- •Қазақстан республикасының ғылым және білім министрлігі жмм «теміртау көпсалалы «мирас» колледжі»
- •Теміртау 2017
- •1. Бастауыш мектепте оқыту процесінде ойын технологиясын өткізу мен ұйымдастырудың маңызы мен ерекшеліктері
- •1.1.Ойын бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетің қалыптастыру құралы
- •1.2. «Ойын технологиясы» тәрбие жұмысында қолданудың маңызы
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі: аяқталмаған
1. Бастауыш мектепте оқыту процесінде ойын технологиясын өткізу мен ұйымдастырудың маңызы мен ерекшеліктері
1.1.Ойын бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетің қалыптастыру құралы
Қазіргі кезеңде әлі де болса, орта мектеп оқушыларының білімдерінде формализмнің элементтері кездесуде.
Оқушыларға нақты мысал келтіре отырып, олардың алған білімдері маңызды практикалык мәселелерді шешуге қажет екендігін түсіндіру керек. Окушылардың білімнің өмірлік маңызын түсінуі, теория мен практиканы тығыз байланыстырады, пәнге ынтасын арттырады, оқушылар біліміңдегі формализм элементтерін жояды. [1, 96-бет]
Оқушылардың білімге ынтасының болуы, олардың сабақтағы белсеңділігінің артуына білім сапасының жоғарылауына, білім алудың пайдасын түсінудің қалыптасуына мүмкіндік береді, жалпы айтқанда оку процесінің деңгейін көтереді. Білім берудің қүрылысын, оқушылар мұғалім койған мақсаттарды түсінетіндей, қабылдайтындай етіп құру керек және оқушы мұғалім қойған мақсатты белсенді жүзеге асырушысы болуы тиіс.
Оқушылардың білімге ықыласын, ынтасын, қызығушылығын арттырудың ең жақсы жолының бірі - сабақта ойындарды қолдану. Ойын, білім алу, еңбек ету - адамның негізгі қайраткерліктері. Ойын - әркашан кішкене білім, кішкене білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайыңдайды. Ойынды алданыш және көңіл көтеру деп ойлайтындар қателеседі.[2, 66-бет]
Адам әрекетінің еңбек, оқу сияқты негізгі түрлерінің бірі - бұл ойын. Ойын - бұл жағдаят жағдайында қоғамдық тәжірибені игеру және қайта туғызуға бағытталған әрекет түрі. Ойын барысында тұлғаның мінез құлқын өзі басқаруы жетіліп, қалыптасады. Отандық педагогика және психология ғылымдары саласында ойындық әрекет бағдарламасын К.Ушинский, П.Блонский, С.Рубинштейн, Д.Эльконин, шетелде З.Фрейд, Ж.Пиаже және т.б.жасады. Олардың еңбектерінде тұлғаның даму сатыларында, негізгі психикалық қызметтері дамуындағы, тұлғаның өзін-өзі басқаруы мен өзін-өзі билеуіндегі, әлеуметтену үрдісінде – адамның қоғамдық тәжірибені пайдалану және игерудегі ойынның рөлі зерттеліп, негізделген.
Адамзат ойынының сан жылдық тәжірибесі ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді. Оған балалық кезеңдегі ақыл-ой ойындарынан бастап, мәдениетке, бизнеске және басқарудың барлы салаларына мамандар даярлауға байланысты бағдарламаларды игеру барысындағы ойындар жатады.
Ойын теориясы мен тәжірибесі, мән-мағынасын мәдениет мұраларын шетелдік және отандық психологтар, философтар, этнографтар, социологтар, педагогтар зерттеді. [3, 11-бет]
Ойын тек денені шынықтыру ғана емес, сонымен бірге болашақ өмір жағдайына психологиялық әзірлік құралы болып табылады.
Ойын теориясының әдістемелерімен, оның шығу тарихымен, ішкі құрылысымен , бала дамуындағы алатын орны Иохан Хейхенгтің «Ойыншы адам», Д.Б.Элькониннің «Ойын технологиясы», Эрик Берннің «Адамдар ойнайтын ойындар» атты еңбектері жазылады. Ойынның әлеуметтік бейнесін зерттеуші белгілі психолог Д.Б. Элькониннің сөзімен айтсақ «Ойын – ол адамдардың арасындағы әлеуметтік ара-қатынас, практикалық білімдері мен қызметі». Кеңес психологы Л.С. Выготскийдің айтуынша, бала ойын үстінде өзінің дәл жасынан анағұрлым ересек көрінеді. Сондықтан да Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б,Эльконин сынды кеңес ғалымдары, сондай-ақ шетел зерттеушілері «Ойын- баланың өзіндік өмірі» деген ортақ қорытындыға тоқтайды.
