Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
к.ж. дрыс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
78 Кб
Скачать
☆

1.2. «Ойын технологиясы» тәрбие жұмысында қолданудың маңызы

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалылық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға мүмкіндік береді. [12, 13 - бет]

«Ойын» ұғымына түсініктеме берсек- бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мынадай кызметтерді атқарады:

  • Ойын сауы;

  • Коммуникативтік немесе қарым-қатынастық;

  • Диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану);

  • Коррекциялық (өзін-өзі түзету);

  • Әлеуметтендіру.

Тұлғаның әрекеті ретінде ойын құрылымында мақсаткерлік, жоспарлау мақсатты іске асыру, тұлға өзін субъект ретінде толық көрсететін нәтижелерді талдау сияқты кезеңдер жатады. Ойын әрекетінің түрткісі оның еріктілігімен, таңдау мүмкіндігі, жарыс элементтері болуымен қажеттілігін қанағаттандыру, өзін - өзін бағалау, өзін - өзі көрсетуімен қамтамасыз етіледі. Үрдіс ретінде ойын құрылымына ойнаушының өзіне таңдаған рөлдері:

- сол рөлдерді іске асыру құралы ретінде ойын элементтері, нәрселердің ойындық қолданылуы, яғни шынайы нәрселердің шартты түрде не ойын түрінде ауыстырылуы;

- ойнаушылар арасындағы шынайы қарым қатынастар;

- сюжет ойын басында шартты түрде алынатын шыңдық саласы.

Ойында бала «адамзат тәжірибесі аясында» өзін – өзін көрсету қызметін көрсетеді. Өйткені, ойын бір жағынан баланың практикада өмірлік нақты қиындықтарды жою жобасын тексеруге және құруға мүмкіндік берсе, екінші жағынан тәжірибесін олқы тұстарын айқындауға мүмкіндік береді. Ойынның диагностикалық қызметі педагогқа баланың әр қырынан интелектуалдық, шығармашылық, эмоционалдық және т.б. көрінуін диагностикалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ойын баланың өз күнін нақты сезінетін, өзін - өзі бағалау, еркін әрекеттегі мүмкіндіктерін танитын өзін - өзі көрсету аймағы болып табылады.

Ойынның мәнін анықтайтын бірінші ереже, ойын мотифтерінің әр түрлі бала үшін мәні зор күйініштерге негізделетін болса, екінші ереже ойын әрекеті адам іс-әрекетіне тән көптеген мотивтерді жүзеге асыруы болады. Бала белгілі бір рөльді ойнағанда, ол тек бір тұлғаға айналып қана қоймайды, өзін де байыптайды, ой-өрісін кеңейтеді, тереңдетеді. Педагогикада дидактикалық ойындар дегеніміз – балаларға белгілі бір білім беріп, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейді. Ендеше, бұл ойындар оқытуға арналған.

Дидактикалық ойындардың басқа ойындардан ерекшелігі оның негізгі мақсаты- баланы оқыту, олардың ойлау қабілеттерін жаттықтыру және дамыту, игі қасиеттерді тәрбиелеу.

Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді. Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрас-тырған заттарды пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.

Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның бояуларының бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең,тар), биіктігі (биік,аласа) бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді. Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді.

Ауызша ойналатын дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін байқағыштық пен тапқырлық көрсетеді.

Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Мұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапаларын қалыптастырады. Бала қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың, адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.

Мектепте балалар сабақ үстінде бір-бірімен сөйлеспейді. Балалар сөйлескен жағдайда, ол тәртіпті бұзған болып есептеледі, мұғалімнен ескерту алады. Ойын жағдайын балалар сабақ барысында бір-бірімен ақпарлармен алмасатындай, ақылдасатындай, бір-біріне дәлелдей алатындай, бір-бірін бағалайтындай етіп, ұйымдастыру керек. Ойыңдар қолданылған сабақтарда оқушылар белсенділік көрсетеді. Бұлай болу барлық ойынға тән нәрсе, оның топтық түрде өтуіне байланысты. Топтық түрде сабақтағы білім алу, традициялык білім беру «мұғалім-оқушы» өрнегін күрделендіреді. Яғни, өрнек былай күрделенеді: «мұғалім - топ - оқушы», бұдан келесі өрнек туындайды: «оқушы - оқушы». «Оқушы-оқушы» жүйесінде «топ-оқушы», «оқушы - топ» өрнектері өздігінен туындап жатады және оқушылар білмейтіндерін көрсетуге тырыспайды.

