- •Көркемдік бөлім
- •1.1 Сәннің болашақ бағыты (зерттеу бөлімі)
- •1.4 Негізгі модельдің техникалық сипаттамасы
- •2.Конструкциялық бөлім
- •3.Технологиялық бөлім
- •3.1 Лекалолар жаймасын матада жасауға қойылатын талаптар
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •1.Көркемдік бөлім........................................................................................................................6
- •3.Технологиялық бөлім...........................................................................................................43
- •2.Конструкциялық бөлім.........................................................................................................17
3.Технологиялық бөлім
3.1 Лекалолар жаймасын матада жасауға қойылатын талаптар
Жаңа модельге жасалатын техникалық құжаттама орта өлшемді және бойлы лекало-эталонын, ұсынылатын өлшемдер мен бойға арналға лекало жиынтығын, модель түрінің эскизін және оның сипаттамасын қамтиды.
Киім бөлшектері лекалосының сызбасын жасауға арналған бастапқы мәліметтер ретінде бұйымның модельдік конструкциясының сызбасын, бұйымды дайындауға ұсынылатын материалдардың қасиеттері мен таңдалған технологиялық өңдеу әдістерін айтуға болады.
Лекало қолданылуына қарай негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.
Негізгі бөлшектер лекалосының қима үлгісінде негізгі құрастыру сызықтарының орналасуы белгіленеді: бел,кеуде, мықын, жіңішке қапсырма , сондай-ақ бүкпелер және қалталардың орналасуы және т.б. Қиық сызықтары бойынша жинақтау кертпелерінің орналасу орны белгіленеді. Тігістің 40см асу мөлшері жағдайында, жинақтау кертпелері жоғарғы және төменгі қиықтардан 10см арақашықтықта қойылады. Негізгі бөлшектердің қима үлгілері ішкі контур сызықтарымен қиылады және қиықтарды біріктіру жолымен қиықтар ұзындығын, кертпелер орналасуын, технологиялық өңдеу (қонымдылық, тартылушылық) мөлшерін тексереді. Сызба конструкциясына өзгерістер енгізеді.
Негізгі бөлшектерді өңдеу есебімен олардың лекалосын негізінде жасалатын туынды лекалоларға:
Бұйымның негізгі матадан пішілетін бөлшектерінің негізгі және туынды лекалоларын дайындау кезінде конструкция бөлшектеріне тігіс еніне қажетті үстемелер беріледі. Бұйым моделінің бөлшектерінің лекалоларына келесі маркерлеу мәліметтері түсіріледі:
негізгі матадан жасалатын лекало-өңір асты, жаға, белдік және т.б;
астарлық матадан жасалатын лекало-алдыңғы бой, артқы бой, жең, қалта қапшықтары;
қатырғылайтын іштік матадан жасалатын лекало-қолтық ойындысы мен мойын ойындысының, жең түбінің, жағаның қақпақшаларының және т.б.жатады.
Қосымша лекалолар дегеніміз – бұйымды тігу процесінде қолданылатын сырып тігу, бастыра тігу, қосымша сызықтарын белгілеуге, қалта орналасуына, қиық сызықтарына және т.б. арналған лекалолар. Қосымша лекалолар негізгі лекало және туынды бөлшектер базасында сызық белгілерінің максималдық дәлдігінсақтау мен пайдалану ыңғайлығын ескере отырып құрылады. Жұмысқа дайындалған лекалоларға мынадай мәліметтер енгізіледі:
лекало атауы (түпнұсқа немесе эталон);
бұйым атауы;
лекало қолданылуы, бөлшек атауы және негізгі бөлшектер саны;
бұйым өлшемдері (бойы, кеуде айналымы, бел айналымы, мықын айналымы).
Негізгі бөлшектердің лекалоларының консрукциясын құрып, сапасын тексереді; тексеру кезінде табылған кемшіліктерін түзегеннен кейін сол негізгі лекалолар негізінде туынды және көмекші лекалоларды құрастырады;сондықтан, бөлшектер лекалоларының спецификациясы да лекалолардың дайындалу реттілігімен орындалады. Қазіргі әлемдік ғылыммен техниканың даму шегінде өсуі көптеген бұйымдардың өңделуін жеңілдетіп отыр. Тігін өнеркәсібінде техниканың қайта жабдықтаудың негізгі бағыты,киім өндіру процесінің технологиясы, комплекстік механикаландыру және автоматтандыру болып табылады. Конструкцияның толық жетілдіру технологиясын жеңілдету киім дайындауда жөндеудекомплекстік максимальді мүмкіндік туғызып отыр. Кең таралған желімдік әдіспен киімдердің желімдерін өңдеу үшін желіммен жабылған іштік материалдар желімдік жіп, желімдік өрмек, желімдік ұнтақтар қолданылады. Бұйымды дайындауда бөлшектерді желімдік әдіспен өңдеу уақыты үнемдеуді құрайды.
