Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
nurs_agi_AiG_test_gos.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
621 Кб
Скачать
☆

0,1% Атропин сульфаты ерітіндісін енгізунемесе но-шпа парацервикальды новокаиндыжансыздандырунатрий оксибутираттынаркозымен. ©

Оперативті босануды шешу кесір тілігімен©

Акушерлік медикаментоздыұйқы-демалыс

***

Босанушы 25 жаста, мерзімінен асқан босанудан кейінгі ерте кезеңде атониялық қан кетуболды. Көрсетілген консервативті көмектен кейін қан кету тоқтаған, жатыры тығыз, жалпы қан кету 1000 мл. Босанушының жағдайы орташа ауырлық дәрежеде, тері жабындылары бозғылт, пульс 110 соққы мин. АҚ 90/60 мм.рт.ст. Исходный гемоглобин 95 г/л, қан кету тоқтағаннан кейін НВ-80г/л. Ары қарайғы тактика? ©

+Инфузионды-трансфузионды терапия, окситоцинді тамшылатып (60 тамшы 1 мин.) енгізуді жалғастыру©

Босанудан кейінгі кезең. Атониялық қан кету. Тактика - лапаротомия. Жатырдың қосалқыларсыз ампутациясы©

Босанудан кейінгі ерте кезең. Гипотоникалық қан кету. Тактика –жатыр қуысын қолмен тексеру. Окситоцинді тамшылатып (60 тамшы 1 мин.) енгізуді жалғастыру©

Босанудан кейінгі ерте кезең. Атоникалық қан кету. Тактика – жатыр қуысын қолмен тексеру. Инфузионды терапия©

Босанудан кейінгі ерте кезең. Атоникалық қан кету. Тактика – лапаротомия, жатырға компрессионды тігіс салу.Ішкі мықын артериясын байлау

***

Қайталап босанушы мерзімі жеткен жүктілікпен және қалыпты жамбас өлшемдерімен босану әрекеті басталуынан 4сағаттан соң және ұрық маңы суы кетуінен 30минуттан соң келіп түсті. Баспен келу, кіші сегментімен кіші жамбастың кіреберісінде. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ритмді 120соқ/мин дейін. PV: Жатыр мойны тегістелген, ашылу 4см-ге, ұрық қапшығы анықталмайды. Қас үсті доғалары, мұрын негізі, маңдай пальпацияланады. Мүйіс жеткіліксіз. Акушерлік тактикаңыз қандай?©

Босану жолдары арқылы босануы мүмкін., консервативті жүргізу©

Босану мүмкін, бірақ анасы үшін жарақатты болуы мүмкін.©

Босану мүмкін, бірақ ұрық үшін жарақатты болуы мүмкін.©

Босану мүмкін емес, мерзімі жеткен жүктілікте ұрықты бұзушы операциялар қолдану көрсетілген©

+Босануды оперативті жолмен кесар тілігімен шешу

***

18 жасатғы жүкті А., мерзімі жетіп және 2 сағат ағымындағы ретті босану әрекетімен келіп түсті. Бұл жүктілік алғашқы. Сыртқы акушерлік тексеруде : ІА- 100см, ЖТБ – 33см, жамбас өлшемдері 25- 27- 29 -19см. Диаганальды коньюгата – 12см. Шынайы коньюгата – 10см. Ұрықтың болжам салмағы - 3,300кг. Жамбастың өлшемдерін есепке ала отырып босануды жүргізу тактикасын таңдаңыз:©

+Босануды консервативті – күте отырып жүргізу©

Босануды акушерлік қысқаштарды салу операциясымен аяқтау©

Босануды оперативті жолмен кесар тілігімен шешу©

Босануды консервативті жүргізу©

Босану жолдары арқылы босану мүмкін емес, ұрықты бұзушы операциялар қолдану

***

Науқас А. 48 жаста, стационарға 10 күндей жыныс жолдарынан аз мөлшерлі, ауырсынусыз қанды бөліністердің болуына шағымданып келді. 2 жыл көлемінде 2-3 айға дейін етеккірдің үдемелі кідіруі болған. Гинекологиялық қарауда: жатыр кіші, қозғалмалы, ауырсынусыз, қосалқылар пальпацияланбайды, аймағы ауырсынусыз. Осы аурудыдифференциялау керек:©

