Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ERSARY 5 ILIPBAEVA.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

8 Сурет. «Сигнал генераторымен және осциллографпен жұмысы» орындалатын жұмысы

Қорытынды

Қазіргі кезде микроконтроллер программалау әдетте ассемблер және С тілінде жүреді, бірақ басқа тілдерге де компиляторлар бар мысалы Форта және Бейсикке. Микрокконтроллерді программалаған кезде қолданушы алғашында өзіне түсінікті әрі оңай болып келетін тілде жұмыс жасайды. Ол тілдер жоғарғы деңгейлі тілдер деп аталады. Қолданушы осы тілмен программалап біткен соң оны компилятор, ассемблер тіліне аударады одан кейін ол машиналық кодқа түрленеді.

Микроконтроллерді прогрммалау үшін қолданушыда бес түрлі негізгі құралдары бар. Оларға мәтін редакторы, компилятор/ассемблер, программды симулятор, аппаратты эмулятор және программатор кіреді. Бірақ қолданушы оның бесеуін де пайдаланады ма әлде бір екеуін бе оның өз таңдауы. Бұл таңдау құралдардың қол жетімділігіне, оларды қолдану деңгейіне, бағасына келіп тіреледі. Себебі микроконтроллердің өзі айтарлықтай арзан тұрғанымен оны программалайтын құралдар мысалға программатор одан көп есе қымбат ал эмуляторлардың бағасы бірнеше мың долларға дейін жетуі мүмкін. Оны кішкене құрал жасау үшін алған тиімсіз. Бірақ егер пайдаланушы бір өндіріс ашқысы келсе онда әрине оның шығындалуына тура келеді.

Айта кетерлік, өндірістегі программаланатын логикалық контроллерлер де көптеген сырттан шығатын мәселелерге қарсы тұра алады. Оларды жасағанда алдын үлкен талаптар қойылды. Мысалға программалау тілі арнайы дайындығы жоқ қызмет көрсететін қызметкерлер құрамына (мысалы электриктерге) түсінікті болуы керек. Және негізгі талап қауіпсіздікке қойылады.

Қазіргі кезде Қазақстан қарқынды дамып келе жатқан мемлекет болғандықтан оның дамуына орта, кіші және ірі кәсіпорындар тікелей әсер етеді. Ол кәсіпорындардың тұрақты және үнемі жұмыс істеп тұруы үшін оны басқарушы құрылғылар қажет. Осы құралдарға программаланатын логикалық контроллерлер жатады. Өкінішке орай Қазақстанда контроллер шығаратын завод, фабрикалар жоқ. Сондықтан да ол құрылғыларды шет елдерден тасымалдауға мәжбүрміз. Сонымен қатар бұл құрылғылармен жеткілікті түрде жұмыс жасай алатын кадрлардың жетіспеушілігі байқалып жатыр. Мысалға үлкен мұнай өңдеіш зауыттар салынған кезде оған шет елдердің мамандарын қыруар қаражат кетіріп шақыртады. Ол да шешілуге тиісті мәселелердің бірі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Парр Э. Программируемые контроллеры (2007)

2. http://epu.ref.nstu.ru/~mikerin/private/Predko_HTML/OGL_Predko1.htm

3. Предко Руководство По Микроконтроллерам т1 (2001)

4. Разработка устройств на микроконтроллерах AVR А.В.Белов 2013-600M

5. Самоучитель по микропроцессорной технике А.В.Белов 2003-RM

6. Создаем устройства на микроконтроллерах А.В.Белов 2007-600M

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]