Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тех Word.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
95 Кб
Скачать
☆

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетініңтехнологиялық картасы № 5

Күні: 08.11.16ж.

Тобы: «Ертегі»

Білім беру саласы: «Комуникация»

Оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Отбасындағы сыйластық»

Мақсаты:

а) отбасы мүшелерін дұрыс атауға, сәлемдесіп, қоштасуға, үлкенді сыйлап, құрметтеуге үйрету;

Дамыту:

ә) есте сақтау қабілетін дамыту;

Тәрбиелеу:

б) инабаттылыққа, кішіпейілдікке тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар: Отбасы туралы суреттер

Әрекеттердіңкезеңдері

Тәрбиешінің әрекеттері

Балалардың іс әрекеттері

Ұйымдастырушылық – оқытушылық қызықтырушылық

Ұйымдастырушылық-

ізденушілік

Рефлексивті-түзету

Шаттық шеңбері:

Тәрбиеші балалармен бірге Ермек Өтетілеуұлының «Біздің шаңырақ» өлеңін қайталайды.

Атамнан басталар,

Әжеммен қосталар.

Отбасы мыналар,

Ең жақын аналар.

Әке мен анам бар,

Бір туған ағам бар.

Бір туған апам бар,

Бәрін жақсы көремін,

Еркелеймін еремін.

-Балалар өлеңде не туралы айтылған?

-Бүгінгі оқу іс әрекетінде отбасы және сыйластық туралы әңгімелейміз.

-Суреттен кімдерді көріп отырсыңдар?

-Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?

-Кім суретке қарап отбасы жайлы айтып береді?

Тәрбиеші балаларға «Отбасы » өлеңін оқып береді.

Анаң – үнің, жүрегің,

Әкең – өміртірегің.

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын!

Әжең – асыл ардағың,

Атаң – дана қорғаның.

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын!

«Аға ақылы» өлеңі оқылады.

Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса.

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.

Сергіту сәті.

Бас бармағым – атам, үйдің данасы.

Балаң үйрек – әжем, ошақ анасы.

Ортан терек – әкем, отау панасы.

Шылдыр шүмек - шешем, шаңырақ ажары.

Титтей бөбек – мен, бәрінің базары.

Тәрбиеші балаларға Ж. Мұхамеджановтың «Сыйлаймын» өлеңін жаттатады.

Ата менен ананың

Айтқан тілін аламын.

Үлкен кісі жұмсаса,

Қайда болсын барамын.

Төсекті өзім жинаймын,

Ешкімді де ұрмаймын.

Ешкім маған тимейді,

Мен дебәрін сыйлаймын.

Тәрбиеші балаларға отбасы туралы суреттер үлестіреді.

-Отбасы мүшелерін ата?

-Дастарханға қандай тағамдар қойылған?

-Өзіңнің отбасы мүшелерін ата?

-Дастархан басында кімдер отыр?

-Дастарханды әшекейлеп толықтыр?

-Жаттаған өлеңіміз не жайында?

Бүгін біз оқу іс-әрекетінде сүйікті отбасымыз туралы әңгімелестік. Оларды жақсы көруге, сыйлауға, құрметтеуге, көмектесуге үйрендік.

Отбасындағы сыйластық үлкен сүйіспеншіліктен туындайды. Оқу іс- әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мадақтайды.

Шеңбер бойымен тұрып өлеңді қайталайды.

Отбасы туралы.

Ата, әже, әке, ана, іні, қарындас, апа.

Балалар өз отбасы туралы әңгімелейді.

Саусақтарын санап, көрсетіп айтады.

Сергіту сәтін орындайды

Балалар өлеңді жаттайды.

Балалар сұрақтарға жауап береді

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: отбасы мүшелерін атай біледі.

Болу керек: үлкенге - құрмет, кішіге – қамқор болу керектігін.

Үйрену керек: отбасы мүшелеріне құрметпен,сыйластықпен қарауға.

Тексерілді: Н.Э.Дюзбан

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетініңтехнологиялық картасы № 6

Күні: 23.11.16ж.

Тобы: «Ерке»

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Бөлімі:Көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Атасының ақылы».

Мақсаты:

  1. Әңгімені тыңдай білуге үйрету, үлкен адамының айтқан нақыл сөздеріне көңіл бөлуге баулы;

  2. Қазақтың мақал-мәтелдерінедегі ұлағатты сөздерді меңгерту;

  3. Үлкен сыйлауға тәрбиелеу.

