Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Социология силлабус.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
166 Кб
Скачать
☆

Сөж тақырыптары

СӨЖ 1-2. Қазақ ойшылдарының әлеуметтанулық көзқарастары

Сипаттамасы. 1. А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, Ш.Құдайбердиев, С.Торайғыровтардың нақты бір еңбегімен танысу. 2. Танысқан еңбегіне әлеуметтанулық талдау арқылы презентация дайындау (тапсырма көлемді болғандықтан 2 аптаға арналады: 1-ші апта – еңбекпен танысу; 2-ші апта – әлеумттанулық талдау арқылы презентация дайындау)

Орындау уақыты: сабақ кестесі бойынша

Қойылатын бағасы: Жоғарғы балл - ______ балл.

Тапсырманы түсіндіру: Ойшылдардың нақты бір еңбегіне, мысалы, қара сөздеріне, өлеңдеріне, әңгімелері немесе роман, повестерін талдау

Талаптар: Презентацияда нақты мәліметтерді қолдану арқылы жеке талдау болу керек

Қорғау түрі: Презентация, ауызша

Бағалау критериі: Жеке әлеуметтанулық талдауы болуы тиіс.

СӨЖ 3. Қазіргі қоғам құрылымын П.Сорокиннің стратификация теориясын қолдана отырып, талдау

Сипаттамасы. Қазіргі қоғам құрылымын П.Сорокиннің стратификация теориясын қолдана отырып, әлеуметтанулық талдау арқылы презентация дайындау

Орындау уақыты: сабақ кестесі бойынша

Қойылатын бағасы: Жоғарғы балл - _____ балл

Тапсырманы түсіндіру: 1. П.Сорокиннің стратификация теориясын түсіндіру. 2. Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымын талдау

Талаптар: Презентацияда нақты статистикалық мәліметтерді қолдану арқылы жеке талдау болу керек

Қорғау түрі: Презентация, ауызша

Бағалау критериі: Жеке әлеуметтанулық талдауы болуы тиіс.

СӨЖ 4. Жастар әлеуметтануын зерттеуде үлес қосушы ғалымдар

Сипаттамасы. 1. Жастар әлеуметтануын зерттеуде үлес қосушы ғалымдардың еңбектеріне талдау жасау. 2. Батыс, Ресей және Қазақстандық ғалымдардың еңбектерімен танысу және көзқарастарын талдау

Орындау уақыты: сабақ кестесі бойынша

Қойылатын бағасы: Жоғарғы балл - ____ балл

Тапсырманы түсіндіру: Батыс, Ресей және Қазақстандық ғалымдардың еңбектерімен танысу және көзқарастарын талдау

Талаптар: Презентацияда ғалымдардың нақты көзқарастары мен ұстанған бағыттары көрсетілуі тиіс

Қорғау түрі: Презентация, ауызша

Бағалау критериі: Жеке әлеуметтанулық талдауы болуы тиіс.

СӨЖ 5-6. Девиантты мінез-құлық әлеуметтануының негізгі теориялар

Сипаттамасы. 1. Э.Дюркгеймнің аномия концепциясымен танысу. 2.Мертон адамдардың мінез-құлқының негізгі типтерін қалай сипаттайды? 3. Ч.Ломброзо қылмыскерлікке әсер ететін қандай факторларды бөліп көрсетті?

Орындау уақыты: сабақ кестесі бойынша

Қойылатын бағасы: Жоғарғы балл - ____ балл

Тапсырманы түсіндіру: Ғалымдардың еңбектерімен танысу және көзқарастарындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды талдау

Талаптар: Презентацияда ғалымдардың нақты көзқарастары мен ұстанған бағыттары көрсетілуі тиіс

Қорғау түрі: Презентация, ауызша

Бағалау критериі: Жеке әлеуметтанулық талдауы болуы тиіс.