Балалар бір-бірінің ойларымен пікірлерімен алмасады, дәлелдейді, қателеседі, өз ойларын ортаға салады, негіздейді, есеп жауаптарын бірге шешеді, тексереді, қателерін түзейді т.с.с. Ойын барысындағы пікірлер алмасу нәтижесінде, оқу материалдарын жылдам және жақсырақ игереді, қиындықтарды бірге шешеді. Мұндай жағдай­да, барлық балалар алға жылжиды, білімдері терең балалардың тежелмеуін, білімі төмен балалардың алға ұмтылуына мүмкіндік береді.

Оқытудың ойындық әдісі ерте кезден бастап күні бүгінге дейін қолданылып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Бұл әдіс, әсіресе халықтық педагогикада, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде кеңінен пайдалануда.

Қазіргі кезде оқу процесінің тиімділігін арттырып, оқушылардың белсенділігін көтеру мақсатында ойын әдісі төменгі бағытта қолданылып жүр:

  • Оқу пәнінің бір тақырыбын немесе бір бөлімін өткенде, ұғымдарды меңгеру барысында өзіндік технология ретінде;

  • Барынша көлемді бір технологияның элементі ретінде;

  • Тұтас ойын сабағы немесе сабақтың кіріспе, жаңа сабақ түсіндіру, бекіту, жаттығу, тексеру кезеңдерінде қолданылатын оның бөлігі ретінде;

  • Сыныптан тыс жұмыстар технологиясы ретінде.

Ойынның емдік қызметі - баланың қарым-қатынасына, оқуда, мінез-құлқына туындайтын әр түрлі қиындықтарды жеңу құралы ретінде қолданылуымен түсініледі. Ойынның мұндай қызметін Д. Б. Элконин аса жоғары бағалайды. Ойын тәрбие әдісі ретінде ежелден бері қолданылып келеді. Әсіресе ойынды қолдану халықтық педагогикада, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде кеңінен тараған.

Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттермен қатар білімге, өнерге құштарлығы қалыптасады. Тіпті нашар оқиды-ау деген оқушылардың өздері де ойын түрлері араласқан сабаққа зер салып, ынталана түседі.  Сабақта ойын түрлерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін дамытуға әсер етеді.Тілдің дамуына да, ақыл-ой дамуына да әсер етеді, бала ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды т.б. үйренеді.

Ойынды коррекциялық мақсатта қолдануда психологқа мына бір сәттерді есте ұстаған жөн: баланы қабылдау үшін жағымды атмосфераны қалыптастыру, балаға эмоциялық қолдау көрсету, балаға түсінікті және анық етіп, оның мәселелерін жеткізу және ойынды қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету.

Ойынды түзету құралы ретінде жүзеге асыруда психолог бірнеше припциптерді де қолданады:

  • Баланы толық қабылдау (достық қатынас, бала қандай болса, сол қалпында кабылдау және т.б.);

  • Коррекциялық үрдісті басқаруда директивтіліктің болмауы (ойын үрдісін жеделдету немесе баяулату тәрізді әрекеттерден аулақ болуы);

  • Бала сезіміне мән беру (баланың сезімін ашық көрсетуіне қол жеткізу, оны түсінуге талпыну).

Ойынды түзету құралы ретінде жұмыс жүргізуде арнайы бөлме керек. Бөлменің безендірілуіне, заттардың орналасуына мән берген дұрыс. Бөлмеде ойыншықтарды және басқа да материалдарды жинау үшін арнайы шкафтар болғаны жен. Шкафтардың биіктігі баланың бойына шақ болса, ол оны өзі алып, қайтадан орындарына жинай алады.

Ойын терапиясында қолданылатын ойыншықтар мен ойыншық материалдарын таңдауға ерекше назар аударған жөн. Ойыншықтарды үш топқа топтастырамыз:

1.Өмірден алынған ойыншықтар: қуыршақтар, қуыршаққа арналған үйшік, отбасын бейнелейтін ойыншықтар, машинаның түрлері және т.б.

2.Агрессияға арналған ойыншықтар: солдаттар, мылтықтар, резина пышақ, крокодил және т.б. Бұл ойыншықтар балаға ашу-ызасын сыртқа шығаруға көмектеседі. Олар одан қанағат алады, сөйтіп біртіндеп олардың жағымды сезімдері дами түседі.

3.Мұнда көбінесе құм мен су қолданылады. Құм мен судың кұрылымы жоқ, сондықтан бала онымен не істегісі келсе, соны істейді.

Ойын сабақтары тек білім беру қызметін ғана емес, тәрбиелеу қызметін де атқарады. Мұңдай сабақтардың өтілуі нәтижесінде оқушыларда бір-бірімен сөйлесе білу мәдениеті, тәртіптілік, топқа және бір-біріне жауапкершілік сезімінің болуы, менмендік және жалқаулықтан безу қасиеттері қалыптасады.