+Аденомиоздан, туберкулезды эндометриттен©

Аналық бездің гротулезді жасушалы ісіктен, жатыр миомасынан©

Эндометрийдің аденокарциномасынан, жатыр миомасынан©

Жатыр саркомасынан©

Жатырдан тыс жүктіліктен

***

26 жастағы әйел қышу сезіміне, жиілеген кіші дәретке шағымданады. Қарағанда: қынап шырышының , вульваның қызаруы, ірің тәрізді бөлінділер. Дәрігердің іс-әрекеті:©

Тазалық деңгейіне жағынды алу ©

+Гонококтарға, трихомонадаға жағынды алу©

Онкоцитологияға жағынды алу©

УДЗ©

Симптоматикалық ем

***

28 жасар босанушыда сусыз кезеңі 16 сағатқа созылды, босану – 11 сағат. Жатыр мойнының ашылуы – 3 см. Ұрықтың болжам салмағы – 3800,0 100,0. Сіздің тактикаңыз: ©

+іш қуысын шектеумен кесар тілігін жасап, іш қуысын дренаждау©

консервативті түрде босандыру©

акушерлік ұйқы-демалыс беру©

ұйқыдан кейін толғақты күшейтуді бастау©

кесар тілігі операциясын жасап, жатыр ампутациясымен аяқтау

***

22 жасар алғаш рет босанушыда І кезең 12 сағатқа созылды. Толғағы әлсіз, қағанақ қабы бүтін. Не істеу керек: ©

+акушерлік ұйқы-демалыс беру©

кесар тілігі операциясы арқылы босандыру©

босану қызметін күшейту©

амниотомия жасау©

бақылауды жалғастыру

***

Егер жүктілік кезінде қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы басталса, не істеу керек: ©

толғақ қоздыру©

ерте амниотомия©

токолитиктердің инфузиясы©

+кесар тілігі©

плацентаның ерте ажырауына негізгі себеп болған патологияны емдеу

***

30 жаста қайталап босанушыда 2 сағат бұрын ретті толғақ басталды. Егіз ұрық анықталды, бірінші ұрық көлденең орналасқан. Не істеу керек: ©

босануды консервативті түрде жүргізу©

сыртқы акушерлік бұру©

+кесар тілігі©

жатыр мойны толық ашылғаннан кейін ішкі акушерлік бұру жасау©

толғақ күшейту

***

Алғашқы босанушы 24жаста. Босанудың ІІ кезеңі 40 минутқа созылды, толғақ әлсіз,ұрық басы үлкен сегментпен кіші жамбасқа кіре берісте.Қынап арқылы қарағанда, қондырылуы дұрыс, жамбасы тар емес. Не істеу керек:©

+бұлшықетке 1,0 окситоцин енгізу©

акушер лік қысқыш салу©

босандыруды жалғастыру©

кесар тілі гін жасау©

перинеотомия жасау

***

22 жастағы алғаш босанушы әйелді эклампсия талмасынан кейін жедел жәрдем машинасымен перзентханаға жеткізді, қарау кезінде жатыр мойны толық ашылған, ұрық қапшығы жоқ, басы жамбас түбінде. Не істеу керек: ©

айдау кезеңін жалғастыру©

+наркоз аясында шығарып алатын акушерлік қысқыштар салу©

жиырылтатын дәрмектер егу©

краниотомия жасау©

кесар тілігі операциясымен босануды шешу

***

Жедел жәрдем машинасымен босанатын әйел ұрық маңы суы төгілгеннен 36 сағаттан кейін жеткізілді, ұрықтың жатысы көлденең, ұрықтың жүрек қағысы естілмейді, қынаптық зерттеу кезінде: ашылуы толық, ұрық мойнына қол жетеді. Тактика қандай:©

босануды консервативті жүргізуді жалғастыру©

кесар тілігін жасау©

ішкі акушерлік бұру жасау©

босануды күшейту©

+ұрықты бұзушы операциясын жасау, ұрық басын бөліп алу

***

Жүктілігінің 34 аптасында, жүкті әйелде үйінде эклампсия талмасы болды. Перзентханаға түскен кезде АҚ – 150/100 мм.сын.бағ., ұрығының ықтимал салмағы – 1500 гр. Беті мен аяқтары ісінген. Зәрінде белок – 0,66 г/л. Босану жолдары босануға дайын емес. Интенсивті терапия басталды. Дәрігер тактикасы:©

