Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ілияс_taldau.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
80 Кб
Скачать
☆

Бір соқыр баланың әңгімесі

Жанры: Көңіл-күй лирикасы. Өлең 12 жолдан тұрады, 11 буынды, аралас ұйқасқа негізделген. Өлеңде эпиттер кездеседі. Соқыр балының даланың сұлулығы туралы: 

"Мен естісем: күні жарық күндіз бар деп,"

-деп жазылып басталып күн, ай, жұлдыз, шөп, көл, теңіз, тоғайда ағаш, көгал, қар, жаңбыр, мектеп барлығын, судың сұлулығын естіп жүргені айтылады. Одан ары: 

"А, ием! Бір-ақ минут көзімді ашсаң,"

-деп жарық дүниені көруге деген арманын суреттейді. Арманы тек жарықты көрумен шактелмейді.  "Бір көріп анам жүзін келістіріп,  Көзімді болысымен қайта жапсаң,

-деп анаға деген мөлдір махаббатты бір ауызбен толық жеткізген.  Сол себепте болар, ақынның "Балдырған" атты қолжазба жинағында "Бір соқыр баланың арманы" деген өлең 1960 жылы жарық көрген бірінші томға "Ана махаббаты" деген атпен енгізілген екен. Жақша ішінде "Соқыр баланың арманы" деген түсіндірме бар.

Бұл өлең кейінгі жылдардағы томдықтарға ақынның өзі қойған атпен "Бір соқыр баланың арманы" деп жіберілген. Əрі мазмұн ана махаббаты туралы емес, баланың анаға деген махаббаты жайында. Сондай-ақ, осы өлеңнің 1960 жылы шыққан 1-томдығы нұсқасының 3-жолы: 

"Көгілдір судың өңі, шұп-шұбар деп,"

-деп қате жазылған екен. Бұл жол: 

"Көгілдір судың түсі, шөп-жасыл деп,"

- деп түзетіліп жіберілген. Сол секілді, аталмыш томда осы өлең 1921 жылғы деп көрсетілген. Ал өлеңін түпнұсқасы "Балдырған" қолжазба жинағында екенін айттық. "Балдырған" жинағын ақын өз қолымен "1915-1916 жылдарда жазған өлеңдерім" деп көрсеткен. Олай болса бұл өлең ақынның 1915-1916 жылдарда жазылған өлеңдерінің тобына жатады.

Жыбырлақ

Өлеңнің жанры: көңіл-күй лирикасы, 27 жол. Ақын өз өлеңдерінің мәнін түсіндіреді, сынға ұсынады. Өлең құрылысы "Сегіз аяққа" ұқсастығымен ерекшеленеді. 1915-1916 жылдары жазылған.

Бұл жылдары Ілияс Сәкенмен қатар Абайға көңіл аударған. Бұл өлең 1915-1916 жылдарда жазылған. 1960 жылы шыққан 1-томда тұңғыш рет жарық көрген. Бұл туындының түпнұсқасы -ақынның 1957 жылы қазақтың А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік кітапханасынан табылған "Балдырған" атты қолжазба жинағында сақталған. 

Еліктеуші, үйренушілердің бірі болып, Абай үлгісінде жазған «Жыбырлақ» өлеңі, бұдан өзге «Шым-шытырық» жəне «Қалпымыз» атты өлеңдері Абайдың «Алты аяқ», «Сегіз аяқ» үлгісімен жазылған:

Көңілім қорқақ, 

Тілім шорқақ,  Мінсіз емес бозбала!  Өнерім аз, 

Сен өнерпаз,  Тапқан лаж, қозғалма!.."

-деп "Жыбырлақ" өлеңінде жазылса:

"Алыстан сермеп, 

Жүректі тербеп, Шымырлап бойға жайылған..."

-деген өлеңіндегідей жазылған. Жастығы ма, әлде әдейі солай жазды ма, «Қалпымыздың» шумағы Абайдың «Сегіз аяғына» дәл келсе де, кей жолдарының буындары айнымалы болып отырады. 5 буынның орнына 4 буын, 8 буынның орнына көп жолдары 7 буын болып қалатын жерлері бар. Бірақ көпшілік шумағы - «Сегіз аяқтың» өрнегі.

