- •Наркозға арналған заттардың жіктелуі
- •Наркоз кезеңдері мен түрлері
- •Наркозға арналган эфирдің әсерінде төрт кезеңі бар
- •Азот аскын тотыгы Nitrogenium oxylulatum
- •Ингаляциялық емес наркозға арналған заттар.
- •11. Этил спирті Spiritus aethylicus
- •111. Ұйықтатын дәрілер
- •1Y. Эпилепсияға қарсы дәрілер
- •Y1. Аналгетиктер
- •Y.Паркинсонизмге қарсы дәрілер
- •11 Бейнаркотикалық аналгетиктер
11 Бейнаркотикалық аналгетиктер
Ауырсынуды басады, дене температурасын төмендетеді және қабынуға қарсы әсері бар.
Қолдануы: қабыну ауруларында, ревматизм, невралгия, радикулит, тіс, бас, буын, бұлшық ет ауруларында, етеккір бұзылыстарында.
Тыныс алуды, жөтел орталығын тежемейді, эйфория, тәуелдік тудырмайды.
Әсер механизмі: циклооксигеназа ферментінің ингибиторлары болып табылады. Бейнаркотикалық аналгетиктер прстагландиндердің
Синтезін тежеп жылуды реттейтін орталығын қозуын төмендетеді, қабынуға қарсы әсері қабыну медиаторларының-простагландиндердің өнімдерінің төмендеумен байланысты.
Бейнаркотикалық аналгетиктердің жіктелуі:
Салицил қышқылының туындылары: ацетилсалицил қышқылы – аспирин, қабынуға қарсы, температураны төмендетеді, ауырсынуды басады. Аспириннің антиагрегантты әсері де бар (тромбо АСС, аспирин-кардио). Құрастырылған препараттары: Аспирин-С, АЦЦ+С-Меркле, Алка-Зельцер, Фортальгин С- көпіргіш таблеткалары және Асфен, Аскофен, Цитрамон; Седальгин, Кардиомагнил, Цефекон Н
Пирозолон туындылары: анальгин таб.0,5, амп. 50%-1-2мл б\е, к\т.
Қызуды басады, қабынуға, ауырсынуға қарсы әсер етеді
Жанама әсерлері: қан жүйесінің бұзылуы, аллергия, ісіну, 5 күннен артық қолдануға болмайды.
Құрастырылған препараттар: Баралгин, Максиган, Спазган, Спазмалгон, Триган, Ревалгин, Темпалгин, Пенталгин, Андипал(спазмолитик, аналгетик, қан тамырларын кеңейтеді), құрамында аналгин, дибазол, папаверин, фенобарбитал бар.
Парааминофенол туындылары: парацетамол, құрастырылған препараттар (панадол, эффералган, тайленол, цефекон Д) ыстықты басады, бірақ қабынуға әсері жоқ.
Жанама әсерлері: нефро-гепатотоксикалық, қан жүйесіне кері әсер етеді, аллергия, көп мөлшерде қолдануға болмайды.
Құрастырылған препараттар: антигриппин, солпадеин, дарвал, панадол, цитрамон, колдрекс, фервекс, тера-флю, ринза, но-шпалгин. Солпадеин және но-шпалгин құрамында кодеин бар, рецепт бойынша босатылады.
Басқа топ туындылары:
Бутадион Butadionum ш.т. таб. 0,15
Индометацин Indometacinum ш.т. таб. 0,025, 0,05, балауыз 0,1, амп.
3%-1-2 мл, жағылма 5-10%-30,0
Кеторол Ketorol ш.т. таб. 0,01, амп.3%-1мл
Диклофенак Diclofenac-natrium ш.т. таб. 0,025-0,05, кап. Амп.2,5%-3мл б\е. (вольтарен)
Ибупрофен Ibuprofenum(бруфен, нурофен) ш.т. таб.0,02-0,04
Напроксен Naproxenum ш.т. таб. 0,25
Кетопрофен (кетонал) Ketoprophenum ш.т. кап. 0,05, таб. 0,3, бал.0,1,амп. 10%-1мл.
Оксикам туындылары: пироксикам- тәулігінде 1 рет қабылданады, лорноксикам (ксефокам) – аналгетикалық әсері жоғары.
Мелоксикам (мовалис) артритте тиімді, жанама әсері төмен.
Бейнаркотикалық аналгетиктер асқазан, ұлтабар жарасында, бауыр, бүйрек қызметі бұзылғанда, асқазан мен ішектен қан кеткенде, бронхоспазмде қолдануға болмайды және жүктілікте, лактацияда, жас балаларға.