емдеу аясында жүктілікті 1-2 аптаға ұзартуға болады©

емдеу аясында жүктілікті 3-4 аптаға ұзартуға болады©

окситоцин немесе простагландиндерді енгізу арқылы босануды қоздыруды бастау©

+кесар тілігі операциясы арқылы босануды шешу©

акушерлік ұйқы беру

***

Алғаш босанушы 24 жаста. Босанғаннан кейін 10 минуттан кейін қан кету 150,0 мл. Плацента бөліну белгілері жоқ. Не істеу керек: ©

Жиырылтатын дәрілерді көк тамырға егу©

Плацентаны қолмен ажырату және бөлу операциясы©

+Бала жолдасының бөліну белгілері болғанша күту©

Абуладзе әдісін қолдану©

Креде-Лазаревич әдісін қолдану

***

Науқас А. 48 жаста, стационарға 10 күндей жыныс жолдарынан аз мөлшерлі, ауырсынусыз қанды бөліністердің болуына шағымданып келді. 2 жыл көлемінде 2-3 айға дейін етеккірдің үдемелі кідіруі болған. Гинекологиялық қарауда: жатыр кіші, қозғалмалы, ауырсынусыз, қосалқылар пальпацияланбайды, аймағы ауырсынусыз. Осы ауруды емдеу жатыр қуысын қырудан басталады, себебі:©

+Диагнозды нақтылау үшін және аурудың органикалық табиғатын анықтау үшін©

Гипоэстрогениябақыланады©

Гипоандрогениябақыланады©

Стимуляциялық ем қолдану©

Симптомды емқажет

***

24 жастағы алғаш босанушы, босанудың екінші кезеңі 40 минут бойына жалғасуда, күшенуі әлсіз, басы үлкен сегментімен кіші жамбасқа кіре берісте, қынаптық зерттеу кезінде қондырылуы дұрыс, тар жамбас жоқ. Ұрық жағдайы жақсы. Не істеу керек:©

+окситоцин енгізу©

акушерлік қысқыштар салу©

вакуум экстракция қолдану©

кесар тілігін жасау©

перинеотомия жасау

***

35 жасар көп босанушы, жыныс жолдарынан қанды бөліністердің болуына және ұрық қозғалысының болмауына шағымданып түсті. Қарағанда: АҚҚ 60/30 мм с.б.б. пульс- 110 мин. Ұрық дәрігер қолының астында дәл анықталады, жүрек соғысы естілмейді, тактика: ©

+Операция алаңын ашып, жатыр экстирпациясын жасау және іш қуысын дренаждау©

Кесар тілігі және жатыр ампутациясын жасау©

АҚҚ жоғарлағанға дейін реанимациялық шаралар жүргізу, сосын лапаротомия©

Кесар тілігі жатыр түтігі стерилизациясымен бірге©

Гемотрансфузия және реанимациялық шараларды жүргізу

***

23 жастағы қайта босанушы, толғақ басталғанан 5 сағаттан кейін қанды бөліністер болуымен келіп түсті. Ұрық жүрек соғысы- 132 рет/мин. Жағдайы жақсы. Жатыр мойны ашылуы 8-9 см. Не істеу қажет: ©

+амниотомия жасау©

кесар тілігін жасау©

бақылау©

босануды күшейту©

Николаев үштігі

***

23 жастағы алғашкы босанушыда гестоздың орта дәрежесі, толғақ басталғаннан 5 сағаттан кейін қанды бөліністер көрінді, ұрық жүрек соғысы қалыпты, жергілікті ауырсыну жоқ. Не істеу қажет: ©

кесір тілігі©

децинон©

толғақты қүшейту©

спазмоликттер©

+амниотомия

***

32жасар алғаш босанушыда 5 жыл бедеулік болды. Ретсіз толғақ басталғаннан кейін 9 сағаттан кейін түсті. Не істеу керек: ©

амниотомия жасау©

акушерлік демалыс беру©

глюкозді-витаминді-гормоналды фон жасау©

толғақ қоздыруды бастау©

+кесар тілігі

***

Көп босанушыда, босанғаннан кейін 20 минуттан соң қан кету басталды. Күресу жасалуда бірақ қан кету жалғасуда және 1000 мл жетті. Не істеу қажет:©

жатырды жиырлтатын дәрі-дәрімектерді еңгізуді жалғастыру©

жатыр қуысын қолмен тексеру қайталау©

күтуді жалғастыру©

инфузиялық терапия көлемін жоғарлату©

+лапаротомия, жатырды алып тастау

***

23 жастағы алғаш рет жүкті болушы әйелде 38-39 апта жүктілігінде эклампсия ұстамасы болып қалды. Не істеу керек: ©

