- •1.Арнайы психология пәні, міндеті,әдістері:
- •2.Функция жеткіліксіздігі жайындағы психикалық дамудың динамикасы: пдт туралы 5 билетте
- •3.Психикалық дамудың жалпы және жеке заңдылықтары:
- •4.Л.С.Выготскийдің психикалық функцияны компенсациялау теориясы:
- •5.Дизонтогенез:маңызы, механизмі,түрлері, аумағы. В.В.Лебединский бойынша психикалық даму бұзылыстарының түрлері:
- •6.“Кемістік құрылымы” құрылымы түсінігі. Әртүрлі кеместіктер кезіндегі біріншілік және екіншілік бұзылыстар.
- •7.Ақыл ойы кем балалар. Анықтамасы.Баланың интелектуалды даму бұзылыстарының себептері.
- •8.Ақыл – ой кем балалардың психологиялық сипаттамасы:
- •11.Психикалық дамуы тежелуі.Анықтамасы.Себептері.
- •12. Психикалық дамуы тежелген балалардың топтастырылуы.
- •10.Ақыл – ойы кем балалардың өзін – өзі бағалау ерекшелігі:
- •14.Пдт кезіндегі таным әрекеттерінің ерекшеліктері:
- •15.Есту бұзылысының себептері. Есту қабілеті бұзылған балалардың топтастырылуы.
- •16.Естімейтін балалардың сөздік – логикалық ойлауының және сөздік есте сақтауынынң ерекшеліктері:
- •17. Естімейтін балалардың сөйлеу тілінің ерекшелігі.
- •19.Көру кемістігі бар балалардың таным әрекетінің ерекшелігі:
- •20.Көру кемістігі кезіндегі тұлға дамуының ерекшелігі:
- •21.Балалардың церебральді сал ауруы:
- •22.Бцса кезіндегі балалардың психикалық дамуы.
- •23.Көрмейтін естімейтін балалар. Анықтамасы. Себептері.
- •24. Арнайы психологиядағы “ бейімдеу”, “ толықтыру”, “ түзету ” түсініктері.
- •25. Балалардағы кемістіктің даму психодиагностикасы.
- •26.Арнайы білім беретін мекемелердегі психологиялық қызмет.
- •27.Күрделі кемістігі бар балалар және олардың топтастырылуы.
- •28. Күрделі кемістігі бар балаларға білім беру және дамуының психолого – педагогикалық негіздері.
- •29.М.Ш.Б бар отбасы арнайы психологияның объектісі және субъектісі
- •30.Арнайы психологияны іс–тәжірибеде қолданудың басты бағыттары.
- •2. Жалпы және арнайы білім беру: интеграция және дифференцация.
- •3. Арнайы педагогика және гуманисттік білім беру үрдісі. М.Монтессори,р.Штайнер педагогикасы.
- •4.Философия және арнайы педагогика. Арнайы педагогиканың философиялық негіздері
- •5. Арнайы білім берудің әлеуметтік – мәдени негізі.
- •6.Арнайы білім берудің экономикалық негізі
- •7.Арнайы білім берудің құқықтық негізі.
- •8. Арнайы білім берудің клиникалық негізі
- •9.Арнайы білім берудің лингвистикалық және психолингвистикалық негіздері.
- •10. Арнайы білім берудің ұлттық жүйесінің дамуы және құрылуы:эволюцияның бірінші кезеңі.
- •11. Арнайы білім берудің ұлттық жүйесінің дамуы және құрылуы:эволюцияның екінші кезеңі.
- •12.Арнайы білім берудің ұлттық жүйесінің дамуы және құрылуы:эволюцияның үшінші кезеңі.
- •13.Арнайы білім берудің ұлттық жүйесінің дамуы және құрылуы:эволюцияның төртінші кезеңі.
- •14.Арнайы білім берудің ұлттық жүйесінің дамуы және құрылуы:эволюцияның бесінші кезеңі.
- •15. Арнайы білім берудің қажеттілігі және мазмұны.
