Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіпорынны негізгі жне айналым орлары(курсты жоба эконом).docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
87 Кб
Скачать
☆

1.2 Кәсіпорынның негізгі және айналым қорларының маңызы

Өндіріс тиімділігін арттырудың   елеулі резервтері құрамына шикізат пен негізгі материалдар, отын, қосалқы материалдар, тез тозатын аспаптар мен тағы басқа да еңбек заттары кіретін айналым қорларын орынды пайдаланудың есебінен өндіріс шығындарын одан әрі төмендетуден табылады.

Өндірістің нәтижелілігін  арттыру жөніндегі шараларды  белгілеген кезде кәсіпорындардың  өндіріс процесінің маңызды заттық элементі болып табылатын өндірістік айналым қорларын тиімді пайдалануға  кәсіпорын ұжымдарының айрықша назар аударғаны жөн.

Айналым қаржылары үнемі қозғалыста болады. Бір өндірістік кезең аралығында олар үш сатыдан тұратын ауыспалы айналым жасайды.

Бірінші сатыда кәсіпорын  ақша  қаражаттарын   еңбек заттарын сатып алу үшін шарттарды төлеуге жұмсайды. Бұл сатыдан айналым қорлары айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді.

Екінші сатыда алынған  қорлары өндіріс процесіне  тікелей өтіп, әуелде өндіріс қосалқы қорларына және шалафабрикаттарға, содан соң аяқталған өндіріс процессі – дайын өнімге айналады.

Үшінші  сатыда дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып,  жаңа ауыспалы  айналымға шығады. Бірақ, айналым қорлары бірінші сатыдан екінші сатыға  жүйелі түрде өтеді дегенді білдірмейді. Керісінше, олар бір мезгілде айналымның барлық үш сатысында да белгілі орында болады.

Шаруашылықты  жүргізудегі  нарықтық жүйе жағдайында кәсіпорын экономикасын дамытуда оның айналым қаражаттарымен оңтайлы қамтамасыз етудің төтенше маңызы бар.

Айналым  қаражаттарының  айналымдылығын сипаттайтын бірнеше  көрсеткіштер болады. Олардың ішіндегі ең  қарапайымы – айналым қаражатының  айналымдылығының коэффициенті.

Айналым қорын  тиімді пайдалану көпшілігінде олардың  қажеттілігін дұрыс  анықтау  болып  табылады. Себебі, өндірістің осы көлемінде  жоспарланған  пайданы ең төменгі  мөлшердегі шығынмен  табуға  үлкен ықпалын тигізеді. Айналым қаражатының төмендетілген мөлшері кәсіпорынның  тұрақсыз қаржы жағдайына, өндіріс процесінің  іркілісіне әкеліп соғады. Осының салдарынан  өндірістің пайдасы мен көлемі төмендейді.

Кәсіпорында айналым  қаражатының қажеттілігін анықтау  кәсіпорынның өндіріс жоспары және өндіріс шығынының системасымен үйлестіру керек. Мұнда қажетті мөлшерде өнімнің нақтылы түрлерін және оларды белгілі мерзімде шығаруды негіздеу қажет. Кәсіпорынның жеке қаражатының   қажеттілігін есептеген  кезде мыналарды еске  алған   жөн.

Кәсіпорындардың іс - әрекеттерін  қамтамасыз етудегі міндетті шарты   қолда бар айналым қаражаттарының  болуы. Айналым қаражаттары –бұл өндірістік  айналым қорларын құру, пайдалану  және  үздіксіз өндірістік процестер  мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым қаражаттарының мәні – ұдайы өндірістік процестердің  қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Айналым қаражаттары өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға  қарағанда айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және   өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің  құнын тікелей дайын өнімге апарады.

Айналым қаражаттарының  құрылымы деп – барлық жиынтығындағы олардың  бөлек элементтерінің арақатынасын айтады. Кәсіпорындардағы айналым қаражаттарының құрылымына талдау  жасау және оны жетік білу маңызды   мәселелерінің бірі болып саналады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің не ол, не бұл мезетін сипаттайды. Мысалы, Дебиторлық  берешек үлесінің шамадан тыс артуы, қоймадағы дайын өнімдер, аяқталмаған өндіріс, кәсіпорынның қаржы жағдайының  нашарлағанын білдіреді. Әуелі кәсіпорын құрылғанда айналым қаражаттары жарғылық қордың бір бөлігі ретінде қалыптасады. Олар тауарлық өнімдерді өндіруге байланысты  өндірістік қосалқы қорларды сатып  алу үшін жұмсалады. Дайын өнім қоймаға  түседі, содан соң тұтынушыларға жіберіледі. Оның төлеуге дейінгі мезетінде өндіруші ақша қаражаты мұқтажынан жоқшылық көреді. Мұқтаждық бұл дейінгі салынған қаражаттың көлеміне ғана емес, сонымен бірге алдағы есеп айырудың мөлшеріне де байланысты, ол жыл ішінде түрлі себептермен  тұрақсызданады. Сондықтан да кәсіпорын айналым қаражатының  қалыптастыруда басқа да қиындық көздеріне ұшырайды – орнықты пассивтер, несиегерлік берешек, банк несиесі және  басқа да несилегерлер.

Өндірістік бағдарламаның өсу мүмкіндігіне байланысты айналым қаражатына мұқтаждық артады, осыған орай қаражатының өсуіне тиісті қаржыландыруды қажет етеді. Бұл жағдайда оларды толықтыру көзі кәсіпорынның таза пайдасы болып саналады.

Айналым қаражаты  ретінде  кәсіпорын орнықты пассивтерді пайдаланады. Олар жеке көздеріне теңестіріледі, себебі, кәсіпорынның айналымында түпкілікті болып оның іс - әрекетін қаржыландыру үшін қолданады, бірақ оған жатпайды.

Орнықты пассивке жататындар:

  • Жалақы жөнінде ең аз ауыспалы берешек және ауыспалы сақтандыруға, зейнетақы қорына, медицина сақтандыруына, жұмыспен  қамтуға жәрдемдесу қорына аударым жарнасы.

  • Ақы төлеудің мерзім ішіндегі келіп түспеегендігі фактурасы жоқ  жеткізушінің  және акцептелген есеп айырысу құжаты бойынша  жеткізуге берешегі.

  • Аванс және өнімге ішінара ақы бойынша тапсырыс берушілерге берешегі.

  • Салықтардың бірсыпыра түрлері бойынша бюджетке берешегі.