- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі м.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті Дифференциалды психология пәнінен лекция жинағы
- •1 Лекция. Дифференциалды психология пәні
- •2 Лекция. Дифференциалды психологияның білім аймағы ретінде пайда болуы
- •3 Лекция. Адамдардың психикалық сапасындағы айырмашылықтар диагностикасы бойынша зерттеулерін
- •4 Лекция. Кәзіргі дифференциялды психологиядағы зерттеулер бағыты
- •5 Лекция. Темперамент және жеке тұлға
- •6 Лекция. Ерте зерттеулерде темперамент қасиеттерін зерттеу
- •7 Лекция. Шет ел және отан психологиясы
- •8 Лекция. Когнитивті стильдер
- •9 Лекция. Психологиялық дифференциялауды даму деңгейін анықтау
- •10 Лекция. Жеке адамның бағыттылығы
- •13 Лекция. Интеллекттің қасиетінің құрылымы.
- •14 Лекция. Дж. Гилфорд бойынша интеллектінің құрылымдық репрезентациясы
- •15 Лекция. Зерттеу әдістерінің шығу тарихы
5 Лекция. Темперамент және жеке тұлға
Темперамент қасиеттері-ерте балалық шақтан көрінетін, мінез-құлықтың тұрақты стильдік ерекшеліктері.
Адамның әлеуметтік мінез-құлқында көрінетін индивидуалды ерекшіліктері туралы айтқанда, әдетте үш терминді пайдаланады: темперамент, мінез және тұлға. Үлкен совет энциклопедиясының үшінші баспасына сүйенетін болсақ, онда темперамент дегеніміз психикалық әрекетінің, оның динамикалық ерекшіліктер жағынан индивиттік сипаттамасы, яғни темперамент ритмі кейбір психикалық процесстердің және күйлердің қарқындылығы. Темперамент құрылымда үш негізгі компонентті ажыратуға болады: индивиттің жалпы белсенділігі оның қимыл көріністерін және эмоционалдылығы. Мінез дегеніміз- адамның өмірінің, жан өмірінің бөлек актілерінде және күйлерінде оның әдеттерінде, ақыл қалпында адамға тән эмоционалдық өмір шеңберінде көрінетін адамның қылығы. Адамның мінезі,оның жүріс-тұрыс негізі ретінде қабылданады. Бір дегеннен темпераментпен мінездің анықтамасы сәйкес келетін сияқты, бірақ күнделікті тәжіриебеде біз адамның темпераменттен оның мінезімен шатастырмаппыз. Темпераментті емес мінезді біз күшті, әлсіз, қатал, жұмсақ, нашар, табанды, қылықты және т.б. деп айтамыз. Темпераментпен мінездің арасындағы сәйкессіздік, интуитивті түсінетін айырмашылық, осы айырмашылық негізінде индивидуалдықтың мәнді түрлі көріністері жататынын білдіреді.
Темпераментте көбінесе адамның оны қоршаған ортадағы оқиғаларға қатынасы көрінеді. Мінез ұқсастықта және т.б көрінеді. Екеуінде ортақ нәрсе- ол берілген адам туралы не темперамент, не мінез, оның әлеуметтік құндылықтары туралы бізге еш нәрсе айытпайды, олар В.М.Русанов атағандай тұлғада бар психиканың формалды динамикалық аспектісі, өйткені тұлға дегеніміз индивидті сол немесе басқа қоғамның мүшесі ретінде сипаттайтын, әлеуметтік мәні бар ерекшіліктердің тұрақты жүйесі темпераментте, мінезде, адамның қабілеттері де (оның интелектісі) тұлғаға кіреді, бірақ олар шекттелмейді, өйткені тұлғаның индивиттің түрлі психикалық процестерің біріктіретін және оның жүріс-тұрысына қажетті табандылықпен тұрақтылықты хабарлайтын бастапқы түрі.
