Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ERSARY 5 ILIPBAEVA.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

5. Pic Simulator ide симулятор программасы

PIC Simulator IDE – бұл Microchip компаниясының 12 және 16 сериялы микроконтроллерлері үшін жазылған ретке келтіруші программасы. Программа жасаушыға ретке келтіретін программада виртуалды перифериямен жұмыс істеуге мүмкіндік береді, ал ретке келтіру процессі және программаны жазу PIC Simulator IDE орындалады. Айтылайын дегені, PIC Simulator IDE арнайы программалы модульдері әр түрлі шынайы электронды құрылғылардың жұмысын ұқсатады: символды СК экранды, 7 сегментті индикаторларды, байланыс терминалдарын, 4 арналы генераторларды, осцилографтың және басқа құрылғылардың. PIC Simulator IDE арқасында микроконтроллер үшін программаларды жазу және ретке келтіру процессі тездетіледі.

PIC Simulator IDE орнатылған ассемблер және тілге ұқсас Basic компилятор бар, ол микроконтроллер үшін программа жазу процессін жеңілдетеді және өнімді түгелдей жасау уақытын азайтады. PIC Simulator IDE-де жұмыстың көптеген мүмкін болатын орнатылулары мен режимдері бар, ол деген қолданушыға микроконтроллер үшін программаның ретке келтіруінің оптималды режимін өздігінен таңдауға мүмкіндік береді.

Барлық осы PIC Simulator IDE программасының мүмкіндіктері оны енді бастап жатқан жасаушыларға, сонымен қатар тәжірибелі программисттер үшін де күшті құрал болып табылады.

Программаны орнату процессі қарапайым және айрықша білім мен тәжірибенің керегі емес.

PIC Simulator IDE қосқаннан кейін, біз бұл программаның негізгі терезесін көреміз (1сур). Жоғары жағында әр түрлі менюлер орналасқан, біз солар арқылы әр түрлі құрылыс пен программаның қосымша модульдеріне қол жеткізуді аламыз ( 1 суретте «1» белгіленген). Ары қарай, Program Location жолында сіз таңдаған программаға жол және оның аты көрсетілген ( 1суретте «2» белгіленген). Төменде, Microcontrollers жолында таңдалынған микроконтроллер типті көрсетіледі ( «3» деп белгіленген). Терезенің төменгі жағында екі панель бар («4» және «5» белгіленген). Ол жерде микроконтроллер таңдаған арнайы және басқарылатын регистр жағдайы көрсетіледі.

3-сурет. PIC Simulator IDE программасының негізгі терезесі

Симмулятор программасымен жұмыс тәртібі келесідей:

- PIC Simulator IDE программасын қосу;

- программа жазылған процессор типін таңдау;

- кварцты генератор жиілігін таңдау ( программаның орындау уақыты туралы программамен көрсетілетін мәліметтерге немесе командаларға әсері бар, бірақ PIC Simulator IDE қалдырылған программаның жұмыс жылдамдығына әсері жоқ);

- программаларды HEX файл ретінде жүктеу немесе компиляторда орнатылған Basic тілін жіберу және онда керекті программаны жазу;

- виртуалды құрылғылардың керекті модульдерін таңдау;

- симулятордың программасының жылдамдығы мен жұмыс режимін таңдау;

- таңдалынған микроконтроллерде программа жұмысының симуляция процессін қосу;

- PIC Simulator IDE программа жұмысын тоқтату.

Төменде симулятор программасымен жұмысына мысалдар келтірілген. Барлық мысалдар Basic- те жазылған және толық түсіндірмесі бар. Барлық мысалдарда PIC Simulator IDE программасының жұмысын Simulation|Stop басып тоқтатуға болады.

1 мысал: Timer0-мен жұмыс, TMR0 үзіліспен өңдеу.

