Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tmim.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Механизмдердің негізгі түрлері.

Механизмдер әртүрлі белгілеріне қарай классификацияланады. Механизмдер жоғарғы және төменгі жұпты механизмдерге бөлініп, олар жазық және кеңістік бола алады.

Қозғалыстағы барлық нүктелері параллель жазықтықтарда қозғалатын механизм жазық механизм деп аталады, ал егер звеноларының қозғалыстағы нүктелері жазық емес траекторияларды сызса немесе траекториялары қиылысатын жазықтықтарда жатса, ондай механизмкеңістік механизм деп аталады. Төменгі жұпты механизмдердің ең көп тараған түрі – иінтіректі, сыналы және бұрамалы, ал жоғарғы жұптылар – жұдырықшалы, тісті, фрикционды және т.б.

2.1.1 Төменгі жұпты механизмдерден ең көп тарағаны төрт звенолы топсалы механизм(1-сур.). Бұл механизмде төрт звено бар (үш қозғалмалы - 1, 2, 3 және бір қозғалмайтын звено– 0-тіреуіш.). Қозғалмайтын осьтің айналасында толық айналым жасайтын звено айналшақ деп аталады (1- звено), Қозғалмайтын осьтің айналасында қайтымды айналмалы қозғалыс жасайтын звено күйенте деп аталады (3-звено). Тек қозғалатын звенолармен кинематикалық жұп құрайтын звеноны бұлғақ деп атаймыз (2-звено). Төрт звенолы топсалы механизм айналмалы қозғалыстың бір түрін екінші түріне түрлендіреді. Олар престерде және соғу (ковочные) машиналарында, теңселмелі конвейерлерде, жабдықтарда, т.б. қолданылады.

Айналшақтың бар-жоқтығына байланысты төртзвенолы топсалымеханизм үш түрге бөлінеді: айналшақты-күйентелі, қос айналшақты, қос күйентелі.

2.1.2 Айналшақты-сырғақты механизм (2-сур.) ең көп таралған механизмдердің бірі. Мұнда 1 – айналшақ, 2 – бұлғақ, 3 – сырғақ. Қозғалмайтын бағыттауышқа қатысты қайтымды-ілгерілемелі қозғалыс жасайтын звеноны сырғақ деп атаймыз.Айналшақты-сырғақты механизм кірер звеноның (айналшақ) үзіліссіз айналмалы қозғалысын шығар звеноның (сырғақ) қайтымды-ілгерілемелі қозғалысына түрлендіреді.Ол поршеньді машиналарда, соғу машиналарында және престерде негізгі механизм болып табылады (іштен жану қозғалтқышы, компрессорлар, сорғыштар).

2.1.3Кулисалы механизмдерсүргілеу және қашауыш станоктарында, поршеньді сорғыштарда және компрессорларда, гидроөткізгіштерде, т.б. қолданылады. 2-звено кулисаның тасы. Бойымен кулистік тас (2-эвено) орын ауыстыратын ойық звеноны кулиса(3-звено) деп атаймыз. Кулисаның қозғалысы тербелмелі, айналмалы, ілгерілемелі және күрделі болуы мүмкін. Кулиса бағыттаушы болып табылады.

2.1.4 Жұдырықшалы механизмдер. Жұдырықшалы механизмдер әртүрлі машиналар, станоктар мен жабдықтарда, әсіресе автомат-машиналарда(іштен

жану қозғалтқыштарында, бу машиналарында, т

б)

а)

урбина-ларда,тоқыма және п олиграфия машиналарында, кәмпит ораушы автоматтарда және т.б.) қолданылады. 1-звено– жұдырықша,2-звено– итергіш.Жұдырықшаның беті айнымалы (4а,б -сур.), ол итергішпенжанасып жоғарғы жұп құрайды. Жоғарғы жұптың тұйықталуы күштік (4а-сур.) немесе геометриялық (4б-сур.) жолмен қамтамасыз етіледі.

2.1.5 Тісті механизмдер. Тісті механизмдер машиналар мен жабдықтарда кеңінен қолданылады.

Тісті механизмдердің ең қарапайым түрі үш звенолы механизм. Бұл механизм екі тісті дөңгелектен тұрады. Бір дөңгелек екінші дөңгелекпен тістері арқылы ілінісіп, айналмалы қозғалысты береді. Тісті механизмдерде іліністер сыртқы (5а-сур.), ішкі (5б-сур.) және рейкалық болып бөлінеді.

Тісті берілістерде дөңгелектерінің осьтері параллель (5-сур.), қиылысып және айқасып орналасады.

2.1.6 Төменгі жұпты кеңістік механизмдер. 6 – суретте универсалды Гук топсасы немесе карданды берілістің кинематикалық схемасы көрсетілген. Ол осьтері қиылыспалы біліктерде айналмалы қозғалысты беру үшін қолданылады. Карданды берілістер автомобильдерде, станоктарда, жабдықтарда кеңінен тараған.

7-суретте өндірістік роботтың бір түрінің негізгі иінтіректі механизмінің кинематикалық схемасы көрсетілген. Бұл ABCDEF ашық кинематикалық тізбегінен тұратын механизм (1 –ші және 5-звенолар – қозғалмалы, 6- тірек, F – ұстайтын орган). Қазіргі кезде өндірістік роботтар әртүрлі технологиялық және қосымша операцияларды (құрастыру, балқытыпбіріктіру, бояу, тиеу және т.б.) жасау үшін көп қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]