Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ungar_S_IST.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
24 Мб
Скачать
☆

Ажыратпалы диагноздың I этапы:

Өкпе инфарктісі

Өкпе инфарктісімен ауыратын науқастарда менің науқасымда бар өкпе тінінің тығыздалу, бронхтық-қабынулық, ауырсыну, интоксикациялық, тыныс жеткіліксіздігі синдромдары кездеседі. Бұл ауруда тағы қосымша гиперкоагуляциялық, кардиальды, церебральды, ырғақтың бұзылу синдромы, гипотония, плевра қуысына сұйықтық жиналу, диспепсиялық,абдоминалды синдромдарымен көрінуі мүмкін.

Бұл ауруда өкпе тінінің тығыздалу синдромы: пальпацияда: зақымдалған аймақта ауырсыну және серпімділігі төмендеген, дауыс дірілі күшейген болады; перкуссияда: өкпенің инфаркт алған бөлігінде перкуторлы дыбыстың тұйықталуы; аускультацияда: қатаң бронхиальды тыныс, плевраның үйкеліс шуы, кейде әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. Ал менің науқасымда: пальпацияда: кеуде қуысының сол жақ төменгі бөлігінде тыныс алу актісінде , жөтелгенде ауырсыну , дауыс дірілі сол жақ кеуде қуысының төменгі бөлігінде күшейген; перкуссияда: перкуторлы дыбыстың сол жақ кеуденің төменгі бөліктерінде қысқаруы, сол жақ жауырын асты аймағында, сол жақ қолтық алды, қолтық орта, қолтық арты сызықтарында тұйықталуы, аускультацияда: сол жақ өкпенің жауырын асты аймағында, қолтық алды, қолтық артқы, қолтық ортаңғы сызықтары бойында – везикулярлы тыныстың әлсіреуі және ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естілді.

Бронхтық- қабынулық синдромы: өкпе инфактісіне алқызыл қанды қақырықты жөтел тән. Ал менің науқасымда жөтел жасыл-сары түсті шырышты қақырықпен жүреді.

Өкпе инфарктісінде орын алатын синдромдар менің науқасымда да сәйкес келеді, бірақ қосымша синдромдар менің науқасымда жоқ. Аталған синдромдар мен физикалды зерттеу мәліметтеріне сүйене отыра өкпе инфарктісі ауруын жоққа шығарамын. Бірақ бұл қосымша зерттеуді қажет етеді: лабораторлы: ЖҚА, ЖЗА, ҚБА; аспаптық: рентгенография, ЭКГ.

Өкпенің қатерлі ісігі

Өкпенің қатерлі ісігімен ауыратын науқастарда менің науқасымда бар өкпе тінінің тығыздалу, бронхтық-қабынулық, ауырсыну, интоксикациялық, тыныс жеткіліксіздігі синдромдары кездеседі. Бұл ауруда тағы қосымша астено-вегетативті, артралгиялық, астеникалық, паранеопластикалық, панкосттық обыр болса - Горнер, т.б. асқыныстарына байланысты әр түрлі синдромдармен көрінуі мүмкін.

Бұл ауруда өкпе тінінің тығыздалу синдромы: пальпацияда: ауырсыну және серпімділігі төмендеген, дауыс дірілі күшейген болады; перкуссияда: перкуторлы дыбыстың қысқаруы немесе өзгеріссіз қалыпты болуы мүмкін; аускультацияда: везикулярлы тыныстың әлсіреуі, стридор естіледі, сырылдар естілмейді. Ал менің науқасымда: пальпацияда: кеуде қуысының сол жақ төменгі бөлігінде тыныс алу актісінде, жөтелгенде ауырсыну , дауыс дірілі сол жақ кеуде қуысының төменгі бөлігінде күшейген; перкуссияда: перкуторлы дыбыстың сол жақ кеуденің төменгі бөліктерінде қысқаруы, сол жақ жауырын асты аймағында, сол жақ қолтық алды, қолтық орта, қолтық арты сызықтарында тұйықталуы, аускультацияда: сол жақ өкпенің жауырын асты аймағында, қолтық алды, қолтық артқы, қолтық ортаңғы сызықтары бойында – везикулярлы тыныстың әлсіреуі және ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естілді.