- •17.Арнайы білім берудің технологиясы және әдістері
- •21. Мүмкіндігі шектеулі балаларға мектепте білім беру
- •24.Ақыл ойы кемістігі бар тұлғаларға білім беру
- •30.Дамуында ауытқуы бар балаларды ерте анықтау жүйесі және ерте кешенді көмек көрсету
- •1.Дыбыстарды бұзып айтатын балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыс
- •2.Дизартрия кезіндегі логопедиялық жұмыс
- •5.Арнайы мектепте тілге оқытудың пәні және міндеті
- •6.Арнайы мектепте оқуға үйретудің әдістемесі
- •7.Арнайы мектепте жазуға үйретудің әдістемесі
- •8.Арнайы мектепте ауызекі сөйлеуін дамыту әдісемесі – 9 билетте
- •9.Арнайы мектепте байланыстырып сөйлеуін дамыту әдістемесі
- •10.Арнайы мектепте балаларды математикаға оқытудың пәні және міндеті
- •15. Арнайы мектепте ұзындық өлшемдерін оқыту әдістемесі
- •17. Арнайы мектепте еңбекке тәрбиелеу
- •18. Арнайы мектепте дене тәрбиесі
- •20. Арнайы мектепте географияны оқыту әдістемесінің пәні және міндеті – 19 билетте
- •21. Арнайы мектепте география сабағын өткізуге мұғалімнің даярлығы
- •22. Арнайы мектепте тарих сабағында картамен жұмыс әдістемесі
- •23 Арнайы мектепте тарихты оқыту әдістемесінің пәні және міндеті.
- •24 Арнайы мектепте тарих сабағында тарихи даталарды оқытуды ұйымдастыру жұмыстары
- •25.Арнайы мектепте география сабағында оқулықпен жұмыс әдістемесі Бұл картиналар балаларга нақты образды елестетулер қалыптасады.
- •26. Арнайы мектепте сөздік оқыту әдісі – білім негізі
- •27. Арнайы мектепте көрнекілік және практикалық оқыту әдістері
3.Психикалық дамудың жалпы және жеке заңдылықтары:
Баланың қалыпты дамуына қажет Г.М. Дульнев пен А.Р. Лурияның тұжырымдаған негізгі 4 шартын бөліп алуға болады.
Бірінші, ең маңызды шарт - «ми мен оның қатпарларының дұрыс, қалыпты қызметі»; түрлі патогендік әсерлердің салдарынан туындаған патологиялық күйлер болса - тітіркендіргіш және тежелгіш процестердің дұрыс қатынасы бұзылады; түскен ақпаратты анализдеу мен синтездеудің күрделі формаларының жүзеге асуы қиындайды; адамның түрлі психикалық қызметтерінің түрлі аспектілеріне жауап беретін ми блоктарының өзара әрекеті бұзылады.
Екінші шарт - «баланың дене бітімінің қалыпты дамуы және сонымен байланысты жұмыс істеу қабілетінің, жүйке процестерінің дұрыс сақталуы».
Үшінші шарт - «баланың сыртқы ортамен дұрыс қарым-қатынасын қамтамасыз ететін сезім мүшелерінің қалыпты сақталуы».
Төртінші шарт – балаға отбасында, балабақшада және мектептебілім берудің жүйелілігі мен реттілігі. Медициналық,психологиялық, әлеуметтік т.б. мекемелердің берген мәліметтеріне сүйенсек,балалардың 70%-і өздерінің түрлі даму этаптарында арнайы психологиялық көмекті қажет етеді.
Л.С. Выготский, көрнекті психолог, дефектолог, әрі адамның психикалық даму теориясының мәдени-тарихи негізін қалаушы бола отырып, мынаны дәлелдейді: «Сау баланың өркениетке кірігіп өсуі, әдетте оның органикалық жетілу процестерімен біріккен тұтастықтықты көрсетеді. Дамудың екеуі де табиғи және мәдени – бір-бірімен сәйкес келеді және тұтасып кетеді. Екі қатардағы өзгерістер те өзара кірігеді, нәтижесінде баланың жеке тұлғасының
әлеуметтік-биологиялық қалыптасуының біртұтас қатарын құрайды.
4.Л.С.Выготскийдің психикалық функцияны компенсациялау теориясы:
Психикалық функцияның компенсациясы –бұл дамымай қалған немесе психикалық функциялардың бұзылуын қалыптастыру. Компенсацияның екі түрі анықталады, 1-ші түрі: ішкі жүйелік компенсация, ол зақымдалған структураның сақталған жүйе элементтерімен іске асырылады. 2-ші түрі: жүйеаралық компенсация. Ол бұрын атқарылмаған басқа структураның жаңа элементтерін іске қолдануы және функцияны жүйелі қайта қалпына келтіру арқылы қалыптасады. Л.С. Выготский жалпы адамдар арасындағы сөйлеудің қажеттілігін қалыптастыру керек, сонда ғана сөйлеу пайда болады деген.
