Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Differentsialdy_pskh_lektsia_zhina_1171_y.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
51 Кб
Скачать
☆

2 Лекция. Дифференциалды психологияның білім аймағы ретінде пайда болуы

Дифференциялдық психологияның қарастыратын мәселелері:

Индивидуалды айырмашылықтар психологиясын қарастыратын мәселелерді жай қарастырғанның өзінде, ол психологиялық пән ретінде тек біріншіден, психологиялық сипаттар туралы нақты деректер пайда болғанда, екіншіден олардың анықтау әдістері пайда болғанда, үшіншіден, ол сипаттарды салыстыру критерилері жасалған кезде анықталады. Қалыптасуы мүмкіндік болған жағдайда оларды салыстыру және сандық немесе сапалық салыстыруды жүргізу үшін шкала болу керек (аз немесе көп, жақсы немесе нашар және т.б.). Сондықтан, индивидуалды айырмашылықтар психологиясының өз бетінше аймақ ретінде пайда болуы, психодиагностика және статистиканың дамуымен байланысты болып келеді.

Дифференциалды психологияның даму этаптары :

1. Психологияға дейінгі этап (философия төңірегіндегі психологиялық типологиялардың жасалуы)

2. Дифференциалды психологияның негізі (ХХІғ екінші жартысы –ХХ 1 басы)

3. Нақты статистикалық өлшеулерге негізделген дифференциалды психологияның дамуы (ХХІ басы кәзіргі уақыт).

ХХІ ғ. екінші жартысы психологиялық тестердің пайда болу уақыты, бұл кезенде индивидуалды айырмашылықтар психологиясы психодиагностикадан бөлінбейді.

Индивидуалды ерекшеліктер психологиясының және психологиялық тестілеудің негізін қалаған Френсис Гальтон (1822-1911)-ағылшын биологы, антропологы, географы және статисты.

Эксперименталды психологиялық зерттеулермен, яғни сезімталдық табалдырығы- реакция уақыты ассоциациялар және басқа психикалық процестермен айналыса отырып, Ф.Гальтон индивиттер үшін жалпы заңдылықтарына емес, олардың түрлі адамдар вариаттілігіне көңіл қойды. Олар психологияның жаңа ірі саласының бірі- дифференциалды психологияның қайнар көзі болды.

Эксперименталды психологияның қойнауында пайда болған дифференциалды психология өз бетінше тәуелсіз теориялық және тәжірибиелік мәнге ие болды. Психологияға жаңа математикалық, негізінде статистикалық әдістерді енгізу маңызды болды. Ф.Гольтонның ең жақсы көретін сөздері: Санауға келетін нәрсеннің бәрін санаңыздар. Өзінің «Неследственный гений» атты кітабында Ф.Гольтон сан алуан биографиялық фактердің стастикалық анализін берген, онда стастикалық заңдылықтарды қабілеттердің бөлуіне сәйкестік принципі туралы айтқан. Орта бойлы адамдар ең ең көп таралған топтар сияқты, ал аласа бойлар нормадан ауытқыған сайын азырақ кездеседі, тура солай адамдар орта шамадан және тұқым қуалаушылық қабілеттеріне де қатысты.

Осы ауытқушылықтарды Ф.Гольтон дарвинизм ықпалымен тұқым қуалаушылықтың анықтаулы факторы деп санаған.

Оның ойынша тұқым қуалау факторы эволюциялық дамуда қоршаған ортаға бейімделу факторымен бірге әрекет жасайды. Қоршаған ортаға түрдің бәрін бейімдеуді туа біткен генетикалық варияциялар арқасында іске асады. Осы жалпы биологиялық бағыт ықпалымен Гальтон келесі ережені ұсынады, яғни индивиттер арасындағы айырмашылықтар (сонымен қатар психологиялық) тек тұқым қуалаушылық туралы ілім түсініктерімен түсіндірілуі мүмкін болатын басқа себептердің (тәрбие, белгілі ортада болу және т.б.).

Англияның белгілі тұлғаларының туысқандық байланыстарын зерттей отырып, және көп биографиялық мәліметтерді оқи отырып, дарындылық, туысқандық дәрежесі және сипатымен анықталады деп Гольтон айтқан. Мысалы, төрт баланың ішінде тек біреуі ғана дарынды болуы мүмкін. Ақыл-ойдың қалай пайда болуын зерттегенде, Ф.Гольтон биографиялық әдіспен қатар анкеталық әдісті қолданды. Ол ірі ғалымдарға осы мәліметтер бойынша анкета жіберген: Ол ғылыми әрекетке қабілеттелігінің дамуындағы шешуші рөлді қайтадан тұқым қуалаушылыққа жатқызады. Анкета өткізу жолымен индивидуалды айырмашылықтарды зерттеуге Ф.Гольтон экспериментті қосты. Осы мақсатпен Ф.Гольтон 1984ж халықаралық (көрінесте) арнайы лабараторияны ұйымдастырды. Одан 9 мыңнан астам зерттелінушілер өтті, оларды бойы және салмағымен қатар сезімталдық түрлерін, реакция уақытын және басқа психикаларын өлшеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]