Наркоз беріп, интенсивті емді бастау©

+Наркоз беріп, кесар тілігі операциясы арқылы босандыру©

Наркоз беріп, амниотомия жасау©

Амниотомия жасау©

Амниотомия жасап, толғақ қоздыруды бастау

***

27 жастағы алғаш босанушы, жамбас өлшемдері 23-26-29-18 және 14 күнге асқан жүктілікпен босану үйіне қағанақ суы кеткеннен 8 сағатөткен соң босану қызметінсіз келіп түсті. Бойы 143 см, салмағы 46 кг, іш көлемі 110 см, жатыр түбінің биіктігі 37 см. ұрық ұзына бойы, басымен кіші жамбас кіреберісінде орналасқан. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ырғақты минутына 136 рет. P.V. жатыр мойны сақталған, жұмсақ, цервикальды канал 1 к/саусақ өткізеді, оның ұзындығы 2,5-3,0 см. қағанақ қабы жоқ. Ұрық басымен кіші жамбас кіре берісінде орналасқан. Бас сүйектері тығыз. Мүйіске қол жетеді. Диагональды конъюгата 11 см. кіші жамбаста экзостаздар жоқ. Сіздің іс-әрекетіңіз: ©

глюкозо-витамино-гормональды фон жасау©

босануды қоздыруды бастау©

босануды күшейтуді бастау©

+шұғыл түрде кесар тілігі©

жоспарлы түрде кесар тілігі

***

Көп рет босанған 32 жастағы әйелде босанған соң жатыры нашар жиырылады, жатыр қуысына қолмен зерттеу жасалған, бірақ жатыр нашар жиырылады, қан жоғалту 900 мл-ге дейін жеткен және одан әрі жалғасып жатыр. Не істеу керек?©

жатыр қуысын қайталап қолмен зерттеу©

+жатырды қынап үстілік ампутация жасау©

к/т окситоцин және энзопроста енгізу©

Лосицкой бойынша тігіс©

Бакшеев бойынша клемма салу.

***

Жедел жәрдеммен суы кеткеннен 36 сағат уақыт өткеннен кейін босанушы жеткізілді. Ұрық көлденең қалпында, ұрықтың жүрек соғысы естілмейді, қынаптық зерттеуде ашылуы толық, ұрық мойны қолжетімді. Қандай тактика қолданылады?©

консервативті босануды жалғастыру©

кесір тілігін жасау©

ішкі акушерлік айналдыру жасау©

босандыруды белсендіретін тур жасау©

+ұрық декапитациясы- ұрықты бұзушы операция жасау.

***

Сүйек туберкулезі бар жүктілікте қолданылатын тактика?©

12 аптаға дейін жүктілікті тоқтату©

35-36 апталықта жүктілікті тоқтату©

+туберкулездің осы формасында жүктілікті кез келген мерзімінде тоқтату©

жүктілік кезінде туберкулезге қарсы емдеу жүргізу©

жүктілікті жалғастыру

***

Санитарлы авиация арқылы 23 жастағы босанушы уақыты келген жүктілігімен және тар жамбас 1 дәрежесі, суы кеткеннен соң 23 сағаттан кейін жеткізілген. Босанудың 2 кезеңінде 1 сағат көлемінде ұрықтың жүрек соғысы естілмейді.Т- 37,8 С. Қынаптық зерттеу кезінде : ашылуы толық, басы кіші жамбасқа кірер жерде қысылған. Қандай тактика қолданылады?©

шығару кезеңін жалғастыру©

кесір тілігін жасау©

+краниотомия жасау©

босануды белсендіру жасау©

акушерлік қысқыштарды қою арқылы босануды аяқтау

***

Босанудан кейінгі жатырдың айналуында дәрігердің қолданатын тактикасы?©

жергілікті анестезия арқылы жатырды орнына келтіруге тырысу©

жатырды қынапүстілік ампутация жасау©

+наркоз беріп, жатырды орнына келтіру©

спазмалитиктер тағайындау©

жатыр экстирпациясын жүргізу

***

22 жастағы бірінші рет босанушы уақыты келген жүктілігімен үйінде эклампсия ұстамасынан кейін жедел жәрдеммен жеткізілген.Акушерлік статусы: уақыты келген жүктілікке сәйкес жатыры ұлғайған, контурлары анық. Ұрық көлденең қалыпта. Басымен келген.Ұрықтың жүрек соғысы анық, ритмді. PV : жатырдың ашылуы толық, ұрықтық көпіршік жоқ, басы жамбас түбінде. Құйымшақ төмпешегі(мыс) қолжетімсіз. Не істеу керек?©