Бұл программа Timer0 үзіліспен пайдаланылады, PORTB портының шығуындағы мәндерді периодты түрде өзгерту үшін, яғни толтырылған таймер кезінде үзілісті өңдеуінің ішкі бағдарламасына өту жүреді. PORTB портынан мәндер есептелінеді, және бірлікке азайтылады. Бұл мән PORTB портына қайтадан енгізіледі. Барлық осы PORTB портының шығу жағдайының өзгерістері PIC Simulator IDE-де көрсетіледі. timer0.bas файлынан программаның мәтіні келесідей болады:

TRISB = 0x00

'мәліметтер шығуында PORTB портының баптауы

PORTB = %11111111

'PORTB портының барлық шығуында жоғары деңгей "1"

INTCON.T0IE = 1

'үзіліске рұқсат береді

Timer0 INTCON.GIE = True

'барлық үзілісті қосады

OPTION_REG.T0CS = False

'Timer0 орнатады және микроконтроллердің ішкі генераторына қосылады

End

On Interrupt

'үзілісті өңдеудің ішкі бағдарламасы

PORTB = PORTB - 1

'порт мәнін азайтады

PORTB INTCON.T0IF = 0

Үзілісті қайтадан қосады

TMR0 Resume

'үзілісті өңдеудің ішкі бағдарламасынан шығу

Осы программаны PIC Simulator IDE – да жіберейік:

1. PIC Simulator IDE программасын қосу;

2. Options|Select Microcontroller басу;

3. PIC16F84 таңдау және Select батырмасын басу;

4. File|Load Program басу;

5. timer0.hex файлын таңдау және Open (программа жүктелді) батырмасын басу;

6. Tools|Microcontroller View (Microcontroller View терезесу ашылады) басу;

7. Rate|Extremely Fast simulаtion rate басу;

8. Simulation|Start (жүктелген программаны орындау басталады) басу.

Орындалып жатқан программамен экранның көрінісі 4 суретте көрсетілген.

4-сурет. «Timer0 және TMR0үзіліспен өңдеу» орындалатын программасымен экран көрінісі

2 мысал: EEPROM жұмыс.

Бұл мысал барлық EEPROM-ды әр түрлі мәндермен толтырады және шексіз циклда микроконтроллерді енгізеді. eeprom.bas файлынан программа мәтіні келесідей болады:

Dim a As Byte

'микроконтроллер EEPROM -дегі ұяшықтар адресі

Dim b As Byte

'EEPROM (PIC16F84 микрокнтроллерінде жадының 64 байты EEPROM)-ға жазылатын мәліметтер

For a = 0 To 63

'барлық EEPROM жадысы үшін ұйымдастырылған цикл

b = 255 a

'жадыға жазу үшін айнымалы мән аламыз

Write a, b

'"а" айнымалы мәнін "b" ұяшығына жазамыз

Next a

'EEPROM жадысының келесі ұяшығын таңдаймыз

Программаны PIC Simulator IDE-де жібереміз, 1 мысалдағы алғашқы төрт әрекетті орындаймыз және жалғастырамыз:

1. eeprom.hex таңдаймыз және Open (программа жүктелді) басамыз;

2. Tools|EEPROM (EEPROM редакторы; Memory Editor EEPROM терезесі ашылады) басамыз;

3 Options|Change (EEPROM жазу уақыты) басамыз;

4. 100 жаңа мән енгізіп және ОК басамыз (бұл мәнді таңдау кезінде мұқият болу керек, себебі шындығындағы мән – шамамен 4 МГц тактілік генератор жиілігі кезінде 20000 тактілік цикл; бұл мысалда азайтылған мән пайдаланамыз – бұл модельдеу процессін тездетеді, бірақ программа жұмысын бұзбайды);

5. Rate|Extremely Fast simulation rate таңдау;

6. Options|Infinite Loop Stops Simulation;

7. Simulation|Start (модельдеу басталады) басу;

Программа EEPROM жадысын мәліметтрмен толтырады және шексіз циклда микроконтроллерді енгізеді, микроконтроллер анықталғаннан кейін PIC Simulator IDE автоматты жұмысын тоқтатады.Орындалатын программа экран түрі 5 суретте көрсетілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]