- •Топпен жұмыс істеу бағдарламасы
- •Тесттің кілті «Сіз жақсы доссыз ба?»
- •Досыңа көмектесе аласың ба?
- •Қарым-қатынас деңгейін анықтау.
- •Қарым-қатынас деңгейін анықтау
- •Сіз қаншалықты қарым-қатынасқа түсе аласыз?
- •«Сенің мінез-құлығың қандай?»
- •«Өз құрбыңызға ықпал ете аласыз ба?»
- •Әдістеменің нәтижесін өңдеу.
- •Жеке оқушыға психологиялық-педагогикалық мінездеме
- •«Кактус» әдістемесі
- •6. Сыныптас құрдастарымен өзара қарым – қатынас .
- •Тренингтің тақырыбы: «Қиын бала» қалай пайда болады?
- •1 Тапсырма: «Қиын бала» - ол кім?
- •2 Тапсырма: «Жағдайлар»
- •3 Тапсырма: «Жасөспірім бейнесі»
- •4 Ойын: «Жақсы тілек»
- •«Мен туралы не ойлайсыңдар?» тренингі
- •«Біз бәріміз әртүрліміз - өз-өзімізді танимыз және бағалаймыз».
- •Жетекшінің рөлі және оның тәртіп стилі.
- •Тренингтің барысы:
- •Анықтау мәліметтері туралы әңгіме.
- •3. Екі топ бір-біріне қарама-қарсы тұрып, бір-біріне жақсы тілек айтады.
- •8.Әр топ жағдайды көрініс арқылы көрсетеді. Талдау жасалынады.
- •8.Жаттығу жасалынады.
- •Мінездеме
- •V ойын
- •VI тапсырма:
- •Viі Практикалық жұмыс:
Сіз қаншалықты қарым-қатынасқа түсе аласыз?
Басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсе алатындар ешқашан жолда қалмайды. Кез келген жұмыс беруші, төре және қарама-қарсы жынысты адам қарым-қатынасқа аз түскіш адамнен тіл табыса алатын адамды, алғашқысы он есе білімді және парасатты болуына қарамастан артық көреді. Бүгін сіз өзіңізге осы сұрақтарға жауап бере отырып, өзіңіз жайлы шындықты біліңіз.
1. Дәрігерге көрінуден ұялғаннан, қатты ауырған кездер болды ма?
А) иә - 0
Б) төтенше жағдайда болмаса – 1
В) жоқ – 2
2. Сіз ұзын кезекте ұзақ уақыт тұрсыз, алдыңызда кексе жастағы әйел өтіп кетуге тырысады. Не істейсіз?
А) үлкен кісілермен араласқым келмейді,алға қарай өткізіп жіберемін–0
Б) тып-тыныш қана тәртіп бұзушыны тықсыруға тырысамын – 1
В) тәртіп орнату үшін онымен сыпайы сөйлесемін – 2
Г) шу көтеремін – ұятсыз өз орнын білуі қажет – 3
3. Сізге автобуспен үйге дейін бару керек, бірақ сіз ақша мен жол билетіңізді жоғалтып алдыңыз. Қалай құтыласыз?
А) жаяу барамын – 0
Б) туыстарыма немесе достарыма телефон соғып көмек сұраймын – 1
В) өткен адамдардан ақша сұраймын немесе автобус жүргізушісін
ақысыз апаруын сұранамын – 2
4. Сізге жұмыс бабымен басқа, сіз болмаған қалаға командировкаға баруды ұсынады. Осы сапарға бармаудың амалын табасыз ба?
А) Әрине – 0
Б) Иә - 1
В) қалаға байланысты – 2
Г) командировкаға қуана-қуана келісемін – 3
5. Кафеде сізге сапасыз-нашар тағам берді. Не істейсіз?
А) әншейін, жемеймін – 0
Б) көңіл-күйге байланысты – 1
В) заказға ақы төлеуден бас тартамын немесе ақшамды қайтарып
аламын – 2
Г) шу шығарамын – 3
6. Лезде азғантай сомма ақша қажет болды, ал сіздің жақсы танысыңыз сізге ақша қарыз. Сіз оған қарыз жайлы ескертесіз бе?
А) жоқ, басқа амалын табамын – 0
Б) жай ғана қарызды керегін айтамын – 1
В) қарызды қайтаруын талап етемін – 2
7. Сіз онша білмейтін әріптесіңіз сізді қонаққа шақырды. Не істейсіз?