Тігін бұйымын дайындауда қол жұмысы мен машина жұмысы, сондай-ақ ылғалды жылумен өңдеу операциялары қолданылады. Киім бөлшектерін өңдеуде жіппен біріктіру, желіммен біріктіру және дәнекерлеу, қадау әдістері кеңінен қолданылады. Киім бөлшектерін біріктіруде жіп қолдану арқылы тігістер жүргізіледі. Ал қабыршық (пленка), ұнтақ және жіп түрінде желімді қолдану арқылы бөлшектерді желімдейді.
Бөлімшеде негізгі матадан пішілетін бөлшектердің лекалоларының спецификациясын кестелік түрде көрсетеді. Бөлшектер спецификациясында бұйым моделін дайындап шығуға қажетті барлық лекалолар тізімі жасалады. Тізім кестелік түрде құрастырылады; ол кестеде бөлшектер лекалоларының аталуын олардың дайындалу ретімен жазады. Алдымен негізгі матадан пішілетін негізгі лекалолар аталады; құру процесінде бірінші болып құрылатын алдыңғы бойдан бастап.
Киімнің бөлшектерін бір-бірімен қойып және сырып тігу арқылы жалғастырады, оларды орындау нормативтік документацияның талаптарына сай болуы тиіс. Сырып тігудің желімту – киіп жүрген кезде тартып сызуға ұшырайтын ең жауапты жалғастырып қою тігістерін (жеңді қондыру, иық, бүйір тегістері т.б.) орындау барысында қолдану ұсынады.
Кейде бөлшектерді машинамен жалғастыра тігуден бұрын ол бөлшектер қолмен тігіледі. Уақытша тепшіген жіпті машинамен қойып тіккен соң алып тастайды. Бұйымдарды өңдеу барысында мақта, жібек жіптерді және синтетикалық талшықтардан жасалған жіптерді қолданады.
3.2 25-30 жас аралығындағы жас әйелдерге арналған қыздарға
арналған ұлттық көйлегінің түйіндерін өңдеу
Тігін өндірісінің ең басты мақсаты-жоғарғы сапалы, әр түрлі ассортименттегі бұйымдарды өндіру арқылы тұрғындардың киімге деген сұранысын толық қанағаттандыру. Бұл тапсырманы орындау негізінде өндірістің тиімділігін жоғарылату,ғылыми техникалық прогресті жетілдіру,еңбек өнімділігін арттыру, жұмыс пен өнім сапасын жақсарту кіреді. Қазіргі тігін өндірісі саласында жоғарғы өнімділікті қамтамасыз ететін жабдықтар мен техниканы, есептеуіш техникаларын қолданады;өнім сапасын үнемі жоғарылату жұмыстары жүргізіледі,жоғарғы сұранысқа ие болатын әртүрлі ассортименттегі кимдерді дайындайды және оған жұмсалатын материалдық шығындарды азайтады. Тігін өндірісінің қазіргі заман технологиясы көбірек механикаландырылған, оның тиімділігі ең алдымен қолданылатын жабдыққа байланысты: қалта жинау, белдік, тартпа бау дайындауда екі инелі машиналар; ұсақ-түйек қадауға және түймелік торлауға, қысқа тігістерді орындауға жартылай автоматтар қолданылады. Үтіктеу желісі технологиялық бу беретін, вакуум-сорғыш құрылғысымен жабдықталған; бөлшектерді желімдік өңдеулерді көп позициялы пресстер атқарады. Бұйымдарды өңдеу уақыты әр түрлі болғандықтан оның түріне, конструкциясына, матаның түріне және бұйымға қойылаты техникалық талаптарға байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, қолмен немесе машинамен жапсыра тігу орнына жеңнің төменгі қиылысына, желімді қатырманы желімдейді.
Өндіріске тігін машиналарының әр түрін көпмөлшерде енгізілуіне байланысты өнімді өңдеуде сапасы жоғары әрі қолмен жүргізілетін жұмыс уақыты аз болады. Ілгектерді қолмен торлау 20-30минутқа созылса, машинамен торлау уақыты небәрі 8-9 секунт болады. Тігін бұйымдарының сапасына әсер ететін факторлардың бірі өңдеудің тазалығы мен әдемілігі.
Өңдеу тәсілін таңдауда тігін өндірісінің техникасы мен технологиясын одан әрі жетілдірудің негізгі бағыттары ескеріледі. өңдеу тәсілдері жаңа Отандық және шетельдік құралдарға сәйкес оларға келетін кіші механизация жабдықтарына қарай тағайындалады. Жіптермен желімдеу операциясын орындауға тәртіп (режимін) таңдау жобаланған бұйымның технологиялық реттілігін мазмұнымен анықтайды.
