- •Ақпараттық жүйелердің архитектурасы.
- •Ақпараттық жүйедегі мәліметтер қоры.
- •Файл-сервері бар аж құрылымы
- •Клиент-сервер архитектурасының модельдері.
- •Sql тілінің элементтері.
- •Dbs моделі
- •Үшбуынды модель
- •Желілік модель.
- •Мәліметтер қорының моделдері.
- •Постреляциялық модель.
- •Көпөлшемді модель.
- •Нысанды-бағытталған модель
- •Дқбж-дағы транзакция механизмі
- •Дқбж тілдік құралдары.
- •Sql тілінің операторлары. Group by, having, order by, where сөйлемі
- •Кестелер шебері режимінде кесте құру
- •Сұраныстар құру
- •Конструктор режимінде сұраныстар жасау
- •Қарапайым сұраныстар жасау
- •Айқасқан сұраныстар құру
- •Қайталанатын жазбалар режимінде жұмыс істеу
- •Форма жасау
- •Басқару элементтерімен жұмыс жасау және макрос құру
- •Басылымдар (отчет) жасау
- •Бағынышты емес жазбалар режимінде жұмыс істеу
Sql тілінің элементтері.
SQL (structured query language – «құрылымдық сұраныс тілі» ) – формалдық бағдарламалық тіл, бірақ процедуралық бағдарламалауға жатпайды. Реляционнық деректер қорында мәліметтерді құруға, өзгертуге және оларды басқаруға арналған. Арнайы деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ) арқылы басқарылады. SQL тілінің функциялары:
Статистикалық функциялар:
• AVG() – орташа мән;
• MAX() – ең үлкен мән;
• MIN() – ең кіші мән;
• SUM() – қосынды;
• COUNT() – мәндердің саны;
• COUNT(*) – нөлдік емес мәндердің саны;
Жолдармен жұмыс істеуге арналған функциялар:
• UPPER(Str) – Str символдық жолды жоғарғы регистрге айыстыру;
• LOWER(Str) – Str символдық жолды төменгі регистрге айыстыру;
• TRIM(Str) – Str жолының бастапқы және соңғы бос орындарын өшіру;
• SUBSTR (Str FROM TO) – Str жолынан, өзі символдардан тұратын, n1 жолынан бастап, n2 жолымен аяқталатын ішкі жолды бөліп алу;
• CAST(<Expression> AS <Type>) – Expression өрнегін Type типіне келтіру;
Дата және уақытпен жұмыс істейтін функция:
• EXTRACT(<Элемент> FROM <Өрнек>) – дата және уақыт мәндерінен тұратын өрнектен, сәйкес көрсетілген элементтен мәндер алу, дата және уақыт элементі ретінде YEAR, MONTH. MINUTE және SECOND элементтерін көрсетуге болады.
Кестелермен келесі амалдарды орындауға болады: жаңа кесте құру;
• кестені өшіру; кесте өрістерінің құрамын өзгерту;
Бұл әрекеттер SQL тілінің инструкцияларының көмегімен орындалады.
Кестені құру және өшіру.
Кестені құру үшін CREATE TABLE инструкциясы қолданылады:
CREATE TABLE <Кесте аты>
(<Өріс аты> <мәлімет типі>
. . .
<Өріс аты> <мәлімет типі>); SQL операторлары келесі түрлерге бөлінеді:
Мәліметті анықтайтын операторлар (Data Definition Language, DDL):
CREATE ДҚ объектін құрады (дерек қорының өзін, кестелерді, елестеулер, пайдаланушылар және т.б.);
ALTER объектті өзгертеді;
DROP объектті жояды.
Мәліметтермен манипуляция жасау операторлары (Data Manipulation Language, DML):
SELECT берілген шарттарды қанағаттандыратын мәліметтерді оқийды;
INSERT жаңа мәліметтерді қосады;
UPDATE бар мәліметтерді өзгертеді;
DELETE мәліметтерді жояды.
RDA-моделі
Мәліметтерге қашықтан қол жеткізу моделінде (Remote Data Access – RDA), ақпаратты ұсыну қызметтері мен қолданбалы өңдеудің логикасын жүзеге асыратын программалар біріктірілген компьютер-клиенте орындалады. Мәліметтерді басқару сервисіне жүгіну ісі операторлардың көмегімен SQL тілінің операторлары арқылы немесе API (Application Programming Interface – қолданбалы программалау интерфейсы) арнайы кітапхананың қызметтерін шақырту арқылы орындалады.
RDA-моделінің негізгі артықшылығы – SQL-интерфейстері бар дайын МҚБЖ-лардың көптеп болуы және клиенттік бөлік программаларының жылдам түрде құрылуын қамтамасыз ететін аспаптық құралдардың болуы. Жасау құралдары көбінесе MS Windows-те пайдаланушының графикалық интерфейсін, ODBC интерфейсінің стандартты мен кодты автоматты түрде генерациялау құралдарын қолдайды. Жасау құралдарының басым көпшілігі төртінші буынның тілдерін пайдаланады.
RDA-моделінің кемшіліктері біріншіден, барлық логика қосымшада шоғырланып, өңдеуден өткізілетін мәліметтер қашықтағы торапта орналасқандықтан мәліметтерді беру жүйесі жоғары дәрежеде жүктемеленгендігі болып табылады. Қосымшалардың жұмыс істеуі кезінде желі арқылы әдетте тұтастай МҚ-лар беріледі.
Екіншіден, RDA моделіне негізделуімен құрылған жүйелер өздерін жасау, өзгерту және ілесе жүру жағынан ыңғайсыз болып келеді. Оның негізгі себебі – алынатын қосымшаларда қолданбалы қызметтер мен ұсыну қызметтері өзара тығыз байланысқан. Сол себептен жүйенің қызметі шамалы ғана өзгергеннің өзінде оның бүкіл қолданбалы бөлігін өзгерту қажет болады, бұл жүйені жасау мен модификациялауды қиындатады.