А) бармаудың амалын табамын – 0
Б) әріптестің пайда қорлықпен шақырғанын білсем, бас тартамын – 1
В) сол уақыттағы менің жоспарыма байланысты болады – 2
Г) келісемін – адамдармен жақсы қарым-қатынас артық болмас – 3
8. Сіз далада көп жылдар бойы жолықпаған ескі танысыңызды көріп қалдыңыз. Ол сізді көріп тұрған жоқ. Сіздің әрекетіңіз?
А) қасынан өтіп кетемін-маған бөтен адамды өз жұмыстарынан үзгім
келмейді – 0
Б) тоқтап амандасамын – 1
В) қал жағдайын сұрап, тағы кездесуді ұсынамын – 2
Г) қонаққа немесе кафеге апарып сырласамын – 3
9. Мектеп, институт бітірушілер кешіне барып тұрасыз ба?
А) жоқ, ол кездерді еске алғым келмейді – 0
Б) керек адаммен әншейін-ақ кездесіп аламын – 1
В) басқа тірліктерім болмаса барамын – 2
Г) қуана барамын, кейде сондай кездесулерді өзім ұйымдастырамын – 3
10. Басқа тілде, сізге түсініксіз сөйлейтін адаммен түсінісе аласыз ба?
А) жоқ – 0
Б) сенімді емеспін – 1
В) байқап көруге болады – 2
Г) ым-ишара арқылы ол оңай – 3
6 балл және одан төмен. «Құндақтаулы адам». Қарым-қатынас сіз үшін – тым қатты зерігу. Сіздің ойыңызша кез келген бейтаныс адам қауіпті, сондықтан сіз басқа адамдарды өз кеңістігіңізге аяқ бастырғыңыз келмейді және қарым-қатынасқа амалсыздан түсесіз. Сізге туыстар мен жақындар да бір түрлі, күдікті болып көрінеді, сол себепті олармен жолдарыңызды қиылыстырмауға тырысасыз. Сіз жалғыздық пен тыныштықты ұнатасыз. Бірақ, сіздің сыртқы әлеммен қатынасыңыздың маңызды кемшлігі бар: егер қиын жағдайға түссеңіз, көмектесер адам табылмай қалуы мүмкін.
7-14 балл аралығы. «Партизан». Әңгімеге кірісіп кете аласыз, жақсы қарым-қатынасты орната алу қасиеттеріне иесіз. Бірақ, шын ниетпен тек таңдаулы адамдармен қарым-қатынасқа түсесіз, өйткені адамдарды онша ұнатпайсыз. Сізбен, қарым-қатынасқа кез келген адам түсе бермейді, бірақ шынын айтқанда ондай адамдар да көп емес. Сіздің өмірге деген көзқарасыңыз өзгеше және адамдарға қояр талабыңызда өте жоғары.
15-21 балл аралығы. «Көпшіл». Өз түйініңізде (резюме) өзіңізді «қарым-қатынасқа тез түсе аламын» деп сеніммен айтуыңызға болады. Кез келген тақырыпқа әңгіме айтуға сіздің біліміңіз жеткілікті. Көмек қажет болса кез келген бейтаныс адамнан сұрауыңыз әбден мүмкін. Өмірде өзіңізге сенімдісіз. Онымен қоса адамдарды жақсы көресіз, олардың кемшіліктерін кешіре білесіз, сондықтан қарым-қатынастан рахаттанасыз.
22 балл және одан жоғары. Сіздің қарым-қатынас орната алуыңыз сөзсіз, бірақ ерекше. Сіз ашық және көңілді болып көрінгіңіз келеді, бірақ мінез-құлық мәдениеті жайлы түсінігіңіз аз. Сіздің ортаңыз жалықтырғыш болуы мүмкін, сіз өз әңгімелесуші-серіктесіңізге қысым көрсетесіз. Кейбір адамдар мұндай қарым-қатынастан шошынып, сізден аулақ жүруге тырысады. Бірақ, сіздің жақсы жағыңыз, сондай сияқты сәтсіздіктерге назар аудармай, өз жолыңыздан таймауыңыз. Сіз үшін өтім, жарнама сақтандыру агент менеджері таптырмайтын мамандық-жәй көпшілікке сіздің әдіс-тәсілдеріңіз сөзсіз әсер етеді.