"Жыбырлақ" Абай өлеңдерімен тек түрі жағынан ғана емес, мазмұны жағынан да үндес. Абайдың «Алты аяқ», «Сегіз аяқтары» өз кезіндегі әлеумет өмірінің ұнамсыз жақтарын шенеу, атқа мініп, ел басқарушылардың мінез-құлық, іс-әркеттерін ашына сынау, мысқыл, кекесінге айналдыру болған.

Ілиястың өлеңдерінде де сыншыл көзқарас көрініс тапқан. Жыбырлақта ол өзін-өзі сынаумен, сынға салумен айтылады. Замандастарына, жас ұрпақтарына өнерімнің сынып айтыңдар. Мінсіз емеспін. Қателігімді түзеңдер дейді. Тіке айтыңдар деп қатаң нұсқайды.

КӨҢІЛДІҢ ЖҮГІРІСІ

Көңілдің жүгірісі өлеңі Ілияс туындыларынаң ішінде 1915 -1916 жылы жазылған өлеңдердің қатарынан алынған.

"Зыр айналып тоқтамай,  Үмітке мініп жүр көңіл..."

-деп басталатын өлеңнің жанры: көңіл-күй лирикасы. 28 жол, жеті шумақтан тұрады. Ақын бұл өлеңінде құбылыстарды қарама-қарсы қойып, керемет ақындық шеберлігін көрсетеді. Көңіл-күйдің қалпын суреттейді. Кезекті ұйқасқа құрылған, жеті буынды өлең. 

Ілияс Жансүгіровтың бұл өлеңі сегіз аяқты ұйқасқа құрылған. Бұл ұйқастың бастау бұлағы Абайдың кемеңгер санасы мен қиялында жатыр. Ілияс өзінің 1934 жылы жазған «Абайдың сөз өрнегі» мақаласында:

«Абай — өлең түрін жасауға қызмет еткен жазушы. Абай — бұрынғы қазақтағы ел өлең-жырларының өлшеуін, парсы, шағатай, орыс өлеңдерінің үлгісін кіргізіп, үлгілерін кеңітудің үстіне, араб, қазақ әдебиетін жаңалаған адам. Сол түрлерге қазақша тәтті тілмен қызықты мазмұн салып, тыңнан тартқан өз үлгісімен де қазақ өлеңін байытқан ақын. Абайда ескілі-жаңалы он бір түрлі өлең өлшеуі бар», – дейді. Әрі, «Абайдың кітабы қолыма 1916 жылы түсті. Оған дейінгі көрген, оқыған әдебиетімнің бәрін Абай кітабы жоққа шығарғандай болды. Ойым ояна бастады. Қанбай қайта-қайта оқи беретін болдым. Өзім де біртүрлі сергектік, сілкініс, жүрегім де жаңалық сезгендей болды. Жазуға талабым оянды. Келсе де, келмесе де шұқылап, өмірді өлең кыла бастадым... Тақырыпқа да, түрге де Абай түрінде қызықтым»,- дейді.

«Көңілдің жүгірісі», өьеңінен басқа «Жанды сөз», «Алдымда", «Бұлбұлға», «Әншіге», «Қалпымыз», «Тілек», «Өзіме», деген өлеңдері Ілиястың ақындық өрісі мен аяқ алысының қалыптасқанын байқатады. Бұл кезең – жас Ілияс өмірге қызығып, ішіндегі ақындық өнерін төге бастаған шақ. Жас Ілиястың шығармалары өте таза, сылдырлап аққан бұлақ суындай. Өз өлеңінде І.Жансүгіров ақынның көңіл-күйін, толғанған немесе абыржып, ойланған, қаны қайнап ашуланған, арман мен қиялға берілген кезін, көбінесе, жаратылыстың түрлі-түрлі әдемі құбылыстарын, құстардың, жәндіктердің көріністерін, дауыстарын суреттейді.

Өмірге жаңа аяқ басқан жас Ілияс қоршаған табиғатты, өмірді өлеңдеріне арқау еткен. Бұл кездегі ақын шығармаларының негізгі сарыны ағартушылық, сыншыл реализм бағытында болған, ал өлең үлгісі жағынан үйренген мектебі, алған өнегесі - Абай поэзиясы. 

Бұл өлең 1915-1916 жылдарда жазылған. 1960 жылы шыққан 1-томда тұңғыш рет жарық көрген. Бұл туындының түпнұсқасы -ақынның 1957 жылы қазақтың А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік кітапханасынан табылған "Балдырған" атты қолжазба жинағында сақталған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]