Ойын туралы көптеген теориялар бар. Солардың бірін алғаш рет жасаған- Ф.Врубель. Ол ойын арқылы бала өзін-өзі көрсеткісі келеді дейді. М.Лазарус жұмыстан кейін демалу теориясын, Г.Спенсер ойын арқылы денедегі артық энергияны шығару, К.Крус тіршілік үшін күреске әзірлеу ойындарының, С.Л.Рубенштейн еңбекке дайындайтын ойындарының теорияларын жасады. Ойын туралы қазіргі көзқараста оның көптеген қызметін анықтап отыр. Ол баланың қажеттіліктерін, қызығушылықтарын қанағаттандырып, оның өмірге бейімделуін жеңілдетеді (Д.Б. Эльконин), болмысты тануға көмектеседі.
Бастауыш мектепте оқыту процесінде дидактикалық ойындар әрі оқу, әрі ойын қызыметін қатар атқарумен ерекше орын алады. [3,25-бет]
Н.К.Крутская «Қандай ойын болмасын баланы бір нәрсеге үйретеді. Ең бастысы, баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақты болуға- үйретеді» -дейді. [4,96-бет]
Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмрде кездесетін қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.
Н.Ф. Талызина «Алты жасарлар ойнай отырып, логикалық қабылдау арқылы оқуды және математиканы таным қызығушылығын меңгереді. Бұдан бірте-бірте ойыннан кейін оқу әрекеті орын алады» - деген пікір айтты.
Я.А. Коменский «Ойында рухани және дененің даму қозғалысы»- деді. Ойындар баланың жасына, халықтың әдет-ғұрыпына сәйкес болуы керектігін айтты.
К.Д. Ушинский сабақ үйрету барсында ойын элементтерін орынды қолдану оқушылардың білім алу процесін жеңілдетеді- деді. [5, 75-бет]
Ойын дегеніміз ұшқын, білуге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты. Ойын - ақылды, ойды, тапқырлықты, алғырлықты дамытады. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ. Сонымен бірге, ойын – баланың қызығушылықтан дамуға ұласатын, қызығушылығының ұйымдастырылған мәдени стратегиялық - кеңістігі.
Педагогикалық ойындардың ойыннан негізгі айырмашылығы – дәл айқын қойылған оқыту мақсатына және оған сәйкес педагогикалық нәтижемен негізделуінде және оқу-танымдық бағыттылығымен сипатталатын мәнді белгілерге ие болуында.
Ойын ақыл – ой дамуына да әсер етеді, бала ойын үстінде заттар мен іс - әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды т.б. үйренеді. Ойын жағдайына ену баланың ақыл - ой әрекетінің түрлі формаларының шарты болып табылады. Мәселен, затпен қимылдар жасай отырып, ойлаудан елестете ойлауға, бала затқа оның тиісті өз затын бермей қазіргі ойын жағдайына қажетті заттың атын беруден бастап ауысады. Бұл жағдайда, таңдалынған нәрсе, біріншіден, жобаланған зат туралы ойлаудың өзгеше бір сыртқы тірегі және екіншіден, осы затпен жасалынатын шынайы іс - әрекеттер тірегі ретінде көрінеді. Сонымен ойында ой жүзінде іс - әрекеттер жасау қабілеті дами бастайды. Ойын әсері психикалық іс - әрекеттің басқа формаларын дамыту үшін де үлкен маңызы бар. Мәселен, қиял тек ойын жағдайларында және соның әсерімен ғана дами бастайды. [6, 52-бет]
Ойын әсері арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Ойын терапиясы - ойынды колдану арқылы балаларға психотерапевтік әсер ету әдісі. Ойын терапиясын балаларда байқалатын ұялшақтық, тұйықтық, қарым-катынасқа түсе білмеу, мінез-құлықтың бұзылуы, жағымсыз әдеттер және т.б. кездерде қолданған тиімді болады.
