаржылық қатынастар 20 ғасырда Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін кең дами бастады. Барлық мемлекеттерде ұлттық табыстың көп бөлігін мемлекет иелігінде пайдалану жүзеге асырылды. ( 30 дан 50%-ға дейін). Ақшалай қаражаттардың ірі көлемін иелене отырып, мемлекет ұлғалмалы ұдайы өндіріс үрдісіне өз әсерін тигізе бастады. Осы уақытта әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың қаржысы кең ауқымда дами түсті. Дамыған шет мемлекеттерде ұйымның акционерлік қоғам нысанындағы түрі кең етек жайды. Оған акцияны шығарудың капиталды жинақтаудың түрі ретінде қолданылуы өз әсерін тигізді.
Қаржының дамуын екі негізгі кезеңге бөліп көрсетуге болады:
1 кезең – Қаржының жетілмеген нысаны. Капиталистік құрылымға дейін мемлекеттің қажеттілігінің басым бөлігі натуралды түрде жинақтар мен алымдардың әр түрін бекіту арқылы қанағаттандырылды.
Қаржылар өндірістен тыс сипатта орын алды. Осы кезеңде шығындар негізінен тек қорғаныс саласына жұмсалынды
2 кезең – Қаржының жетілген нысаны. Тауар-ақша қатынастары жалпы қоғамдық сипатта болған капитализм жағдайында қаржы- ұлттық табысты бөлістіру, ақша қаражаттарының қорларын қалыптастыру мен бөлістірумен байланысты экономикалық қатынастарды сипаттайды.
3. Нарықтық экономика жағдайында қаржылардың атқаратын ролі
Қаржы бұл ақша қатынастарының құрамдас бөлігі болып табылады. Олардың атқаратын ролі экономикалық қатынастар жағдайындағы ақша қатынастарының орнына байланысты болып табылады. Бірақ барлық ақша қатынастары қаржылық қатынастарды сипаттамайды. Қаржылардың ақшадан айырмашылығы олардың мазмұнында емес, атқаратын функциялары бойынша ерекшеленеді.
Қаржылар негізінен ақшалай кірістер мен қорларды қалыптастыра отырып, мемлекет пен кәсіпорындарды ақша қаражаттарымен қамтамасыз етуге бағытталған.
Қаржы ұлттық табысты қалыптастыру мен пайдалану арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Олар өндіріске, бөлістіруге және тұтынуға тікелей әсер етеді. Өндірісті дамытумен байланысты қажеттіліктерді, жұмысшы мен оның жанұясының қажеттіліктерін, үй шаруашылығы мен кәсіпорынның қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, қаржы құнның нысанын алмастыру үрдісін (тауарлы, ақшалай) қамтамасыз етеді.
Мемлекеттің қаржысы қоғамдық қажеттіліктерді (қорғаныс, білім, басқару, мәдениет және т.б.) және халықтың жеке топтарын әлеуметтік қорғауды (жұмыссыздық бойынша жәрдемақы, жүктілігі бойынша жәрдем және т.б.) қамтамасыз ете отырып, меншік нысанының алмасу үрдісін жалпы мемлекеттік деңгейде қамтамасыз етеді. Мемлекеттің дәстүрлі функцияларынан басқа мемлекеттің шаруашылық үрдістерді реттеу функциясын атқарады яғни республикалық бюджет арқылы жиынтық қоғамдық өнімнің 10 пайызы және ІЖӨ 20 пайыздан астамы бөлістіріледі.
Бұл өз кезегінде ұлғалмалы ұдайы өндіріс үрдісін жоспарлауға және экономиканың басым бағыттарын қаржыландыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар субъективті жеке шешім қабылдаған жағдайда қаржыландыру тиімсіз болуы мүмкін. Сондықтан да нарықтық экономика жағдайы қаржының атқаратын ролінің арта түскенін айта кеткен жөн. Ол төмендегі жағдайларға байланысты орын алды:
Біріншіден, дәстүрлі кәсіпорын топтарымен қатар шаруашылық субъектлер қалыптасқан жағдайда қаржылық қатынастардың жаңа топтары қалыптасады. Осы уақытта олардың арасындағы байланыс шиеленісе түседі.
Екіншіден, – қаржылар ақша қатынастарының жеке аясы болып табылады. Қажеттіліктерді қамтамасыз ете отырып ақшалар қаржының материалдық негізі болып, айналыс құралы функциясын атқарады яғни капиталға айналады.
Үшіншіден, микро деңгейде қаржылардың ролі төмендеп, макродеңгейде олардың мәні артады.
Еліміздің жаңа экономикалық қатынастарға көшуі өндірісті едәуір төмендетіп, жұмыссыздықтың қалыптасуына жол беріп, әлеуметтік және экономикалық тұрақсыздықтың және инфляцияның қалыптасуын туындатты. Осы кезеңде мемлекеттің қаржы саясаты тұрақсыз болып, жиі өзгереді. Сонымен қатар сәйкес келесі жағдайлар орын алады:
Қаржылық ресурстар тек мемлекеттік бюджетте ғана емес, басқада қорларда- зейнетақы, еңбекпен қамту және медициналық сақтандыру қорларында шоғаырланады;
Бюдже, негізінен салықтық түсімдер арқылы толықтырылады. Салықты көбейтуге бағытталу өндірістің құлдырауына әкеледі. Сол себептен салық жүйесін жетілдіру қажеттілігі туындайды;
Экономикаға мемлекетттің араласпауының нәтижесінде халық шаруашылығын бюджеттен қаржыландыру көлемі –60% -12%-ға дейін төмендейтіндігі.