5.Дизонтогенез:маңызы, механизмі,түрлері, аумағы. В.В.Лебединский бойынша психикалық даму бұзылыстарының түрлері:
1927 жылы Швальбе алғаш рет ағза құрылымының құрсақтағы кезіндегі қалыптасу ауытқуларын белгілеу үшін «дизонтогенез» терминін қолданды. Кейінірек бұл терминмен онтогенездегі түрлі бұзылулар, оның ішінде ағзаның морфологиялық жүйелері жетілмеген, өте ерте постнатальды кезеңдегі бұзылулар аталатын болды. Қазіргі кездегі психикалық дизонтогенез түрлерінің кең таралған классификациясы В.В.Лебединский ұсынған дизонтогенез классификациясы, Л.С.Выготский, Г.Е. Сухарева, В.В. Ковалев, Л.Каннер сияқты ғалымдардың зерттеулері негізінде жасалған:
Ретардация(тежелген даму) – барлық психикалық немесе жеке компоненттер дамуының кешігуі немесе тоқтап қалуы;
Жетілу дисфункциясы орталық жүйке жүйесінің морфо-функциональды жасқа сай жетілмеумен және жетілмеген ми құрылымдары мен қызметінің, сыртқы ортадан келетін зиянды факторлармен өзара әрекетімен байланысы;
Зақымданған даму – қандай да бір анализаторлық жүйенің немесе ми құрылымының жеке зақымдануы;
Асинхрония(бұрмаланған даму) – бір қызметтердің ерте жетілуі, келесі бір қызметтердің керісінше кеш жетілу қарқынынан көрінетін, диспропорциональды психикалық даму.
ПДТ балаларды жан-жақты зерттеу 1960 жылы басталды. В.В. Лебединский Психологиялық дамуы тежелген балалардың бәрінде әртүрлі дәрежеде психикалық функциялардың тек тежелуі ғана болатынын анықтады.
Лебединскийдің клиникалық зерттеулері бойынша кездесетін өзгерістер:
1) Констщионалъды немесе гармониялық инфантилизм түрінде қалыптасатын ПДТ-і. Бұл топтағы балалардың негізгі клиникалық белгілері - эмоциялары мен жігерлік қасиеттері дамудың ерте сатысында тоқтап қалған, жас жағынан көп кіші балаларға тән мінез байқалады, еркелеу, қуаныш - реніш, аңқаулық, сенгіштік сияқты психикалық ауытқулар. Керісінше, өз жастарына тән іс - әрекеттерге (оқу, жаттау, ойнау, сапалы іс бітіру, жауапкершілік) ынталары болмайды.
2) Соматогендік ПДТ-і. Бұл топтағы балалардың психикалық дамуының тежелуінің негізгі себептері: баланың іштен туа, немесе жүре келе жүрек, бүйрек, өкпе ауруларымен жиі ауруы, созылмалы аурулардың асқынуы, жүйке ауруларының әсері сияқты соматогенездік зақымданулар балаларда астениялық жағдайларды қалыптастырады. Осыдан барып, балалардың психикалық тонусы төмендеп, оның дамуы тежеледі. Жиі кездесетін клиникалық белгілері: әлсіздік, дәрменсіздік, қорқақтық, өз- өзіне көңілі толмаушылық, жалтақтаушылық. Көптеген балаларда жоғарыда келтірілген кемістіктер отбасындағы тәрбиенің дұрыс болмауынан, баланы қорқытып, жәбірлеп, ұрып-ұрсып, қорқытып өсуіннен болса, ендігі бір жағдайда ата-ананың баланы қорғаштап, оның айтқанын істеп, шамадан тыс еркелетіп, олардың өз бетімен ойланып, шынығуына тиісті жағдай жасалмағандықтан болады..
3) Психогендік ПДТ-і. Бұл топтағы балалардың психикалық дамуының тежелуінің негізгі себебі:баланың жеке тұлғасы дұрыс қалыптаспайды,отбасылық жағдайдың немесе әртүрлі созылмалы жүйке ауруларының салдарынан психикалық күйзеліске ұшырауы. Баланың эмоцияналдық және жігерлік әрекеттері өте төмен. Бала ынжық, өзіне сенімсіз, әр нәрсеге, әр адамға күдікпен қарайды, жалтақтап, сезіктеніп тұрады. Өз бетімен әрекет ету дағдылары қалыптаспайды.
4)Церебралъды - органикалық ПДТ-і. Бүл топтағы балалардың психикалық дамуының тежелуінің басты себебі - жоғарғы жүйке жүйесінің әрекетінің жеңіл түрде зақымдануы, немесе бас миының кейбір бөліктеріндегі өтпелі қабыну процесстері. Сондықтан бір қарағанда психикалық тежелу күрделі, кемақылдылыққа ұқсағанмен, мидағы өзгерістер органикалық сипат алмағандықтан бұл патология дер кезінде анықталса, дұрыс, жан-жақты емдеу - түзету әдістері қолданылса балалар уақыт өте келе өз қатарлы дені сау балалармен бірдей дэрежеге жетеді.