шығару кезеңін жалғастыру©

жиырылтушыларды беру©

+наркоз беріп, шығарушы акушерлік қысқыштар қою©

краниотомия жасау©

кесір тілігі арқылы босануды болдырту

***

Босанушы 1 сағат бойы босанудың ІІ кезеңінде. V-ші жүктілік, босану –ІV. Ұрықтың болжам салмағы – 4200,0. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ритмді, 160 рет минутына, әр 3 сағат сайын күшенуші толғақтар, 30 -35 секунд.Жамбас өлшемдері 25-28-31-20 см. Р. V.: жатырдың ашылуы толық, ұрықтың басы кіші жамбасқа кіреберістен кіріп жатыр. Бастың сүйектері тығыз, тігістері мен еңбектері айқын көрінбейді. Құйымшақ бүгірі(мыс) қолжетімсіз. Сіздің тактикаңыз?©

жамбасты функционалды бағалаумен күту арқылы босануды жалғастыру©

жатырішілік ұрық гипоксиясын емдеу арқылы консервативті босандыруды жалғастыру©

окситоцин арқылы босануды белсендіру©

акушерлік ұйқы, кейін босануды белсендірумен©

+кесір тілігін жасау операциясы

***

Көп рет босанғанда босанудан соң 20 минуттан кейін қан кету басталды. Күресу шаралары жүргізілуде, бірақ қан кету жалғасуда, 1000 мл –ге жетті. Не істеу керек?©

жиырылтушы заттарды беруді жалғастыру©

жатыр қуысын қолмен зерттеуді қайталау©

күтуді жалғастыру©

инфузионды терапия көлемін көбейту©

+лапаротомия, жатырды алып тастау

***

Егер әйелдер консультациясында ұрықтың көлденең жатуы жүктіліктің 32-33 аптасында анықталса, дәрігердің тактикасы?©

перзентханаға жүкті әйелде госпитализациялау©

+Дикань бойынша гимнастика тағайындау©

кесір тілігін жасау©

диета тағайындау©

инфузионды терапия өткізу

***

Қайта босанушы 23 жаста жетілген жүктілік, толғақ басталғаннан 5 сағаттан кейін жыныс жолдарынан қанды бөліністер болған. Ұрық жүрек соғысы 132 соққы/мин. Жағдайы қауіпті емес. Жатыр аңқасының ашылуы 8-9 см. Не істеу керек?©

+амниотомия жасау керек©

Кесір тілігі©

Бақылауды жалғастыру©

Босануды күшейту©

Николаев бойынша триада

***

27 жастағы бірінші рет босанушы әйелдің жамбас өлшемдері 23-26-29-18 және жүктілігі өз уақытынан 14 күнге асып, ұрық маңы суының кетуінен 8 сағаттан соң перзентханаға босану әрекетінсіз түскен. Бойы 143 см, салмағы 46 кг, іштің өлшемі 110 см, жатыр түбінің өлшемі 37 см. Ұрықтың қалпы көлденең, басы жамбас кіреберісінде. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ритмді, минутына 136 рет.Р.V.: жатыр мойны сақталған, жұмсақ,цервикальды канал 1 саусаққа өтімді, ұзындығы 2-2,5 см.Ұрық көпіршігі жоқ,Басы жамбас кіреберісіне кіріп тұр. Бас сүйектері тығыз. Құйымшақ бүгірі қолжетімді. Диагональды конъюгата 11 см. Кіші жамбаста экзостоздар жоқ. Сіздің тактикаңыз?©

акушерлік қысқыштар©

босануды қоздыруды бастау©

босануды белсендіруді бастау©

+жедел түрде кесір тілігін бастау©

жоспарлы түрде кесір тілігі

***

23 жастағы алғаш босанушыда жүктіліктің 38-39 аптасында эклампсия ұстамасы болған. Не істеу керек?©