Өкпенің қатерлі ісігінде орын алатын синдромдар менің науқасымда да сәйкес келеді, бірақ қосымша синдромдар менің науқасымда жоқ. Аталған синдромдар мен физикалды зерттеу мәліметтеріне сүйене отыра өкпенің қатерлі ісігін жоққа шығарамын. Бірақ бұл қосымша зерттеуді қажет етеді: лабораторлы: ЖҚА, ЖЗА, ҚБА; аспаптық: рентгенография.

Өкпенің инфильтративті туберкулезі

Өкпенің инфильтартивті туберкулезімен ауыратын науқастарда менің науқасымда бар өкпе тінінің тығыздалу, бронхтық-қабынулық, ауырсыну, интоксикациялық, тыныс жеткіліксіздігі синдромдары кездеседі. Бұл ауруда тағы қосымша астено-вегетативті, астеникалық, синдромдармен көрінуі мүмкін.

Бұл ауруда өкпе тінінің тығыздалу синдромы: пальпацияда: Воробьев Поттенджер симтомы оң, дауыс дірілі күшейген болады; перкуссияда: перкуторлы дыбыстың қысқаруы; аускультацияда: везикулярлы тыныстың әлсіреуі, бронхиалды тыныс және дем алғанда естілетін әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. Ал менің науқасымда: пальпацияда: кеуде қуысының сол жақ төменгі бөлігінде тыныс алу актісінде, жөтелгенде ауырсыну , дауыс дірілі сол жақ кеуде қуысының төменгі бөлігінде күшейген; перкуссияда: перкуторлы дыбыстың сол жақ кеуденің төменгі бөліктерінде қысқаруы, сол жақ жауырын асты аймағында, сол жақ қолтық алды, қолтық орта, қолтық арты сызықтарында тұйықталуы, аускультацияда: сол жақ өкпенің жауырын асты аймағында, қолтық алды, қолтық артқы, қолтық ортаңғы сызықтары бойында – везикулярлы тыныстың әлсіреуі және ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естілді.

Өкпенің инфильтративті туберкулезі орын алатын синдромдар менің науқасымда да сәйкес келеді, бірақ қосымша синдромдар менің науқасымда жоқ. Аталған синдромдар мен физикалды зерттеу мәліметтеріне сүйене отыра өкпенің инфильтративті туберкулезін жоққа шығарамын. Бірақ бұл қосымша зерттеуді қажет етеді: лабораторлы: ЖҚА, ЖЗА, ҚБА, қақырықты егу (Кох таяқшасын анықтау үшін), рентгенография және де фтизиатр консультациясы.

Өкпенің бөліктік пневмониясы

Өкпенің бөліктік пневмониясымен ауыратын науқастарда менің науқасымда бар өкпе тінінің тығыздалу, бронхтық-қабынулық, ауырсыну, интоксикациялық, тыныс жеткіліксіздігі синдромдары кездеседі.

Бұл ауруда өкпе тінінің тығыздалу синдромы: пальпацияда: зақымдалған аймақта ауырсыну, дауыс дірілінің күшеюі анықталады; перкуссияда: перкуторлы дыбыстың қысқаруы немесе тұйықталуы; аускультацияда: везикулярлы тыныстың әлсіреуі, бронхиалды тыныс, ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Ал менің науқасымда: пальпацияда: кеуде қуысының сол жақ төменгі бөлігінде тыныс алу актісінде, жөтелгенде ауырсыну , дауыс дірілі сол жақ кеуде қуысының төменгі бөлігінде күшейген; перкуссияда: перкуторлы дыбыстың сол жақ кеуденің төменгі бөліктерінде қысқаруы, сол жақ жауырын асты аймағында, сол жақ қолтық алды, қолтық орта, қолтық арты сызықтарында тұйықталуы, аускультацияда: сол жақ өкпенің жауырын асты аймағында, қолтық алды, қолтық артқы, қолтық ортаңғы сызықтары бойында – везикулярлы тыныстың әлсіреуі және ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естілді.

Өкпенің бөліктік пневмониясы орын алатын синдромдар менің науқасымдағы синдромдармен сәйкес келеді. Аталған синдромдар мен физикалды зерттеу мәліметтеріне сүйене отыра өкпенің бөліктік пневмониясы диагнозын қоямын. Нақтылау үшін қосымша зерттеулерді жүргізу қажет: лабораторлы: ЖҚА, ЖЗА, ҚБА, жалпы қақырық анализі, рентгенография.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]