Қолданатын көрнекі құралдар:әңгіме мазмұнына сәйкес суреттер, жұмыс дәптері, хрестоматия.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық –қозғаушы

лық

Психологиялық сәт

Орнымыздан тұрайық,

Қолды белге қояйық.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Бір, екі, үш демімізді алайық.

Шеңбер бойына тұрып, өлеңге сәйкес қимылдар жасайды.

Ұйымдас-тыру - іздестіру

Кіріспе әңгіме

-Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетінде С.Сейтеновтың «Атасының ақылы» атты әңгімесімен танысамыз.

Әңгімені оқып беру.

Сұрақ –жауап арқылы әңгімелесу:

-Әңгімеде не жайлы айтылған?

-«Дос» дегенді қалай түсінесің?

-Еркін мен Төкен достықты қалай түсінеді?

Сергіту сәті

Кім үлкенді тыңдаса,

Кім үлкенді сыйласа,

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.

Дәптермен жұмыс:

  1. Өлеңді оқу.

  2. Қазақтың киелі домбырасымен таныстыру.

Балалардың жауаптары.

Өлеңге сәйкес қимылдар жасайды.

Тапсырманы орындайды.

Рефлексив

ті – түзету

шілік

Қорытындылау.

-Бүгінгі оқу іс-әрекетінде қандай әңгімемен таныстық?

-Авторы кім?

«Атасының ақылы»

С.Сейтенов

Күтілетін нәтиже:

Түсінеді: әңгіменің мазмұнын дұрыс түсіне біледі.

Қолданады: суретке қарап әңгіме құрауды, сұрақтарға жауап беруді.

Меңгереді: жақсы қасиеттерді меңгереді.

Тексерілді: Э.Н.Егембердиева

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетініңтехнологиялық картасы № 7

Күні:07.12.16ж.

Тобы: «Ерке»

Білім беру саласы:«Әлеумет»

Тақырыбы: «Қазақстан – Республикам менің»

Бөлімі: Көркем әдебиет

Мақсаты: а) Қазақстан Республикасы туралы әңгімелеу;

ә) Балалардың ой – өрісін дамыту;

б) Еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздердің суреттері, жұмыс дәптері.

Оқу іс - әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті.

Мотивациалық –қозғаушылық

Балаларды бір қатарға тұрғызып, қолдарын жүрек тұсына қойғызып, Қазақстан Республикасының Гимнін Туға қарап тұрып орындату.

Кіріспе әңгіме:

-Балаларға , біз қай республикада тұрамыз?

-Рәміздерге не жатады?

-Бас қаламыз қай қала?

-Бүгінгі оқу іс әрекетінің тақырыбы: «Қазақстан – Республикам менің! »

Балалар үлкен сезіммен орындайды..

Қазақстан Республикасында

Ту, герб, гимн

Астана

Ұйымдастырушылық - ізденістік

  • Отан деген не? Отан деген – біздің еліміз, жеріміз, әке – шеше, бауырымыз, туған жеріміз. Қазір мен сендерге ақын Бүркіт Ысқақовтың «Отан» өлеңін оқып беремін. Отан Отан сенің - ата - анаң, Отан - досын, бауырың, отан - өлкең, астанаң, Отан – аудан, ауылың. Отан – тарих, Отан – тіл, Жасаған елің өз халқың. Отан – өлкең, Отан – жыр, Көтерген көкке ел даңқын. Отан – осы, достарым,

Көңілге оны түйе біл.

«Отан » деп өсіп жас жаның,

Оны ардақтап сүйе біл!

-Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы.Кең байтақ ұлан-ғайыр жерді алып жатыр.

-Астана (картадан көрсету)

Сергіту сәті:

Көтеріліп шаңырақ,

Уықтары шаншылар,

Керегелері керіліп,

Өрімдей боп өрілер.

Бәріміз жүрсек айналып

Киіз үй болып керілер.

Балалардың жауабы.

Өлең жолдарын қайталап айтады.

Қимылдар жасап бойларын сергітеді

Рефлексиялық -түзетушілік

«Күншуақ» ойының ойнау.

Ойын шарты: Ортада шуақсыз күн тұрады. Күннің әр шуағында сұрақтар мен тапсырмалар берілген. Күн шуағындағы сұрақтарға жауап беру арқылы күнді күлімдету. Балалардың жауаптарына ризашылық білдіріп, мақтау, мадақтау.

Жауап бере отырып, күнді күлімдетеді.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Қазақстан Республикасының рәміздерін.

Игереді: өлең арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктері артады.

Істей білу керек: ойын арқылы сұрақтарға жауап беру барысында, берілген тапсырманы меңгереді.

Тексерілді: Э.Н.Егембердиева