Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Biokhimia-zhauap_docx-2035100863.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
54 Кб
Скачать
☆

8. Белоктардың қорытылуы және сіңірілуі.

Ауыз қуысында белоктар тек механикалық түрде өңделеді. Асқазанда асқазан сөлінің тұз қышқылының әсерінен тағам белоктары ісініп, ферменттермен әсерлесіп

*кератин

*протамин

*гистондар

*гликопротеидтерден басқа белоктар қорытыла бастайды. Асқазан-ішек жолдарында белоктардың қорытылуы ішектің, ұйқы безінің, асқазан сөлінің протеолитикалық ферменттерінің әсерімен жүреді. Протеолиз асқазанда басталып, жіңішке ішекте аяқталады. Асқазанда белоктар асқазанның шырышты қабатының басты клеткаларында пепсиноген түрінде түзілетін пепсиннің әсерімен қорытылады. Тағам асқазанда ұзақ болмайды. Сондықтан белоктардың қорытылуы негізінен ішек сөлі және ұйқы без ферменттерінің қатысуымен ішек қуысында өтеді. Белоктар Ферменттердің әсерінен әртүрлі аминқышқылына дейін ыдырап сіңіріледі.

9. Белоктардың ішекте шіруі метаболиттердің түзілу және усыздану процессі.

Белоктардың ыдырамаған кейбір бөліктері тоқ ішектегі микрофлора ферменттерінің қатысуымен ары қарай ыдырайды. Бұл процесс белоктардың ішектегі шіруі деп аталады. Көбінесе шіру процесіне күкірті бар амин қышқылдары ұшырайды. Амин қышқылы декарбоксилденуі мысалы орнитиннен путрецин пайда болуы.

CH2-CH2-CH2-CH-COOH CH2-CH2-CH2-CH2

│ │ │ +CO2

NH2 NH2 NH2 NH2

Орнитин Путрецин

Бұл аминдердің улылығы үлкен емес олар қанға сіңіп, зәр арқылы сыртқа шығарылады.

10. Ағзадағы амин қышқылдарының сіңірілуі. Анаболикалық процесстердегі бауырдың ролі.

Асқазан-ішек жолдарында белоктардың қорытылуы ішектің, ұйқы безінің, асқазанның сөлінің протеолитикалық ферменттердің әсерімен жүреді. Протеолиз асқазанда басталып, жіңішке ішекте аяқталады. Асқазанда белоктар асқазанның шырышты қабатының басты клеткаларында пепсиноген түрінде түзілетін пепсиннің әсерімен қорытылады. Аминқышқылдары ішектен порталды венаға, содан соң бауырға түседі де, қан ағынымен басқа мүшелер мен тіндерге жеткізіледі. Әсіресе бауыр мен бүйрек аминқышқылдары көп пайдаланады, ал ми азырақ пайдаланады.

Бауырда:

1.Ішекте түзілген улы өнімдері күкірт эфирі, глюкурон эфирі түрінде усыздандырады.

2.Қан плазмасының белоктары синтезделеді

3.Глютамин және аспарагин қышқылының дезаминденуі

4.Мочевина синтезі

5.Ферменттер синтезі, апопротеин, трансферрин, ферритин синтезі

6.Зәр қышқылы синтезі

7.Дезаминдену

8.Декарбоксилдену

9.Қайта аминдену процестері өтеді

10.Соңғы өнімдері түзіледі

11.Аралық алмасу жүреді

12.Кератин синтезі

11. Белок алмасуындағы бауыр және бүйректің ролі.

Белок құрамында 20 амин қышқылы бар, олардың 12-сі адам (жануар) денесінде тузіледі, ал 8-і сырттан келіп түседі. Адамның күнделікті тамағында белоктың жалпы мөлшері жеткілікті болуға тиіс, мұнымен бірге сондағы құнарлы белок мөлшері 30%-тен кем болмағаны жөн. Ет, сүт, жұмыртқа, балық уылдырығы қүрамындағы белок қүнарлы бола-ды. Аспен бірге асқазанға келіп түскен белоктар ас қорыту жолында протеаза ферменттерінің әсерімен амин қышқылдары мен пептидтер сатысына дейін ыдырайды. Амин қышқылдары, ащы ішектен қанға сіңіп қақпа венасы арқылы бауырға жетеді. Бауыр клеткаларында амин қышқылдарынан, қан белоктары (глобу-лин, альбумин, фибриноген) және өз клеткаларына қажет белоктар түзіледі. Мұнымен катар аздап белок қоры сақталуы мүмкін. Амин қышқылдарының артығы бауырдан қанға өтеді. Әр клетка қаннан езіне керекті амин қышқылдарын таңдап алады да, олардың өзіне ғана тән арнайы белоктар түзеді.

Қан плазмасының белоктары синтезделеді

Глютамин және аспарагин қышқылының дезаминденуі

Мочевина синтезі

Ферменттер синтезі, апопротеин, трансферрин, ферритин синтезі

Зәр қышқылы синтезі

Дезаминдену

Декарбоксилдену

Қайта аминдену процестері өтеді

Соңғы өнімдері түзіледі

Аралық алмасу жүреді

Кератин синтделіп қан арқылы бүйрекке барып фильтация процесінен өтіп зәр арылы сыртқа шығырыады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]