- •Наркозға арналған заттардың жіктелуі
- •Наркоз кезеңдері мен түрлері
- •Наркозға арналган эфирдің әсерінде төрт кезеңі бар
- •Азот аскын тотыгы Nitrogenium oxylulatum
- •Ингаляциялық емес наркозға арналған заттар.
- •11. Этил спирті Spiritus aethylicus
- •111. Ұйықтатын дәрілер
- •1Y. Эпилепсияға қарсы дәрілер
- •Y1. Аналгетиктер
- •Y.Паркинсонизмге қарсы дәрілер
- •11 Бейнаркотикалық аналгетиктер
Азот аскын тотыгы Nitrogenium oxylulatum
Газ тәріздес зат, наркотикалық белсенділігі төмен, аз мөлшерде адамды мас қылып, күлдіреді, сондықтан «күлдіргіш» газдеп аталады. Азот аскын тотығы (80%), оттегімен(20%) қосылған қоспа түрінде қолданылады. Қозу кезеңі көп созылмай, наркоз кезеңіне ауысады, жеңіл басқарылады, бірақ наркоз терең емес. Дәріні доғарғанда науқас бірден оянады.
Негізгі кемістігі: наркотикалык белсенділігі төмен, эфирмен қосылғанда жарылу кауіпті қоспалар құрайды. Құрастырылған наркозға эфир, фторотанмен бірге қолданады.
Ингаляциялық емес наркозға арналған заттар.
Ингаляциялық наркозға қарағанда ингаляциялық емес наркоздың бірнеше артықшылығы бар, қозу кезеңі онша білінбейді, қарапайым, арнайы аппараттарды қажет етпейді. Негізгі кемістігі: басқарылуы қиын.
Тиопентал натрий Thiopentalum natrium.
Сарғыш түсті қүрғақ ұнтақ. Ш.т. фл.0,5-1,0 2-2,5% Ерітіндісін дайындайды, көк тамырға егіледі, наркоз кезеңі 1-2 мин кейін білінеді де,15-25 мин созылады.
Бұл препаратты қысқа мерзімде өтетін операцияда және кіріспе наркозға қолданады. Әсерінің ұзақтылығы науқастың бауырының қызметіне байланысты. Бауыр зақымында тиопенталдың әсері және уландыру қабілеті жоғарлайды.Бауыр, бүйрек ауруларында қолдануға болмайды.
Натрий оксибутираты Natrii oxybutiras
Ш.т.амп.20% - 10 мл. Аз мөлшерде тыныштандырады, бұлшық еттерді босатады, жоғарғы мөлшерде ұйықтатады, наркоз туғызады. Әсері баяу, білінеді, қозу кезеңі білінбейді. Наркотикалық әсері сағатқа созылады. Көк тамырға, ішке, кіріспе наркозға қолданылады және негізгі наркозға, психикалық қозуда. Уландыру әсері төмен.
Пропанидид (сомбревин) Propanididum
Ш.т. амп.5%-10мл Наркотикалық әсері қолданганнан кейін 20-40 сек білінеді және 3-4 мин. созылады, қозу кезеңі білінбейді. Пропанидид кіріспе наркозга және тез өтетін операцияға қолданады (биопсия, шыққан сүйекті орнына келтіруге, тіс жұлганда).
Қосымша әсері: лоқсу, ықылық, сілекей көп бөлінеді.
Кетамин кеталар, калипсол Ketaminum.
Ш.т. амп5% 2 және 10мл көк тамырға, бұлшық етке егіледі. Әсері 5-25 мин созылады. Қысқа уақытта өтетін операцияда және кіріспе наркозға қолданылады. Қосымша әсері: АК жоғарлайды, тахикардия.
11. Этил спирті Spiritus aethylicus
1) Жергілікті әсері (тітіркендіргіш, антисептик)
2) Резорбтивті әсер (органдарға, ОЖЖ-ге сіңгеннен кейін)
3) улану (жіті улану, созылмалы улану –маскүнемдік)
4) Маскүнемдікпен күресу жолдары
СӨЖ-ге арналған тақырыптар
111. Ұйықтатын дәрілер
1) Ұйқының бұзылу түрлері
2) Ұйқының кезеңдері
3) ұйықтатын дәрілердің ОЖЖ-ге әсері (ұйқы, наркоз, жанталас)
4) ұйықтатын дәрілермен улану, көмек
5) препараттар:
А) барбитур қышқылының туындылары (фенобарбитал, этаминал-натрий)
Б) бензодиазепин туындылары (нитразепам, диазепам)
В) басқа топтағы препараттар (зопиклон, золпидем, донормил, натрий оксибутираты).
Жанама әсерлері: күндіз ұйқының келуі, әлсіздік, кумуляция, үйренгіштік, тәуелділік).
СӨЖ-ге арналған тақырыптар.
1Y. Эпилепсияға қарсы дәрілер
Эпилепсия түрлері (үлкен ұстама, кіші ұстама, психомоторлы –қимылын бақылай алмайтын жағыдай).
Препараттар:
А) үлкен ұстамасында қолданатындар: фенобарбитал, гексамидин, дифенин, карбамазепин.
Б) кіші ұстамасында: этосуксимид, триметин
В) әр түрлі эпилепсия аралас түрлерінде: (натрий вальпроаты, кальций вальпроаты, ламотриджин).