Ойын өзінің қызметі мен атын сай орындалуы үшін, онының арнайы құрылымы болуы шарт. Оның құрылымы төмендегідей :

1.Міндеті

2.Әрекеті

3.Ереже

4.Нәтиже, ойынның аяқталуы.

Әрбір ойының белгілі бір міндеті болады, ол дидактикалық мақсаттан келіп туындайды. Ойының міндеті оның оқу мазмұның құрайды. Ойын мазмұны балалардың қызығушылын оятады, олардың танымдық іс-әрекетін белсендіреді және жаңа білім, іскерлік дағдымен байытады.

Дидактикалық ойындар оқыту формасы ретінде екі мазмұндық сипатқа ие болады, оқу (тану) және ойлау (серігу). Мұғалім ойын барысында бір мезетте әрі мұғалім, әрі ойын мүшесі бала алады. Мұғалім оқыта отырып ойнатады, ал балалар ойнай отырып оқуға мүмкіндік алады. (82 беткой Выготский А.С. Игра и её роль в психическом развитии)

Әрекет ойынның негізгі бөлігі. Әрекетсіз ойынның мақсатны жүзеге асыру мүмкін емес. Әрбір ойынның міндеті әрбір оқушының мінез-құлқын анықтау. Бұл тұтас ұжымда біріктіретін әрекет арқылы іске асады. Ол балалардың қызығушылығын тудыратын қатынасын анықтап, олардың ойынға деген эмоционалдылықты анықтайды.

Ойында әрекет нақты анықталған және айқын түрде белгіленген. Ол әртүрлі болуы мүмкін, бұл жағдайда төмендегідей негізгі шарттарға сәйкес келуі тиіс.

  1. Ойын міндетіне бағыну керек, сол арқылы ойын мақсатын жүзеге асыру шарт;

  2. Ойын аяғына дейін тартымды әрі қызықты болуы тиіс.

Ереже ойынның қажетті бөлігі болып табылады және еркеше орын алады, сондықтан кейде ойындарды ережеге құрылған ойындар деп атайды. Ереже ойын міндетіне бағынады.

Олар іс әрекетті ойынның міндетін жүзеге асыруға бағыттай ұйымдастыруды көздейді. Сондықтан ойында іс-әрекет ережемен тығыз байланысты. Ережелер бала ойын үстінде не істеу керек екендігін анықтайды. Ережесіз іс-әрекет жайбырақат дамып, дидактикалық міндетін жүзеге асуына ықпал ете алмайды. Дидактикалық ойынның ережесі іс-әрекетті ұйымдастырып қана қоймайды, сонымен бірге оның тартымдылығын арттырады.

Бастауыш сынып оқушысының қызмет бағыты күшейгенде оның құлшынып ойнағысы келіп тұрады. Баланың ойын қызметін тоқтатып, оны интерфункционалдық күштердің қимылына қайшы келетін басқадай нәрселермен шұғылдануға мәжбүр еткізу – бала талантының жетелдете дамып, жан-жақты ашылуына тоқсауыл жасау деген сөз. (19 бетт Лернер И.Я. Процесс обучения и его закономерности. 

Ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістің маңызды бір буыны. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді жеңіл келеді. Баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығы арта түседі. Демек, ойын деген аты ғана емес, ал шынында да ол – сабақтың, еңбектің жиынтығы.

Бала үшін: ақыл – ойы дамиды, оқуға қызығушылығы белсенділігі, шығармашылығы артады, тұлғалық қасиеттері қалыптасады.

Мұғалім үшін: ойын түрінде оқыту жалықтырмайды, оқушы білімімінің сапасы арттырады, сабақты қызықты өткізуге, мұғалім үшін тиімді.

Ата-ана үшін: бала бойындағы жағымсыз қылықтарды, ойын арқылы тәрбиелеуде ата-ананың рөлі.

Ойын - балалар әрекетінің бір түрі. Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мақсатындағы қарым-қатынастың әдісі мен құралы. Ойын әрекеті естің, ойлау мен қиялға, барлық таным үрдісіне әсерін тигізеді.

Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Себебі, ойын – оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Оны мынадай сызба арқылы суреттесекте болады.

Іс-әрекеттің түрлері

Ойын әрекеті

Еңбек әрекеті

Оқу әрекеті

Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін, танымдық белсенділігін арттырады. Алайда ойынды үнемі оқу процесінде пайдалануға, ұзақ уақыт созуға болмайды. Ол белгілі бір уақытта жүзеге асырылып, сабақ кездерінде нұсқан келтірілмейтіндей бір-бірімен жымдасып, астарласып жатуы тиіс. Ойынға басшылық жасау дегеніміз-олардың ұйымшылдық, шығармашылық дербес қызметтерін алмастырмастан, балалардың ұжыммен қарым-қатынасын жеңілдете түседі.