наркоз беріп, интенсивті терапияны бастау©

+наркоз беріп, кесір тілігі операциясы арқылы босандыруды бастау©

наркоз беріп, амниотомия жасау©

амниотомия жасап, босануды белсендіру©

босануды белсендіруді бастау

***

22 жастағы алғаш босанушыда 1 кезең 12 сағат жалғасуда, толғақтар әлсіз, ұрық көпіршігі бұзылмаған. Не істеу керек?©

+акушерлік ұйқы мен демалыс беру©

кесір тілігі арқылы босануға жол беру©

босану әрекетіне белсендіруді жасау©

амниотомия жасау©

қарауды жалғастыру

***

Перзентханаға босанушы жеткізілген. Ұрықтың көлденең жатуы, ұрық қолының түсуі анықталған. Қынаптық зерттеуде : жатыр мойнының толық ашылуы, ұрық қолының түсуі анықталған. Ұрықтың жүрек соғысы анықталмайды. Диагноз қойыңыз. Бұл жағдайда босандырудың қандай тәсілін жүргізу мүмкін?©

ұрықтың көлденең қалпы.Классикалық айналддыруды ұрық аяғымен ұрық экстракциясын жасау©

ұрықтың көлденең қалпы.Жедел түрде кесір тілігін жасау©

+созылып кеткен ұрықтың көлденең қалпы. Ұрықты бұзушы операция жасау©

созылып кеткен ұрықтың көлденең қалпы. Босандыруды консервативті жолмен жалғастыру©

ұрықтың көлденең қалпы.Спонтанды болатын босану әрекетін күту

***

Науқас 25 жаста, диагноз: Бедеулік I. Спецификалық этиологиялы, екіжақты созылмалы сальпингоофорит, ремиссия сатысы, гинекология бөлімшесіне жіберілді. Жатыр түтіктерінің өтімділігін тексеру мақсатымен гистеросальпингография жүргізілді. Қорытынды: жатыр түтігі өтімділігі жоқ. Тактика:©

Қабынуға қарсы терапия жүргізу©

Гидротубация жүргізу©

+лапароскопиялық адгезиолизис жүргізу©

лапаротомиялық тубэктомия жүргізу©

лапаротомиялық адгезиолизис жүргізу

***

Қыз балалардың жыныс мүшелеріндегі үлкен гематомалары болған жағдайда дәрігердің тактикасы: ©

егер үлкен және оданда ұлғаятын болса- оны кесіп, қан кеткен тамырларды тігу©

+кез келген жағдайда суық басу, викасол©

үлкен гематомаларда күту тактикасы ©

кез келген гематомада- оны кесіп, қан кеткен тамырларды тігу ©

ештене істемеу

***

Пубертантты кезеңдегі қыз балалардың жыныстық жетілуінің «өшірілген» вирилизация типі бойынша бұзылысының емі:©

эстрогендермен орын басушы терапия ©

гестагендермен орын басушы терапия ©

+глюкокортикоидтарды қолдаушы дозада қолдану©

хирургиялық коррекция©

гонадолибериндердің агонистерін өмір бойы қолдану

***

30-40 жастағы әйелдердегі патологиялық жатырдан қан кетудің себебін анықтаудағы ең нақты әдісті таңдаңыз:©

Дененің базальді температурасын өлшеу©

Эндометрий биопсиясы©

+жатырды диагностикалық қырнау©

гистероскопия©

эстроген и прогестерон концентрациясын анықтау

***

20 жастағы науқас дене температурасы 38,4 Ске дейін жоғарылап күрт ауырды. Ауруының басталуы менструациясының басталуымен сәйкес келді. Іштің төменгі жағындағы өткір аурулар мазасын алады. Арнайы қарау кезінде қосалқылардың екі жақтан да өткір ауырсынатындығы көңіл аудартады, жатыр қалыпты көлемде, сұйықтықтар жоқ. Науқаста болуы мүмкін:©

+Жатырдың қосалқыларының жедел қабынуы©

Аналық без аяқтарының айналуы ісігі©

Аналық без апоплексиясы, ауыру формасы ©

Гонореялы этиологиялы қосалқылардың жедел қабынуы©

Жедел ішек түйілуі

***

УДЗ белгілері: жатыр қуысының ұлғаюы және кеңеюі, әртүрлі эхогенді түзілістердің болуы, миометрийдің біркелкі еместігі. Сазанов –Бартельс жіктеуі бойынша қай этапқа жатады:©

