- •Көркемдік бөлім
- •1.1 Сәннің болашақ бағыты (зерттеу бөлімі)
- •1.4 Негізгі модельдің техникалық сипаттамасы
- •2.Конструкциялық бөлім
- •3.Технологиялық бөлім
- •3.1 Лекалолар жаймасын матада жасауға қойылатын талаптар
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •1.Көркемдік бөлім........................................................................................................................6
- •3.Технологиялық бөлім...........................................................................................................43
- •2.Конструкциялық бөлім.........................................................................................................17
1.4 Негізгі модельдің техникалық сипаттамасы
25-30 жастағы қыздарға арналған хорезм ұлттық көйлкгі екі бұйымнан тұрады: көйлек және халат.
Көйлек:
Көйлек бел қиығынан кесілген, атлас матасынан дайындалған. Көйлектің алдыңғы бойының жоғарғы бөлігі тұтас пішілген бел бүкпелерімен қыналған.
Артқы бой орта тігісті, орта тігісі жасырын сыдырмамен өңделіп, қолтық ойындысынан бүкпе түсірілген.
Көйлектің төменгі бөлігі жартылай күн тәрізді пішінде.
Жеңі: қондырмалы, бір тігісті, ұзын және жең манжеті ұзын 8 түймемен, 8 торланған түймелікпен өңделген.
Халат:
Алдыңғы бойы –бел бүкпелерімен қыналған.
Артқы бойы тұтас бел бүкпелерімен қыналған.
Халат алдыңғы бойында, өңір тұсында, етегінде хорезм ұлттық ою-өрнектерімен кестеленіп сырып тігіліп безендірілген.
1.5 25-30 жас аралығындағы жас әйелдерге арналған қыздарға
арналған ұлттық көйлегінің материалдарын конфекциялау
Мата (лат. textile —мата,материя) химиялық талшықтар мен жіптерден жасалған. Химиялық талшықтар мен жіптер табиғи синтетикалық жоғары молекулярлық қосылыстарды химиялық өңдеу нәтижесінде алынады. Бастапқы шикізатқа байланысты химиялық талшықтар, жіптерді жасанды және синтетикалық деп бөлінеді. Матаның құрылымы – қалыңдығымен, жіптердің қасиеттерімен, сондай-ақ олардың өзара орналасуы және байланысуымен анықталынады. Маталардың құрылымының негізгі сипаттамалары: жіптерінің есептелген диаметрі және сызықтық тығыздығы, айқаспа түрлері, матаның 10 см ұзындығына негіз немесе арқау жіптерінің саны, толтыруы, кеуектілігі, құрылым фазасы, тірек беті.
Мата – тоқыма станогында перпендикуляр орналасқан негіз және арқау жіптердің өзара айқауымен алынған тоқыма бұйым.
Тігін өндірісінде қолданылатын матаның, трикотаждың, бейматалық тоқыма материалдардың негізгі қасиеттері олар өндірілетін талшықтардың қасиетіне тәуелді болады. Материалдардың қасиеттеріне көбінесе қолданылатын иірімжіп түрлері, оның алыну тәсілдері, сонымен қатар, матаның трикотаждың өңдеу әдісі, олардың жіптерінің өрімі, тығыздығы және әрлеу ерекшеліктері көп әсер етеді. Киімге арналған материалдарды құрайтын элементтері олардың сыртқы түрлерінің дайындалуына және қасиеттеріне әсер ететіндіктен, оларды құрайтын талшықтарды, иірімжіптің өңдеу тәсілдері, соңғы тауарлық түр беретін бұйымды дайындау және әрлеу әдістері осы курс тапсырмасы болып есептеледі.
Курстық жобада көйлекке негізгі мата ретінде «Атлас» матасы таңдалды. Ал хореизм көйлегінің ұлттық халатына «Тафта-Атлас» матасы таңдалды және жеңі үшін арнайы тор мата дайындалды.
