- •1912 Жылы жазылған туындылар
- •1915-1916 Жылдар аралығында жазылған туындылар алыс – беріс
- •Бір соқыр баланың әңгімесі
- •Жыбырлақ
- •Қалпымыз
- •Жаңылғаным
- •Қосылыс
- •Жанды сөз
- •Замандасқа
- •Талғамалар
- •Алдымда
- •1919 Жылы жазылған туындылар
- •1920 Жылы жазылған туындылар арыным
- •Бейсембек «болыс»
- •1921Жылы жазылған туындылар анам тілі
- •Жас бұлбұлдарға
- •Жарлылар ұйымының жетісі
- •Ағыңды менің ақсуым
- •Жалпы жасқа
- •Некешілдер
- •1922 Жылы жазылған туындылар атадан да балаға ана жақын
- •Тапанша
- •Жанар тау
- •Жастар ұраны
- •1923 Жылы жазылған туындылар жауында
- •Мезгіл суреттері
- •1924 Жылы жазылған туындылар
- •1927 Жылы жазылған туындылар ортақшыл партияға
Қосылыс
1915-1916 жылдары жазылған өлең. Өлеңнің жанры: Көңіл-күй лирикасы.. Өлең 12 буынды, аралас ұйқасқа негізделген. Өлеңде кейіптеулер, теңеулер кездеседі. Мысалы:
«Түрлентіп шалғын, жапырақ, бәйшешекті,
Сайратты еріксізден сандуғашты.
Қарақұс көкті айналып, көлдегі үйрек,
Бозторғай жымыңдасты, тағы алдасты.»
Екі жастың армандарының орындалып, отау құрған кездегі бақытты сәттерін сипаттайды. Өлеңді оқығанға жеңіл.Әртүрлі құс атауларын, атап айтсақ: сандуғаш, қарақұс, үйрек, бозторғай, бұлбұл, көгершінді кездестіруге болады.
ИГІЛІК
Өлең жанры: көңіл-күй лирикасы. Бұл өлең үш бөлімнен тұрады.Үш бөлімде әртүрлі мәселелер:
І табиғат
ІІ махаббат
ІІІ қыз бейнесі беріледі. Бір -бірімен өзара байланысады.
Қыр мұрын, қыпша белді, қиған қасы,
Ақ маңдай, қас бітісі қып - қиғашы.
Он бір буынды өлең. Шалыс ұйқасқа құрылған. 1915-1916 жылы жазылған. Ақын өзінің «Игілік» өлеңінің үшінші бөлімінде һас сұлуды аса шеберлікпен, әсем суреттеген. Мысалы:
«Тік иық, жазық жауырын, аққу мойын,
Толқытып, қос құлақты әм сырғасы.»
Өлеңді оқып отырып, үлбіреген сұлу қыз көз алдыңа келе қалады. Міне, ақынның ішкі жан-дүниесі өзін қоршаған бүкіл табиғаттағы, адамдардағы сұлулыққа, жақсылыққа жаны құмар. Өлең жолдарында теңеу, ассонанс, аллитерация, метафораларды орынды қолдана білген.
1960 жылы шыққан 1-томда тұңғыш рет жарық көрген. Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивіндегі өз қорынан табылды. 1960 жылы шыққан 1-томда тұңғыш рет жарық көрген.
ІШІМ ЕРІП
Өлең жанры: табиғат лирикасы. Ақын табиғатты тамашалап,ойға келіп,ой түкпірінің сезімін өлеңмен жеткізеді. Он-он бір буынды, үш бунақтан тұратын өлең. Қара өлең ұйқасына құрылған. 1915-1916 жылы жазылған. Ақын тілінің көркемдігі сондай, шынымен, көз алдымызға ұжымақтың бақшасындай керемет табиғат көрінісі елестейді.
«...Самал жел баяу есіп тұрған толғап,
Жайқалған түрлі өлеңдер қандай болмақ.
Шыққан шөп, өскен ағаш дегізетін,
Бақшасы ұжым ақтың қалған орнап.»-дегендей керемет табиғат аясында көзінен жас тамшылатып, терең ойға салған не нәрсе болуы мүмкін деген оқырмандарына ой туғызады.Өлең шумақтары өзінің көркемдігімен қатар қарапайым, тілге жеңіл, есте сақталуы оңай болып келеді.
Бұл туындыны «Қазығұрт» баспасынан жарық көрген Ілиястың көптомдық шығармалар жинағында «Жазылған дылы көрсетілмеген «Ішім еріп», «Май айында көп ағаш», «Түйе боздап, қой қоздап» деген өлеңдердің мазмұнына, стиліне қарап, осы тұста жазылған өлеңдер деп ұйғардық»,-деп томдықтың бірінші кітабына басып шығарған.
Жанды сөз
Өлең жанры: көңіл-күй лирикасы. Ақын қазақ халқының сөз мәдениеті хақында сөз қозғайды.
Бұл өлең 1915-1916 жылдарда жазылған. 1960 жылы шыққан 1-томда тұңғыш рет жарық көрген. Бұл туындының түпнұсқасы -ақынның 1957 жылы қазақтың А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік кітапханасынан табылған "Балдырған" атты қолжазба жинағында сақталған. Қара өлең ұйқасына құрылған,он бір буынды өлең. Өлеңнің тақырыбы да ерекше эпитетпен алынған. Метафораларды келісті қолданады. Мысалы:
«Жүрегімнің айнасын шаң басқанда
Орамалым осы өлең бетін сүртер.»
- «өлең беті» окказионалды қолданыс болып табылады.
1915-1916 жылдары жарыққа шыққан. Қазақ халқының сөздік қолданысындағы мақал-мәтел, жаңылтпаш, әжеміз, аналарымыз айтатын ертегілерді, өзіміздің суйікті ақын ағаларымыздың сүйіп оқитын өлеңдері, ауызымыздың суы құрып тыңдайтын батырлық, эпостық, ғашықтық жырларымыз – осылардың барлығын жанды сөзге теңеген жолдарынан үзінді берсек:
Өлең, мақал, жаңылтпаш, ертегі, жыр –
Мұның бәрі жанды сөз, ішінде сыр.
Әрі оның ішіндегі сырына терең үңіліп, сол кездің өзінде халықтың ең бағалы байлығы – тіл екенін айтып кеткен.