6 Лекция. Ерте зерттеулерде темперамент қасиеттерін зерттеу
Адам тұлғасы, И.П.Павловтың жазуынша-биологиялық тұқым қуалаушылықпен қатар, қоршаған ортамен де анықталады. Жүйке жүйесінің күші (темперамент)-туа біткен қасиет мінез (жүріс- тұрыс формасы) көбінесе жүре пайда болған әдеттерден тұрады. Мидың физиологиялық ұйымдасуы, оның қызметінің индивидуалдық ерекшіліктері және әлеуметтік тәрбие нәтижесінде қалыптасатын психиканың мазмұнды жағы –абсолютты өз бетінше категориялар емес тұқым қуалаушылық нышандар ішінен психиканың мазмұнды жағын шығару, субъектің әлеуметтік тәжірибені игеру ерекшіліктерінде сол нышандардың ролін жоққа шығарумен тең сияқты. Тіке сызықтың детерминизм бұл жерде іске аспайтындығы белгілі, егер біз жүйенің детерминизм позициясына көшсек, яғни қоршаған орта ұсынған әлеуметтік тәжірибе индивидиуалдық, сонымен қатар субъекттік психикалық формалды-динамикалық ерекшіліктерінен тәуелді түрлі қабылданатынын мойындасақ әңгіме басқа болады. П.В.Симонов адамның қажеттіліктерін оның мінез-құлқының алғашқы қайнар көзі және қозғыш күші ретінде қарастыра отырып, әр адам тұлғасын берілген адамның негізгі қажеттіліктерінің (виталды, әлеуметтік және идеалды) ішкі иерархиясы және индивидуалды қайталанбас композицияның олардың сақтау және даму түрлілігін, яғни өзі үшін және басқалар үшін қоса белгілейді деп айтқан. Бұл қажеттіліктердің қайсысы бар және мотивтер иерархиясында ұзақ уақыт бойы басым орын алатындығы, шығармашылық интиуцияның механизмі. Қажеттеліктің қайсысына жұмыс істейді. Яғни К.С.Станиславскидің терминологиясы бойынша үстем сана осы, фактілер тұлға сипатының ең маңыздысы болып саналады. Басқаларға қарағанда жиі және ұзақ басым қажеттілік-берілген адамның, үстем-үстем-өмір міндеті, Станиславскийдің анықтамасы бойынша, тұлғаның нағыз, мәнді ерекшілігі.
Егер негізігі қажеттілліктер адам тұлғасын құратын болса, онда қосымша қажеттіліктердің (жену, қарулану, еліктеу және күшті үнемдеу) анықтылығы және компазициясы оның мінезін белгілейді. Жену қажетілігі адамның еріктік сапарлар негізінде жатады, қаруланудағы қажеттілікті қанағаттандыру дәрежесі оған экстрималды жағдайларда өзіне сенімділік шешім қабылдау, тұрақтылық көріністерін береді. Еліктеуге бейімділік адам істеген әрекетінің өз бетінше істегенінің мөлшерін анықтайды, ал күшті үнемдеу қажеттілігі мінезді белсенді, мақсатқа ұмытылғыш немесе керсінше еңжар, еріншек, бос уақыт өткізген бейім қылады.
Адамның қажеттіліктері жалпы дүние тарихының жемісі сияқты, әрбір адамның қажеттіліктерінің жиыны және қатынасы оның тәрбиесінің индивиуалды жағдайлары, оның онтогенетикалық дамуы,оның өмір тарихының жемісі. Табиғи нышандар және қабілеттердің мәніне қарамастан тұлға және мінез нақты әлеуметтік ортаның шешуші ықпалымен қалыптасады. Бас мидың құрылымы мен қызметтерінің индивидуалды ерекшіліктерімен тікелей темперамент байланысты, немесе И.П.Павловтың терминологиясы бойынша, жоғарғы жүйке әрекетінің типі. Павловтың психикамен мінез құлықтың индивидуалдың айырмашылықтар мәселесіне байланысты екі анализ деңгейін ажыратуға болады, оларды Павловтың өзі бірдей мөлшермен жасаған жоқ.
Біріншіден, макродеңгей, яғни жүйке жасаушыларының қозу және тежелу процестерінің қасиеттері- олардың күші, салмақтылығы және қозғалғыштығы. Иттерге өткізген шартты рефлекспен эксперименттер және олардың мінез-құлықтарын көп жылдары бақылау нәтижелері, Павловты мұндай ойға әкелді, яғни антикалық авторлардың темпераменттіне ұқсас жүйке жүйесінің типтері адам және жоғары сүтқоректі жануарлар үшін жалпы болып табылады. Павловтың классификациясында холерикке күшті, қозғыш, салмақты емес тип меланхоликке-әлсіз сәйкес келеді. Павлов бойынша сангвиник-үшін сұрақнамалар құрылады, сынаушылардың үлкен топтарының сұрақтама мәліметтері фактіленеді. Осылай ажыратылған темперамент сипаттамалары, түрлі авторларда саңы және мазмұны бойынша белгілі дәрежеде түрлі болады. Мысалы: С.Берт эмоционалдық сфераға жататын 3 сипатына темперамент үшін маңызды деп санаған, Дж.Гилфорд темперамент қасиеттерінің 13-факторлы құрылымын жасаған.