Көйлектің негізгі матасы: «Атлас» айрықша айқаспа түрімен дайындалған өте жылтыр қабатты мата. Көбіне көйлектерге, жеңіл кофталарға және т.б. бұйымдарға қолданылады.
Атлас сипаттамасы, қасиеттері. Атлас матасы-барлық мерзімнің классикасы. Ол ацетаттан жасалғандықтан, денеде әдемі тұрады. Нашар жағы: Атластың күтімі оңай емес. Оның түсін сақтаймын десеңіз, тек қана қолмен, жылы суда мұқият жуғаныңыз жөн. Атласты кептіру де ыждаһаттылықты талап етеді. Ең ыңғайлы атлас - полиэстер атласы мен атлас эффектісі бар трикотаж матасы болып есептеледі.онымен қатар химиялық жолмен алынатын талшықтарды қосу арқылы дайындайды. Маталардың талшықтық құрылымы немесе тағайындалуы бойынша таңдау маталар ассортименті деп аталады.
Мата ассортимені құрылымы дайындалуы бойынша да үлкен әр түрлілікпен сипатталады. Атлас – жалаң өрім, оның ілмектері қатарлас ілмек бірнешеше (кемінде үшеу) бағанада кезегімен ирек орналасады. Атластың оң жағында ілмек таяқшалары, ал теріс жағында –ине доғалары мен көлбеу созылмалары орналасады.
Трикоға қарағанда айырмашылығы, атластың көлбеу созылмалары неғұрлым жайпақ орналасқан.
Хорезм халатының негізгі матасы: «Тафта-атлас» (парсының taftan- жылтыр). Жылтырауық тығыз жібек мата.Таза жібек тафта өте жылтыр жұқа жібек мата. Мата қозғалыс кезінде сықырлап қаттылау болып көрінеді. Тафтаны жасанды талшықтардан да дайындайды.
Мақта мата жіңішке және орташа талшықтардан, сондай ақ төменгі сортты мақтадан және жіп иіру кезінде түсетін қалдықтардан да тоқылады. Мақта мататоқуға көбінесе жіңішкелігі орташа талшықтардан кард әдісі бойынша иірілген жіп пайдаланылады. Ал жіңішке талшықты мақтадан тарақтап түту арқылы 65-170 нөмірлі жіп иіріледі де одан жұқа мата тоқылады. Төменгі сортты мақта мен оның қалдықтары аппаратты әдіспен иіріліп, қалың мата тоқуға жұмсалады әрі бұл жіпті түкті мата тоқығанда арқау ретінде пайдалануға болады. Кейбір мақта матаның өрісіне мақта жіп, арқауынан бос ширатылған вискоз жіп қолдануға болады.
Кесте 2 - Мата ассортименттері сипаттамасы
Мата аталуы |
Артикулы |
Мата түрі |
Өрім түрі |
Талшықты құрамы,% |
Жіптердің сызықтық тығыздығы, текс |
Беттік тығыздығы, г/м2 |
1см2 салмағы |
Ені, см |
Қолданылуы |
|
|||
Негізгі Жіп |
Арқау Жіп |
Негізгі жіп
|
Арқау жіп
|
|
|||||||||
1 |
2 |
3 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
|
|
Тафта |
42240 |
Костюмдік,көйлектік мата |
Қарапайым креп |
Вискоза - 75%,полиэстра - 25% |
35 текс |
50 текс |
72% |
42% |
110 % |
150 см |
Костюмдік, көйлектік мата |
|
|
Атлас |
42240 |
Синтетикалық матасы |
Қарапайым саржалы |
Жібек - 45%; полиэстра - 55% |
35 текс |
50 текс |
72% |
42% |
90 % |
150 см |
Костюмге, Көйлекке астар ретінде қолданылады |
|
|
Фатин |
- |
- |
Трикотаж |
Полиамид
|
32 текс |
35 текс |
50% |
45% |
182% |
100 см |
Жеңде |
||
