Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тех Word.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
95 Кб
Скачать
☆

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетініңтехнологиялық картасы №3

Күні:12.10.16 ж.

Тобы: «Ерке»

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Күзде»

Мақсаты:

1) Күзгі табиғат жөніндегі түсініктерін қалыптастыру;

2) Табиғат әсемдігін көре білуге, әңгімелеуге баулу;

3) Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдері: сұрақ- жауап, әңгімелеу, түсіндіру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, суреттер, жұмыс дәптері.

Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалар іс-әрекеті

Мотивация-

лық-

қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Балаларды шеңбер бойына тұрғызу.

Алтын, сары, қызыл, көк...

Алуан-алуан жапырақ,

Күзгі бақта күлімдап,

Көз тартады атырап,

Ой, алақай, тамашағ

Шашу шашты жапырақ!

Шеңбер болып тұрады.

Қимылдар

жасайды.

Ұйымдастыру-шылық-

ізденістік

Кіріспе әңгіме

-Балалар, жылдың неше мезгілі бар?

- Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілі екенін қайдан білдіңдер?

-Күз мезгілінде қандай құбылыстар,

өзгерістер болады?

Жұмбақ жасыру:

Қызыл, сары немелер

Су бетінде қалқиды.

Соқса егер салқын жел,

Ырғалады, толқиды.

-Ендеше, бүгінгі оқу іс-әрекетімізде Тұманбай Молдағалиевтің «Жапырақтар» деген өлеңімен танысамыз.

Өлеңді мәнерлеп оқу.

Жапырақтар

Қыстың жақын қалғанын

Жапырақтар білгендей.

Желмен ұшып барады,

Жерге қонып үлгермей,

Жапырақтар жамырап,

Сайға барып бекінді.

Анасынан ажырап

Қалған бала секілді.

Сұрақ-жауапарқылы әңгімелесу:

-Балалар, өлең сендерге ұнады ма?

-Өлеңде не туралы айтылған?

- Жапырақтар жылдың қай мезгілінде сарғайып, жерге түседі?

-Күз мезгілінің неше айы бар?

-Күз айларын атаңдар...

Дидактикалық ойын: «Ненің жапырағы?»

Мақсаты: қай ағаштың жапырағы екенін ажырату.

Ойын барысы: шашылып жатқын жапырақтарды себетке жинайды,жинаған жапырақтарын бір- бірінен ажырату.

Дәптермен жұмыс:

Әр жапырақты өз ағаштарына орналастыру.

Төрт

Күз

Күн суытты, жаңбыр жиі жауады,

жапырақтар сарғайды

Шешуі:

жапырақ

Күз

Күзде

Үш

Қыркүйек,

қазан, қараша

Жапырақтарды ажыратып айтады

Тапсырманы орындайды.

Рефлексиялық түзетушілік

Тіек-сызба арқылы тақпақ айтқызып, оқу іс –әрекетін аяқтау.

Жапырақтар сарғаяды,

Күн бұлттанады,

Жаңбыр жиі жауады,

Құстар жылы жаққа ұшады.

Айтыңдаршы, балалар,

Бұл қай кезде болады?

Күзде

Күтілетін нәтиже:

Түсінеді: күзгі табиғатты және оның әсемдігін.

Қолданады: сұрақ-жауап арқылы түсініктері кеңейеді.

Жасайды: күз мезгіліндегі табиғат құбылыстарын.

Тексерілді: Э.Н.Егембердиева