Ракеталық қозғалтқыштың жану камерасы
Ракета қозғалтқышы — өз жұмысы үшін қозғалмалы аппараттың қорындағы заттар мен энергия көзін пайдаланатын реактивтік қозғалтқыш. Бұл қозғалтқыштың ауа-реактивті қозғалтқыштан ерекшелігі оның жұмысына қоршаған ортаның (ауаның, судың) әсері жоқ. Қолданылатын энергия түріне қарай Ракета қозғалтқышы химиялық, ядролық, лазерлік, пневматикалық, электр қозғалтқыштарға ажыратылады. Қазіргі кезде хим. отындармен жұмыс істейтін Ракета қозғалтқышы пайдаланылады. Ядр. және электр. Ракета қозғалтқышы ғарыштық ұшу аппараттарында болашақта қолданылуы мүмкін.Реактордағы ядр. отынның агрегаттық күйіне байланысты ядр. Ракета қозғалтқышытар қатты фазалы, сұйық-металл, газ фазалы қозғалтқыштарға бөлінеді. Ракета қозғалтқышытардың меншікті тарту күшін арттыруда электр. Ракета қозғалтқышының маңызы зор. Бұларда электр энергиясы реактивті ағынның кинет. энергиясына айналады. Электр. Ракета қозғалтқышытар болашақта алыс әрі күрделі ғарыш саяхаттарында қолданылуы мүмкін. Ракета қозғалтқышының теор. мүмкіндіктерінің шегі — фотондық Ракета қозғалтқышы Мұндағы реактивті ағын жарық сәулесінің кванттарынан тұрады. Олар ғарыш кемесін аса жоғары жылдамдықпен қозғалта алатындықтан жұлдызаралық саяхаттар үшін пайдаланылмақ.
Ракеталық кешен
Ракеталық кешен — қарулар жүйесі. Оған ракеталардан басқа ұшыру қондырғыларынан, ракетаның ұшуын басқару жүйесі мен ракетаны ұшуға жіберетін көмекші жабдықтардан тұратын жер бетіндегі авиациялық және кемелік жабдықтар енеді.[1]
Ракеталық қару
Толық мақаласы: Ракеталық қару
Де Хэвиленд «Файрстрик» - британдық ракета классы «воздух-воздух»
Ракеталық қару — басқарылатын немесе басқарылмайтын ракеталардың көмегімен нысанаға жеткізілетін қырып-жою құралдарының жүйесі.
Ракета тасығыш
Байқоңыр космодромы
Ракета тасығыш — пайдалы жүкті (ЖЖС, ғарыш кемелерін, планетааралық автоматты стансаларды, т.б.) ғарыш кеңістігіне шығаруға арналған көп сатылы (2 — 5 сатылы) ракета. Ғарышқа шығаратын жүктің массасына байланысты Ракета тасығыш болып бөлінеді.:
жеңіл (5 т-ға дейін). Жеңіл түріне “Космос”, “Скаут”, “Тор-Эйбл”, “Блэк эрроу”, т.б.;
орташа (5 — 20 т). орташа түріне — “Восток”, “Союз”, “Титан-3С”, “Сатурн-1В”, т.б.;
ауыр (10 — 20 т). ауыр түріне — “Протон”;
аса ауыр (100 т-дан артық). аса ауыр түріне — “Протон-5”
Ракета тасығыштары жатады. Ракета тасығыш ғарышқа шығарылатын жүкке 1- немесе 2-ғарыштық жылдамдыққа тең, не одан үлкен жылдамдық береді. Қазіргі заманғы Ракета тасығыштың траекторияның активті бөлігіндегі ұшу ұзақт. шамамен 17 мин; ұшардағы массасы 10 т-дан 3000 т-ға дейін (85 — 90%-н жағар май құрайды) болады; массасы 140 т-ға дейінгі жүкті орбитаға шығара алады.
Қанатты ракета — (Крылатая ракета)-бір рет қолданылатын, ұшқышсыз қанатты ұшу аппараты. Ол, әдетте, ядролық зарядты тасиды және ұшуды басқаратын, оны нысанаға бағыттайтын реактивті қозғалтқышпен және арнайы аспаптармен жабдықталады. Қ.р-ның негізгі бөліктері: ұрыс бөлігі, басқару аппараты, қозғалтқыш пен планер. Қ.р-ның қозғалтқышы әуе-реактивтік, яғни тотықтандырғыш ретінде атмосфераның оттегі пайдаланылатын қозғалтқыш түріне жатады. Сырт тұлғасы жағынан қанатты ракета жойғыш реактивтік ұшақ секілді. Оны жер үсті жылжымалы қондырғылардан, кемелер мен сүңгуір қайықтардың (су бетінен) ұшыру қондырғысынан, сондай-ақ ұшақтардан кез келген метерологиялық жағдайда ұшыруға болады. Нысанаға дейінгі өз жолының негізгі бөлігін Қ.р. 15—30 км биіктікте көлденең, қазіргі реактивтік жойғыштардың жылдамдығымен бірдей жылдамдықта ұшады. Содан соң нысанаға тік шүйіледі. Қ.р. ірі де маңызды нысаналарды: әкімшілік және өнеркәсіптік орталықтарды, темір жол тораптарын, теңіз базалары мен порттарын, әскерлер мен ұрыс техникасының шоғырланған аудандарын, т.б. талқандауға арналады. Қ.р. радиолокация құралдарымен оңай анықталады. Оны зенитті ракеталармен және жойғыштармен тосып алып, жоюға болады.