Ол үшін бөлшектерді қосудың түрлерін, тігіс типтерін қойып тігу 1 см., аралығындағы тігіс санын, тігіс енін қолданылатын ине жіп номерін ескеру қажет. Ылғалды жылумен өңдеу (ВТО) тәртібін қолданылатын құралмен мата түріне қарай таңдайды. Ылғалды жылумен өңдеу кезінде температураны, уақытты және престеу қысымын ылғалдықты ескеру қажет. Дымқылдық жылулық жұмыстан бұйымдардың сырт көрінісін дымқылдап жылулық өңдеуден өткізудің сапасына байланысты болды. Сондықтан оны дұрыс орындалудың үлкен маңызы бар. Модельге қарай көйлектерді түймеліктер әр түрлі сыдырма (молния) түймеліктер әр түрлі. Түймеліктердің тігістің артқы бөліктің ортаңғы тігісінде өңдейді.сыдырма түмеліктің тоқыма лента сын бекіту бет жоқ бойынша әрлеу тігіс арқылы 2 тәсілмен, 2 жағынан бүйірлік тігістен бірдей қашықтықта және түрліше қашықтықта жүргізеді, тігіс жолын бұйымның матасын түстік жібек жіппен жүргізеді. Сыдырма түймеліктің сыдырмасы біріктіріп тіккен кезде тігіс әдіп астында көрінбейтін болып қалуы тиіс.
Сыдырма түймелікті оның сырмасымен толық жаба отырып өңдеу мұндай түймелікті өңдеуден ерекшелігі сыдырма түймелікті оның оң жақ лента сыдырмасын көйлектің алдыңғы бөлігі астына ауыстыра (орталық тігіс сызығына 3-5 мм) бекіту болып табылады.
№ |
Бөлшектің аталуы |
№ |
Тігістің атауы |
1 |
Артқы бой |
1 |
Артқы бойдың бедер қиығы мен артқы бойдың жан бөлігінің бедер қиығын сырып-торлау |
2 |
Артқы бойдың жан бөлігі |
Сурет 16 - Көйлектің бедер тігісін өңдеу
№ |
Бөлшектің аталуы |
№ |
Тігістің атауы |
1 |
Белдемше |
1 |
Белдемше етек қиығына белдемше етегін сырып-торлау |
2 |
Белдемше етегі |
Сурет - Белдемшеетегін өңдеу.
№ |
Бөлшектің аталуы |
№ |
Тігістің атауы |
1 |
Бұйым |
1 2 |
Жағаға жиектің ішкі қиығын қосып тігу Жағаға жиектің үстіңгі қиығын бүгіп бастыра тігу |
2 |
Үстіңгі жаға |
||
3 |
Астыңғы жаға |
||
4 |
Жиек мата |
Сурет - Жағаны өңдеу.
№ |
Бөлшектің аталуы |
№ |
Тігістің атауы |
1 |
Бұйым жеңі |
1 |
Жең аузын торлау Жең қаттама аузын торлау Жеңмен манжетті сырып тігу |
2 |
Жең қаттамасы |
Сурет - Жеңді манжетпен қосып тігу
Қорытынды
Курстық жобамда негізгі өлшемдері 158-96-104 типтік тұлға өлшемдеріне қатысты «Хорезм ұлттық бас киімдерін талдау негізінде 25-30 жас аралығындағы қыздарға арналған ұлттық көйлек жиынтығының конструкциялық және технологиялық құжаттамасын дайындадым. Курстық жобам кіріспеден, 3 бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде жеңіл өнеркәсіп және жеңіл өнеркәсіптің мақсаты жайлы және қысқаша хорезм ұлтының ұлттыққыздар және ерлер киімдері және олардың түрлеріне тоқталып өтті.
Бірінші бөлім: Көркемдік бөлім. Көркемдік бөлімнің бірінші бөлімшесі сәннің болашақ бағыттары атты бөлімше – зерттеулік бөлім болып табылады. Бұл бөлімде хорезм ұлттық киімдерінің ерлер және әйелдер бас киімдері зерттелініп өтті.
Көркемдік бөлімнің қыздарға арналған хорезм ұлттық көйлегінің ұқсас модельдерін таңдау және талдау бөлімшесінде өзімнің курстық жобамның көйлегіне ұқсас модельдерді тауып техникалық сипаттама берілді.
25-30 жас аралығындағы қыздарға арналған хорезм ұлттық көйлегінің техникалық эскизі, техникалық сипаттамасы және материалдарын конфекциялау бөлімшелерінде көйлектің техникалық эскизі салынды, техникалық сипаттама жазылды және маталарды конфекциялау жүргізілді.
Конструкциялық бөлімде 25-30 жас аралығындағы қыздарға арналған хорезм ұлттық көйлегінің конструкциясының сызбасын құруға қажетті бастапқы мәліметтерді таңдау және негіздеу, көйлек конструкциясының сызбасын құруға қажетті есептеулер және хорезм ұлттық көйлегіне модельдік ерекшелігін енгізілді. Хорезм халқының ұлттық дәстүрлі қыздар костюмінің баздық және үлгілік конструкциясы тұрғызылды. Және хорезм ұлттық көйлегінің бөлшектерінің негізгі және туынды лекалолары дайындалды. Технологиялық бөлімде лекалолар жаймасын матада жасауға қойылатын талаптар және түйіндік өңдеу жүргізілді.