+Бірінші этап©

Екінші этап©

Үшінші этап©

Төртінші этап©

Бесінші этап

***

Босанудан кейін 5 тәулікте әлсіздік, сол жақ сирақ аймағындағы сәл ауырсыну, қалтырау пайда болды, дене температурасы 38 градусқа көтерілген, пульс 92 рет минутына. Жатыр түбі кіндік пен қасаға ортасында. Жатыр ауырсынусыз. Лохиялар серозды-қанды, мөлшерлі, иіссіз. Екі жақ табанының және сирақтың веналарының айқын кеңеюі бар. Сол жақ сирақтың ішкі беткейінде үлкен тері асты венасы бойымен терінің қызаруы бар. Сазанов –Бартельс жіктеуі бойынша қай этапқа жатады:©

Бірінші этап©

+Екінші этап©

Үшінші этап©

Төртінші этап©

Бесінші этап

***

Жедел жәрдем бригадасымен қабылдау бөліміне 30 жастағы әйел жеткізілді, жүктілік 8-ші, мерзімі 26 апта. Бір сағат бұрын үйінде іштің төменгі аймағында кенеттен 2-3 минутқа созылатын ауырсыну пайда болған, сосын басылған. Одан кейін ұсақ қоңыр түсті ұйылмалы қанды бөліністер анықталған. Сіздің болжамыңыз:©

қауіпті кеш түсік©

жатырдың жыртылуына қауіп©

жатырдың тығыздалуы©

+қалыпты орналасқан бала жолдасының мерзімінен бұрын сыдырылуы©

жатырдың жыртылуы

***

Алғаш босанушы, 22 жаста, 4 сағат бойы босануда. Мерзімі жеткен жүктілік, жамбас өлшемдері 25-28-31-21см. Нәресте басымен жатыр, кіші жамбастың кіреберісіне қондырылған. Нәрестенің жүрек соғысы минутына 120 рет, анық, ритмді. Толғақтары 5-6 минут сайын, 40 секундтан, күші орташа. PV: жатыр мойны жайылған, ашылуы 3см. Қағанақ суы кетпеген. Жебе тәрізді жігі сол жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек оң жақ алдында. Диагноз?©

Мерзімі жеткен жүктілік. Нәрестенің ұзынша орналасуы, I позиция, алдыңғы түрі, басымен жатуы. Босанудың I кезеңінің латентті фаза©

+Мерзімі жеткен жүктілік. Нәрестенің ұзынша орналасуы. Басымен жатуы, II позиция, алдыңғы түрі. Босанудың I кезеңі, активті фаза.©

Мерзімі жеткен жүктілік, босанудың I кезеңі, активті фаза. Нәрестенің ұзынша орналасуы, басымен жатуы, II позиция, алдыңғы түрі. Нәрестенің құрсақішілік гипоксиясы©

Мерзімі жеткен жүктілік. Босанудың I кезеңінің әлсіздігі. Нәрестенің ұзынша орналасуы басымен жатуы, II позиция, алдыңғы түрі©

Мерзімі жеткен жүктілік. Нәрестенің ұзынша орналасуы. Басымен жатуы. 1 позиция, артқы түрі. Босанудың I кезеңі, активті фаза

***

Босанудың екінші кезеңінде қынаптық зерттеу жүргізгенде дәрігер шап байламының төменгі жартысы, 3 сегізкөз омыртқалары, отырықшы сүйектер қырлары бос болғанын анықтады. Ұрықтың басы қайда орналасқан:©

Кіші жамбас үлкен кіреберісіне қондырылған©

+үлкен сегментпен кіші жамбас кіреберісінде©

кіші сегментпен кіші жамбас кіреберісінде©

кішіжамбасқуысында©

жамбастүбінде

***

Науқас , 51 жаста, жиі зәр шығаруына байланысты уролог дәрігеріне қаралды.Анамнезінде: Етеккірі 13 жастан, регулярлы, сонғы 1 жылда етеккірі 7-10 күнге ұлғайған,көптеп келеді. Жыныстық қатынас 20 жастан. Жүктілік-2, босану-1, өздігінен түсік-1.

Қарау барысында : жағдайы қанағаттанарлық, терісі және шырыш қалыпты жағдайда, АД 120/80 мм рт ст,іш аймағы пальпация кезінде жұмсақ, ауырсынусыз.Қасағада 2 см тығыз түйін анықталады.Зәр шығару жиі,ашынусыз.Жиі іш қату 2-3 күнде.

