Газ Шығырлы Қондырғылар
Газ шығырлы қозғалтқыштың сұлбасы
Газ шығырлы қондыргылардың шынайы цикл графигі.
1 - компрессорге ауа енгізу (Р1 < Ратм);
2 - компрессорден сығымдалған ауаның шығуы (жану камерасына енгізу);
3 - жану камерасынан газдардын шығуы (шығырға енгізу);
4 - шығырдан өңделген газдардың шығуы (Р4 > Ратм).
Газ шығырлы қондырғылар (ГШҚ) - бұл отынның жану энергиясын реактивті ағынның кинетикалық энергиясына және (немесе) қозғалтқыш білігінің механикалық энергиясына айналдыруға арналған қозғалтқыш.
ГШҚ қарапайым сұлбасы суретте берілген. Отынның жану энергиясын реактнвті ағынның кинетикалық энергиясына және қозғалтқыш білігінің механикалык энергиясына айналдыру арнайы жану камерасында ЖК жүреді. Жану камерасына отын форсунка арқылы отын сорғысымен 6 береді.
Жануға арналған ауа жану камерасына компрессормен 5 айдалады. Компрессор газ шығырының жұмыс доңгелегімен бір білікте орналасқан және одан жетек алады. Отын сорғысының жетекті біліктен алады. Бағыттағыш аппарат 2 арқылы жану өнімдері газ шығырына 4 түседі. Газ шығырының арнайы түрде жасалған қалақшалы жұмыстық органы бар, олар дискіде орналасқан және онымен бірге айналушы жұмыстық дөңгелекті құрайды. Ол жоғары айналу жиілігінде жұмыс істейді. Шығырдың жұмыс дөңгелегінде ұлғаятын жану өнімдері білікке және ары қарай тұтынушыға 3 берілетін жұмысты атқарады.
Шығырда бірнеше тізбектеліп орналасқан қалақшалар (көп сатылы шығырлар) қатарын қолдану жанғыш газдардың энергиясын толық пайдалануға мүмкіндік береді. Бірақ толық жүктемесіз жұмыс істеуде газ шығырларының піспекті іштей жану қозғалтқыштарына қарағандағы экономикалық тиімділігі төмен, сонымен бірге жоғары температуралы газдар ортасында үздіксіз жұмыс істеумен байланысты жұмыстық дөңгелек қалақшалары үлкен жылу кернеулігімен ерекшеленеді. Шығырға түсетін газдар температурасын төмендетуде, қалақшалар сенімділігін жоғарлату үшін қуат азайтылады және шығырдың экономикалық тиімділігі нашарлайды. Газ шығырлары піспекті және реактивті қозғалтқыштардың көмекші агрегаттары есебінде, сонымен бірге жеке күштік қондырғы есебінде де кеңінен қолданылады. Ыстыққа төзімді материалдарды қолдану және қалақшаларды салқындату, газ шығырларының термодинамикалық сұлбаларын жетілдіру оларды қолдану аймағын кеңейтеді және көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді.
Газ шығырлы қондырғылардың шынайы циклы
Газ шығырлы қондырғылардың шынайы циклы теориялық (адиабаттық) процестерден, сонымен бірге үйкелістерден және құйын пайда болудан және қозғалыс процесінде жүмыстық дененің қысым жоғалтуларымен салыстырудағы сығымдау және ұлғаю процестерінің ауытқуларымен болатын термодинамикалық шығындарды есептейді.
ГШҚ шынайы циклында келесілер есептеледі:
- компрессорге кіруде енгізу құралдарымен, ауа сүзгісімен және т.с.с. ауа қысымының жоғалтулары;
- толық жанбау, қабырғаларға жылу берумен және т.с.с. байланысты жану камерасында жылулық энергияны жоғалту;
- шығару жүйесінің кедергілерімен, дыбыс төмендеткішпен және т.с.с. шығырға кірудегі газдардың қысымының жоғалтулары.
Қысым жоғалтуларды есепке алатын ГШҚ шынайы циклының диаграммадағы графигі суретте көрсетілген.
Шынайы циклдың негізгі көрсеткіштері:
- тиімді қуат (тұгынушыға берілетін білік бойындагы пайдалы қуат);
- тиімді ПӘК
Байқоңыр - Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан ғарыш алаңы. Іргесі 1955 ж. қаланған. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобиль жолдары және теміржол аркылы байланысқан. Байқоңырдың негізгі объектілеріне: техникалық тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері (олардың әрқайсысы жалпы техника және арнаулы технология кұрал-жабдықтары бар ірі құрылыстар), ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар, т.б.; көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: отын (жанармай) сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия, т.б. жатады. Байқоңырда ракета тасығыштың (РТ) әрбір түріне сәйкес бір не бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына арналып бір не бірнеше старттық кешендер салынған.
Байқоңырдан Протон зымыраны ұшу сәті.
Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. 1957 ж. 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. Ол - дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін (ЖЖС) орбитаға шығарды.
Союз TMA-13 ұшырылуға дайындық
Байқоңырдан ұшқан алғашқы зымыран Байқоңыр әлемдегі ең ірі жер беті ғылыми ғарыш полигоны болып табылады, оның басты және көмекші нысандарының жалпы ауданы 6717 шаршы шақырым. Байқоңырдан 1961 ж. 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Гагарин Юрий Алексеевич "Восток" ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңыр одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, "Восток", "Восход", "Союз", "Прогресс" ғарыш кемелері, "Салют", "Мир" орбиталық станциялары, жұмыстар жүргізуге арналған "Протон", "Зонд", "Прогноз", байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған "Молния", "Экран", "Горизонт", "Радуга", "Метеор", т.б. ЖЖС-тері ұшырылды. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар РТ-лар да Байқоңырдан аттандырылды. 1991 ж. 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров "Союз Т-13" ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А. Мұсабаев ғарышта 3 рет (1994, 1998, 2001) болды. Байқоңыр ғарыш алаңын салуға әр жылдары түрлі мамандықтағы көптеген қазақстандықтар қатысты. Олардың арасында Байқоңыр ғарыш алаңының қызметкерлері Қ. Тоқмұхамедов, Б. Межіғұлов, Т. Уәшев, К.Әбілғазин, полковник Ә. Исмаилов, М. Құлымгереев, Қ. Нұрмағамбетов, С. Мұхаметқалиев, Б. Ешімов, Қ. Нұрмұқанов, Р. Құлмырзаев, М. Мұқанов, т.б. болды. Қазақстан азаматы, ұшқыш-сынақшы, майор М.З. Рафиков алғашқы ғарышкерлер тобында Ю.А. Гагаринмен бірге дайындықтан өтті. Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 ж. Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 ж. Ресей Федерациясына 20 жылға берілді. Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары байқалды. Байқоңыр кешенінен Қазақстан Республикасы аумағына жылына 30 — 35 мың т. улы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтірді.