Мұғалімнің ең басты мақсаты - сабақ мақсаты мен қолданылатын ойынның мақсатын ескере отырып, сабақтар мен сыныптан тыс сабақтарда, оны орынды қолдана білу. Оқушылар мен мұғалімнің ойынға ынтасы болған жағдайда ғана, ойын жүруі мүмкін. Ешқандай ойынды формалды ойнауға болмайды. Әрбір дидактикалық ойынға, бір жағынан дидактикалық есептерді шешу тән, мысалы: затқа немесе құбылысқа жалпы сипат беру, олардың ерекшеліктерін табу сияқты жүмыстар, оқушыларды ұқсастықты, айырмашылықты т.с.с. құбылыстарды табуға, байқауға баулиды. Бұл мағынадағы ойындардың үйрету қасиеті бар. Ендігі бір жағынан, дидактикалық ойындарға тән нәрсе ойнау. Оқушының назары біріншіден соған ауады, ал ойын барысында ойынның білім беру мақсатының калай орындалатындығы байқалмай қалады. Сондықтан, сабақтарда өтілетін ойындар оқушыларға жәй сабақ ретінде емес, жәй алданыш ретінде де емес, қызықты жұмыс ретінде беріледі. Ойынды жүргізу үшін сынып командаларға бөлінеді. Команда құрамын қалаулары бойынша жасауға болар еді, дегенмен топ құрамы аралас және топтардың күштері тең болуы керек.
Ойынды жүргізудегі мұғалімнің маңызды орынын атап өтейін. Педагогикалық бірлестік жүзеге асқан жағдайда жақсы нәтижеге жетуге болады. Ойынның идеясын, көбіне, мұғалім ойлап табады. Оқушылардың ойынды ойлап-құрауы өте пайдалы, өйткені қандайда да бір тақырыпқа ойын ойлап табу үшін, сол тақырыпты оқушы терең білуі керек. Сондықтан, мұғалім әсіресе осы жұмысты орындаған оқушының еңбегін бағалау тиіс. [8,95-бет]
Қазіргі мұғалім әрбір сабаққа, тақырыпқа және әр сыныптың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқытудың әр түрлі әдістері мен формаларын таңдай білуі қажет. Сонымен қатар оқушыларды өзіндік жұмыска үйрет, олардың ізденісін ұйымдастыру және кейбір материалдарды кең көлемде беріп, тәрбиелік мақсатқа жету үшін де оқыту формаларын тандай білу керек. Бір сабақтың өзінде қолданатын әдістерді кезектестіріп, оқушыларды шаршатпай, материалды қызықты жеткізе білуді де ескерген жөн.
Ойындардың ішіне орта буын оқушысынан басқа педагогикалық ұжым мүшелерімен де ұйымдастырылатын ойындардың тиімділерінің бірі – бұл іскерлік ойындар деуге толық негіз бар. [9, 17-18 - бет]
Ойын - бала әрекетін дамытудың негізгі құралы. Ойын баланың мінез-құлқын қалыптастырып, ой-өрісін өсіріп, ортаға бейімдеп, өзін еркін сезуге үйретеді. Ойын - балалардың бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерін тәрбиелейді. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тілін дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері пәндері оларда табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сипатын қалыптастырады. Ойын - мектеп балаларының негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров "Балалықтың қанына ойын азық" деп бекер айтпаған. Ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. [10, 24 - бет]
Ұлы-классик педагогтар Я.А.Каменский, И.Песталоцци, А.Макаренко, Н.К.Крутская және қазақ халқының ағартушы педагогтары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаеватар педагогикаға және ұрпаққа қалдырған В.А.Сухомлинскии ойынның мазмұнын былай түсіндірді: «Ойынның ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дегеніміз айқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Міне, ойын тынысы кең, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялы қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, өмір тынысы...» [11, 25 - бет]
Халқымыздың аяулы азаматы М.Жұмабаев «Педагогика» деген еңбегінде ойын туралы былай дейді. «Баланың қиялы ойынды жарыққа шығарғанда, ойнағанда бала әсерлі пайдаланады. Айналасындағы тұрмыста нені көрсе, соны істейді».
