- •Жүкті әйелден анамнез жинау
- •Гинекологиялық науқастан анамнез жинау
- •Жүктілік мерзімін және босану күнін анықтау
- •Сыртқы акушерлік зерттеу
- •Жамбастың сыртқы өлшеуі
- •Қынаптық зерттеу
- •Босану жолдарын айнада қарау
- •Апгар шкаласы бойынша жаңа туған баланың жағдайын бағалау
- •Сыртқы жыныс мүшелерін қарау
- •Жатыр мойнын және қынапты айнада қарау
- •Бала жолдасының бүтіндігін анықтау
- •Қынаптық-іштен басу арқылы тексеру
- •Бактериологиялық зерттеуге материал алу
- •Микроскопияға жағынды алу
- •Онкоцитологияға жағынды алу
Бала жолдасының бүтіндігін анықтау
1 |
Қолды жуып, бірақ рет пайдаланатын перчатканы кию. |
2 |
Бала жолдасын аналық бетін сыртқа қаратып тегіс табаға салғаннан кейін, өлшейді. |
3 |
Қоюланған қанды алып тастап отырып плацентарлы тіннің бүтіндігін мұқият қарайды. |
4 |
Плацентаның барлық бөлшектерінің барын бағалайды. Шеттеріне, плацентаның түсіне, бөлшектер арасындағы жүлгелердің айқындығына назар аудару. |
5 |
Бала жолдасын ұрық бетін сыртқа қаратып аудару. Бір қолымен кіндікті алып тұрғанда плацента және ұрық қабықтары төмен салбырап тұрсын. |
6 |
Екінші қолды ұрық қабықтарының ішіне кіргізіп, саусақтарды таратып, ұрық қабықтарының бүтіндігіне көз жеткізу. |
7 |
Қабықтарының жыртылған орындарын айқындау. Плацентадан бөлінген қабықтарындағы жыртылған тамырлардың барын жоққа шығару |
8 |
Плацентаға кіндіктің дұрыс жабысып тұрғанына көз жеткізіп, 2 артерияның және кіндіктегі 1 венасының барын қарап тексеру. |
9 |
Бала жолдасының бүтіндігі туралы деректерінен тұжырым жасау. Бала жолдасын қарап шыққан соң оны өлшеп, мөлшері және салмағы туралы деректерді босану тарихына тіркеу. |
10 |
Перчатканы шешіп, оны утилизациялау үшін контейнерге тастағаннан кейін, қолды жуады. |
Сыртқы жыныс мүшелерін қарау
1. |
Пацинтке жүргізілетін тексеруді түсіндіріңіз. . |
2. |
Пациентканы гинекологиялық креслаға жатқызу. |
3. |
Қолды жуып, залалсыздандырылған перчатканы кию. |
4. |
Сыртқы жыныс мүшелерін қарап, шаштануының түрін және деңгейін бағалау. |
5. |
Шап аралығының жағдайын, үлкен жіне кіші ерінідерінің дамуын, жыныс саңлауының жағдайын (жабық, ашық) қарау. |
6. |
Жыныс еріндерін сол қолдың І жәнеІІ саусақтарымен ашып, қынап кіреберісінің шырыштысын, уретраның сыртқы саңылауын қарау. |
7. |
Қыздық плеваның жағдайын бағалау. |
8. |
Үлкен вестибулярлы бездерін зерттеу: оң қолдың үлкен және сұқ саусақтармен төменгі үлкен жыныс еріндерінің үшісін екі жақтан сипалап шығу. |
9. |
Перчатканы шешіп, оны утилизациялау үшін контейнерге тастағаннан кейін, қолды жуады. |
10. |
Алынған деректерден тұжырым жасау. |
Жатыр мойнын және қынапты айнада қарау
1. |
Пацинтке жүргізілетін тексеруді түсіндіріңіз. . |
2. |
Пациентканы гинекологиялық креслаға жатқызу. |
3. |
Қолды жуып, залалсыздандырылған перчатканы кию. |
4. |
Сол қолдың І және ІІ саусақтармен жыныс еріндерін ашу. Оң қолымен қасықтәрізді айнаны кіші жамбас кіреберісінің тік өлшеміне кіргізіп, бірте-бірте көлденеңді өлшемге бұрып, шат аралығына басады. |
5. |
Қынаптың алдыңғы қабырғасын көтере отырып, айнаға параллдіғіп көтергішті енгізеді. Жатыр мойнының қынаптық бөлігін жалаңаштау. |
6. |
Жатыр мойнын қарағанда шырыштының түсін, сыртқы араның жағдайын, патологиялық өзгерістерін (қабыну, эрозиясы, полип, жыртылулар және т.б.) бағалау. |
7. |
Қынап қабырғаларын қарап тексеру, біртіндеп қынаптан алдымен көтергішті содан кейін қасықтәрізді айнаны шығару. |
8. |
Қынаптық бөліндісінің түрін бағалау. |
9. |
Алынған деректерден тұжырым жасау. |
10. |
Перчатканы шешіп, оны утилизациялау үшін контейнерге тастағаннан кейін, қолды жуады. |
