Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
архитектура сра.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
85 Кб
Скачать
☆
  1. Ақпараттық жүйедегі мәліметтер қоры.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер (АЖ) деп техникалық құралдарды, атап айтқанда ЭЕМ қолданатын жүйелерді атайды. Мәліметтер қорымен жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерді программалық қамту төмендегілерден:

  • жалпыға арналған программалық қамту;

  • қолданбалы программалық қамту;

  • мәліметтер қорын жобалауды автоматтандыру құралдарынан құралады.

Мәліметтер қорын ақпараттық жүйелерде қолданудың үлкен артықшылығы – мәліметтер қоры мәліметтердің клиенттік бағдарламалардан тәуелсіздігін қамтамасыз етеді, пайдаланушылар мәліметтерді тасымалдағыштарда физикалық орналастыру мен оларға қол жеткізу мүмкіндігін ұйымдастыру мәселесінен құтылады. Мәліметтер банкі АЖ-ның бір түрі болып табылады, мұнда бір немесе бірнеше мәліметтер қорына ұйымдастырылған ақпаратты орталықтандырылған түрде сақтау мен жинаудың қызметтері жүзеге асырылған. Мәліметтер қоры (МБ) есептеу жүйесінің жадында сақталатын және объектілер мен қарастырылып отырған пәндік салада олардың өзара байланысының жағдайын бейнелейтін, арнайы түрде ұйымдастырылған мәліметтердің жиынтығы болып табылады. Қорда сақталатын мәліметтердің логикалық құрылымы мәліметтерді кейіптеудің моделі деп аталады. Мәліметтерді кейіптеудің негізгі модельдеріне (мәліметтер моделіне) келесілер жатады: иерархиялық, желілік, реляциялық, постреляциялық, көпөлшемді және объектілі-бағытталған.

  1. CASE-технология

70-80 жылдардан бері қолданылып келе жатқан әзірленген жүйені және қабылданып жатқан техникалық шешімдерді сипаттаудың ресмиленген әдістері уақыт өткен сайын көп еңбекті қажет етеді.

Соның нәтижесінде CASE-технологиясын жүзеге асыратын CASE-құралдары деп аталатын программалық-технологиялық құралдар пайда болды. CASE (Computer Aided Software Engineering) терминін компьютердің көмегімен программалық қамтуды жасау деп аударуға болады.

CASE-құралдары дегеніміз – бұл ақпараттың жүйелерді құрастыру және оларға ілесе жүру үдерістерін қолдайтын программалық құралдар, оларға келесілер жатады: талаптарды талдаудан өткізу және тұжырымдау, мәліметтер қоры мен қосымшаларды жобалау, кодты генерациялау, тестілеу, сапаны қамтамасыз ету, конфигурацияны басқару және т.б. CASE-құралдарын келесі негізгі түрлерін атап көрсетуге болады:

  • пәндік саланы құрастыру мен талдауға арналған талдау құралдары. Оларға Design/IDEF, Bpwin жатады;

  • жобалық арналымдарды құруды қамтамасыз ететін талдау мен жобалау құралдары, мысалы, Vantage Team Builder, Silverrun, PRO-IV;

  • мәліметтер қорын модельдеп, сұлбаларды жасауға мүмкіндік беретін мәліметтер қорын жобалау құралдары. Оларға Erwin, S-designot, DataBase Designer жатады;

  • қосымшаларды жасау құралдары, мысалы, Uniface, JAM, PowerBuilder, Developer/2000, New Ero, SQL Windows.

Кейбір CASE-құралдары нақты бір CASE-тің құрамына кірмейтін автономдық жүйелер түрінде жеткізіледі. Мұндай тәуелсіз CASE-жүйелердің қатарына S-Designer, Erwin, Silverrun жатады. МҚБЖ ішіне орнатылған CASE-құралы – Oracle құрамына кіретін Designer/2000 болып табылады. CASE-технологиясы дегеніміз – бұл сонымен қатар тақырыптық саланы үлгілеуге, оның үлгісін ақпараттық жүйені әзірлеу мен оған ілесе жүрудің барлық кезеңдерінде талдаудан өткізіп отыруға және пайдаланушыларға арнап қосымшаны жасауға мүмкіндік беретін саймандық құралдар.