А.Қ:Қынаптың жатыр мойны бөлігі ескі тігіспен деформирленген, цервикальды каналдың шырышты кабаты теріс айналған. Бөлінді шырышты қалыпты..

Вагинальды: Жатыр 14 аптаға дейін ұлғайған,алдынғы қабырғасында 8 см түйін анықталады, аналық без қосалқылары екі жақты өзгеріссіз.Жинағына терең , бос.Диагноз: ©

Сол жақ аналық без кистомасы. Созылмалы пиелонефрит, өршуі ©

+жатыр миомасы , көрші ағзалар қызметінің бұзылысы©

Аналық без дермоидты кистасы, көрші ағзалар қызметінің бұзылысы©

Тубоовариальды көрініс. Созылмалы пиелонефрит, өршуі ©

Жатыр миомасы. созылмалы цистит, өршуі

***

Науқас П., 29 жаста әйелдер кеңесіне басының ауруына, ыстықтау, жүрек соғысына, қан қысымы жоғарлауына, жылаушылыққа шағымданып қаралды. Анамнезінде 8 ай бұрын екі жақты киста болуына байланысты екі жақты аналық безі алынып тасталған. Қарау барысында: тәбеттінің жоғарлауы. АД - 140/80, 150/90 (мм.рт.ст). Гинекологиялық тексеру: қынаптың құрғауы, жатыр көлемінің біршама кішіреюы, қосалқылар анықталмайды.

Осы аурудың емін анықта©

Жалпы шынықтыру терапиясы©

Гипотензивті терапиясы©

+Гормонотерапиясы©

Седативтітерапиясы©

Фитотерапия

***

Интоксикация, жатыр субинволюциясы, лохия сипаты босанудан кейінгі күнге сәйкес емес симптомокомплексі тән:©

+Босанудан кейінгі эндометрита©

Босанудан кейінгі параметрита©

Босанудан кейінгі эндомиометрит©

Пельвиопеpитонит©

Сепсис

***

Босанудан кейін 5 тәулікте жатыр айқын контурлы, ауырсынбайды, түбі кіндіктен 2см төмен. Лохиялар іріңді, жағымсыз иіспен. Шағымдары жоқ, интоксикация симптомы жоқ, жағдайы қанағаттанарлық. Дұрыс диагнозды таңдаңыз:©

Жедел эндометрит©

+Эндометриттің айқын емес түрі©

Эндометриттің абортивті түрі©

Метротромбофлебит©

Эндомиометрит

***

Алғаш жүкті А., 30 жаста, тұрақты босану әрекетінің біріншілік әлсіздігіне байланысты кесір тілігі операциясы жасалды. Сусыз кезең 18 сағат 10 минутты құрады. Интраоперациялық қан кету 800 мл. Антибактериальды (пенициллин, канамицин) терапия тағайындалды. Операциядан кейін 4 тәулікте дене температурасының 38,6 градусқа дейін көтерілуі анықталды. Тәулік бойы жағдайы ауырлады. Пальпация кезінде іші төменгі бөлімде қатайған, керілген, ауырсынады, іш астар тітіркену симптомы оң. Іштей тексергенде: жатыр жүктіліктің 12 аптасына дейін ұлғайған, жұмсақ, ауырсынады. Бөліністер көп, іріңді. Сіздің диагнозыңыз:©

Операциядан кейін 5 тәулік. Эндометрит©

Операциядан кейін 5 тәулік. Параметрит©

+Операциядан кейін 5 тәулік. Перитонит©

Операциядан кейін 5 тәулік. Бактериалды шок©

Операциядан кейін 5 тәулік. Жедел аппендицит

***

Екіншілік жыныстық белгілері жақсы дамыған 16 жасар қыз гинекологқа біріншілік етеккірінің болмауына байланысты қаралған.

Диагнозы:©

аменореяның орталық түрі©

аменореяның аналық бездік түрі©

аменореяның гонадтан тыс түрі©

+аменореяның жатырлық түрі©

менструальдық қанның шығуының бұзылуымен байланысты жалған аменорея

***

Жатыр миомасының интралигаментарлы локализациясы тән клиникалық симптомы:©

Іш қату, толғақ тәрізді ауырсыну©

Менометроррагия©

+зәрдің киын бөлінуі, созылмалы зәрдің кідіруі©

Ерте анемизация©

Метроррагия, бір қалыпты ауырсыну

***

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]