Ойын баланың бойында қабілеттерін, мінез-құлық, қасиеттерін қалыптастырады. Ойын мен оқытудың бі-бірінен ұштасуы үнемі нәтиже береді. Көптеген ойындара жарыс түрін енгізсе, ол оқушылардың активтігін арттырып, эмоционалды көңіл-күйін көтереді. Бұл уақытта мынаны ескерген жөн: сайыста жеке тұлғаға ұйымдастырмай, балалар команда-топтарына ұйымдастырған тиімді (бір қатарда отырғандар, экипаж). Онда бала өз тапсырмаларын мұқият орындап қана қоймай жолдастарының мүддесі үшін де тырысады. Ойынды өткізуде оның дұрыс ұйымдастырылуы мен басқарылуына да көп көңіл бөлініп, дұрыс құралғаны жөн.

Ойының нақты мақсаттары

1

Мазмұны

Құралдары

5

2

Түрлері

4

3

Ұйымдастыру

формалары

Ойындарды пайдалану әдістемесінің құрылымы

Бұл жүйені бастауыш мектепте оқыту процесінде басшылыққа алуда мұғалімге әдістемелік талаптар қойылады.

Мұғалімге қойылатын бірінші талап- ойынның нақты мақсаттарының түсінуі және білуі болып табылады, ойынның негізгі мақсаттары төмендегідей:

  • Бастауыш сынып оқушыларына әрбір пән бойынша меңгеруге тиісті білім мөлшерін саналы түрде меңгеріп, оқушыларды іске икемділігіне қалыптастыру;

  • Бала қабілетінің қырларын жан-жақты дамыту;

  • Ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту;

  • Еңбек, дене тәрбиесін жетілдіру, оның өмірге адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, эстетикалық талғамын арттыру.

Екінші талап – оның мазмұның анықтау. Мұнда қасиетті шарт ойынның көмегімен жүзеге асыратын деректі оқушының жас ерекшелігіне, бағдарламалық талаптарға, нақты мақсатқа сәйкес дәл болу болып табылады. Ойынның мазмұны тек пәндік мақсаттар ғана емес, оқу әрекетінің іскерліктерін қалыптастыру, бейнелік және логикалық ойлануды дамыту мақсаттарын да жүзеге асрыуды қамтамасыз ету қажет. Ойынның мазмұнына қойылатын негізгі талаптардың бірі ойынды және оның түрлені ұйымдастырудың мүмкін формаларын есепке алу болып табылады.

Қазіргі кезде сабақты дұрыс түсінуге қойылатын негізгі талап – оқушылардың белсенді іс-әрекеттік сезімін оята отырып, оларды басқара білу. Ол біріншіден, тек дайын ақпаратты фактілер, заңдар, ережелер ғана беріп қоймай, оқушыларды өз бетінше ізденістіретін, одан жаңа ақпарат алатындай оқу материалын берудің құрылымын қайта құруды талап етеді. Яғни, мұғалім оқушылардың өзі белсенді жасампаз күш болатын, оқытудың ұйымдастырушысы және басқарушысы болуы қажет.

Ойынның мазмұны тек пәндік мақсаттар ғана еме, оқу әрекетінің іскерліктерін қалыптастыру, бейнелік және логикалық ойлануды дамыту мақсаттарны да жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажет. Ойынның мазмұнына қойылатын негізгі талаптардың бірі ойынды және оның түрлерін ұйымдастырудың мүмкін формаларын есепке алу болып табылады. Ойынды ұйымдастыру формаларына есепке алу болып табылады. Ойынды ұйымдастыру формаларына қойылатын талаптар: ұжымдылық, топтық, даралық таңдау, ең алдымен оқушылардың ойлау даму деңгейін, коммутативтік іскерліктерді оқу-жазу, қарым-қатынас.

Іскерлігін қалыптастыру деңгейін нақты есепке алу негізінде анықталады. 6-7 жасар балаларға тән көркем-әрекеттік және көрнекі бейнелік ойлаудың даму ерекшеліктеріне сүйне отырып, біз топтың немесе дара ойындарды пайдалануды тиімді деп есептейміз. Мұндай жағдайда мұғалім әрбір оқушы арқылы ойынның мақсатын жүзеге асыруды қамтамасыз ете алады. Ол үшін ойынға қатысушыларды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету өте маңызды. Бұл тапсырмалар жазылған карточкалар, сюжетті суреттер, жинақтар тағы басқа болуы мүмкін. Ойынды ұйымдастыру формасына оның түріне байланысты болуы керек.