- •Топпен жұмыс істеу бағдарламасы
- •Тесттің кілті «Сіз жақсы доссыз ба?»
- •Досыңа көмектесе аласың ба?
- •Қарым-қатынас деңгейін анықтау.
- •Қарым-қатынас деңгейін анықтау
- •Сіз қаншалықты қарым-қатынасқа түсе аласыз?
- •«Сенің мінез-құлығың қандай?»
- •«Өз құрбыңызға ықпал ете аласыз ба?»
- •Әдістеменің нәтижесін өңдеу.
- •Жеке оқушыға психологиялық-педагогикалық мінездеме
- •«Кактус» әдістемесі
- •6. Сыныптас құрдастарымен өзара қарым – қатынас .
- •Тренингтің тақырыбы: «Қиын бала» қалай пайда болады?
- •1 Тапсырма: «Қиын бала» - ол кім?
- •2 Тапсырма: «Жағдайлар»
- •3 Тапсырма: «Жасөспірім бейнесі»
- •4 Ойын: «Жақсы тілек»
- •«Мен туралы не ойлайсыңдар?» тренингі
- •«Біз бәріміз әртүрліміз - өз-өзімізді танимыз және бағалаймыз».
- •Жетекшінің рөлі және оның тәртіп стилі.
- •Тренингтің барысы:
- •Анықтау мәліметтері туралы әңгіме.
- •3. Екі топ бір-біріне қарама-қарсы тұрып, бір-біріне жақсы тілек айтады.
- •8.Әр топ жағдайды көрініс арқылы көрсетеді. Талдау жасалынады.
- •8.Жаттығу жасалынады.
- •Мінездеме
- •V ойын
- •VI тапсырма:
- •Viі Практикалық жұмыс:
Досыңа көмектесе аласың ба?
1.Емтиханда сенің досың билеттен қиналуда, ол билеттегі сұрақтардың жауаптарын білмейді. Сенің іс-әрекетің:
а) оған шпаргалка бересің;
б) ойыңа (есіңе) түскенін жазып оған ұсынасың;
в) оған басқа билет алуға немесе емтиханнан шығып кетуге кеңес
бересің.
2. Сенің досың саған қонақ болуды ұсынып, үйіне шақырды. Баспалдақпен көтеріліп өз қабатына жеттіңдер, ол кенеттен үйдің кілтін жоғалтқанын білді. Сенің әрекетің:
а) оған үйіне балконнан немесе терезеден кіруге ұсыныс айтасың;
б) өз үйіңе ертіп барасың;
в) алаңда онымен бірге ата-анасы жұмыстан келгенше күтесің.
3. Сенің ата-анаң ескі фильм көргісі келеді, ал сен өз мүмкіншілігіңді жіберместен жаңа киноны көргің келеді. Сондағы сенің әрекетің:
а) теледидар көрсетпейтініне ата-анаңның көзін жеткізу үшін
антенаны ажыратасың, сонан соң олар бөлмеден шығып кеткеннен
кейін өзің қалаған фильміңді көресің;
б) фильмді көру үшін дос қызыңа барасың;
в) ұйықтайсың немесе осы уақытта басқа нәрсемен айналысасың.
4. Сен кездесуге кешігіп жатырсың. Автобус аялдамасында тұрып бір ақшаны үйде ұмытып кеткеніңді білдің, сенің әрекетің:
а) автобусқа отырып жол ақыны төлеу үшін кез келген адамнан ақша
сұрайсың;
б) жасырынып барасың;
в) әмиян үшін үйге асығасың.
5. Сенің досың күтпеген жерден ертең анасының туылған күнін есіне түсіріп, ал ертең дүкендер жабық болмақ, ол сол кезде сенімен кеңеседі, сен:
а) гүл сыйлауға кеңес бересің;
б) жаңа спектакльге алған өз билетіңді сый ретінде ұсынасың;
в) кешірім өтініп сен оған ешқандай көмек бере алмайтыныңды
айтасың.
6. Сен дос қызыңмен бірге жазда теңізге барамыз деп шештіңдер, бірақ онда бару үшін ақша қажет. Оны сендер қайдан аласыңдар:
а) қандайда бір затты сатуға тура келеді деп шешім қабылдайсыңдар;
б) кез-келген жұмыс жасау мүмкіндігін іздейсіңдер;
в) ақшаны ата-аналарыңыздан аласыздар.
Нәтижелерді өңдеу:
Әрбір «а» жауабына – 3 ұпай
«б» жауабына – 2 ұпай
«в» жауабына – 1 ұпай
6-8 ұпай
Достықты мектеп бағдарламасындай деп түсінуге болмайды. Қаншама жағдайлардың дұрыс шешімін іздестіресің. Досың қайғылы жағдайға ұшырағанда ол сенің көмегіңді күтеді, зейінділігіңді және белсенділігіңді күтеді. Мүмкін, сен оған қалай болатынын айта аларсың. Достық бағасы, әрбір минуттарда сен өзіңнің жалғыз емес екеніңді білгенің.
9-16 ұпай
Сенің досың кез келген жағдайдың шешімін шеше алмайды, ал сен одан тура жолды табуға тырысасың. Сен үрейленбей, жағдайды сабырлылықпен бағалайсың, ал бұл – жетістікке барар жол және оның шешімін өзің қабылдауыңа тура келеді, кеңестерің әрқашанда дұрыс.
17-18 ұпай
Шеше алмайтын мәселе жоқ. Сенің бойыңда батылдық пен тапқырлық бар екенін досың жақсы біледі. Өз мақсатыңның табысты болуы үшін қолданылатын әдістерді өте қатаң деп атауға болады. Сен дөрекі емессің.
