Дәрістің қысқаша мазмұны
Әлеуметтанудың объектісі және пәні
Әлеуметтану ғылым ретінде. Әлеуметтанудың объектісі және пәні. Әлеуметтанудың түсіндірмелі аппанраты. Әлеуметтанудағы «әлеуметтік» түсінігі. Әлеуметтанулық теориялардың құрылымы. Теоретикалық және қолданбалы әлеуметтану. Макро және микро әлеуметтану. Әлеуметтанудағы теоретикалық және эмпирикалық мәселесі. Әлеуметтанудың функциялары: теориялық-танымдық, ұйымдастырушылық-техникалық, басқарушылық, болжамдық. Әлеуметтік факт түсінігі. Әлеуметтану және оның басқа ғылымдармен байланысы.
Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
Әлеуметтанудағы жүйелік талдау ұғымы. Әлеуметтанудағы «қоғам» және «жүйе» түсінігі.Жүйелік қөзқарас және жүйелік талдау. Әлеуметтік құрылымның негізгі элементтері. Қоғамның әлеуметтік жүйе ретінде: «әлеуметтік жалпылық», «әлеуметтік ұйым», «әлеуметтік институт», «мәдениет».
Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік жүйе түсінгі. Әлеуметтік құрылымның негізгі элементтері. Социеталды және әлеуметтік жүйе түсінігі.
Әлеуметтану ғылымының дамуының негізгі тарихи кезеңдері
ХІХ ғасырдың брінші жартысында социологияның ғылым ретінде тарихи, әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
О.Конт – әлеуметтанудың негізін салушы. Оның қоғамның даму кезеңдерін қарастыруы. Әлеуметтік статика және динамика концепциясы. Конттың позитивизм ойларын дамыту Г.Спенсер, Г.Тард, Э.Дюркгейм және т.б. ғалымдардың зерттеуінде. М.Вебер социологиясы. Әлеуметтанудағы құрылымдық-функционализм (Т.Парсонс, Р.Мертон).
Қазақстандағы әлеуметтік ойлардың дамуының кезеңдері мен бағыттары. Абу-Насыр әль-Фарабидің әлеуметтік-саяси ойлары. Төле би, Қазыбек би, Ч.Валиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтың әлеуметтік көзқарастары.
Әлеуметтік зерттеудің бағдарламасын жасау
Жалпы теориялық және методологиялық принциптерді тану. Әлеуметтанулық зерттеу бағдарламасы ұғымы. Оның құрылымы мен функциялары.Проблемалы ситуация – социологиялық зерттеу объектісінің спецификалық жағдайы. Ғылыми мәселе түсінігі.Әлеуметтік зерттеу мақсаты (теориялық, қолданбалы). Әлеуметтік зерттеудегі тапсырмалар (негізгі және негізгі емес).Зерттеу объектісі мен пәні таңдауға қойылатын талаптар. Зерттеу объектіснің жүйелік талдау фактілері.Әлеуметтік зерттеудегі интерпретация түсінігі, оның түрлері: теориялық, эмпирикалық, операционалдық. Әлеуметтік зерттеудегі критерилер мен болжам түрлері. Көрсеткіштер, индикаторлар, шкала- әлеуметтік құбылыстардың сапалық-сандық параметрлерін өлшеу құралы ретінде.
Әлеуметтанудағы іріктеу әдісі
Іріктеу теориясы және әдістемесі. Әлеуметтанудағы іректеулі тексеру ұғымы. Іріктеу әдісінің негізгі түсінігі мен мәні. Басты және іріктелген жиынтық ұғымы. Іріктеудің репрезентативтігі.
Іріктеу түрлері және оның көлемі. Іріктеу жасау тәсілі. Іріктеу бірлігі, бақылау бірлігі. Кездейсоқ іріктеу әдісі. Көп сатылы іріктеу. Іріктеу қателігі. Іріктеуді бақылау және жөндеу.
Алғашқы әлеуметтанулық ақпарат жинау әдісі
Әлеуметтанудағы эмпирикалық зерттеу ұғымы. Классификациялау критерилері. Барлау зерттеу, өткізу әдісінің әдістемесі. Пилотажды және бақылаулық зерттеуге салыстырмалы сипаттама.Бейнелеу және аналитикалық зерттеу. Нүктелік зерттеу. Тегіс және таңдаулық зерттеу. Қайталанатын зерттеу түрлері. Мониторинг. Жағдайды талдау (case study). Зерттеудің сұраулық әдісі. Сұхбат (еркін, стандартты, клиникалық, фокусталған, топтық, индивидуалды, бетпе-бет). Анкеталық сұрау (экспресс-сұрау, топтық, индивидуалдық, іштей, сырттай, бұқаралық, эксперттік). Әлеуметтік мәліметті жинаудың сауалнамалық емес әдістері. Құжат талдау (сапалық контент-талдау).
Бақылау: араласқан, жанама, форматты, форматталмаған.
Эксперимент, оның түрлері квази-эксперимент, табиғи, натуралистік. Әлеуметтанулық мәліметтерді жинаудың жақсы және жеткіліксіз жақтары.
